Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты Төрағасының
2006 жылғы 30 мамырдағы
N 105 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН
1. Жергілікті соттардың басшылық лауазымдарына кадрлық резервтер - деректері осы Қағидамен белгіленген тәртіпте тізімге енген Қазақстан Республикасының қызметтегі судьялары.
2. Кадрлық резерв бүкіл республика көлемінде, келесі категориялар:
1) облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары қызметтері;
2) облыстық және оған теңестірілген соттардың алқа (қылмыстық және азаматтық) төрағаларының қызметтері;
3) аудандық соттардың төрағалары қызметтері;
4) мамандандырылған (экономикалық, әкімшілік және т.б.) соттардың төрағалары қызметтері бойынша қалыптастырылады.
3. Судьялардың кадрлық резервте болу мерзімі - 3 жыл. Судья осы мерзім ішінде өзі кадрлық резервте тұрған басшылық лауазымға тағайындалуы мүмкін.
Қажетті жағдайда жергілікті соттың басшылық лауазымына ұсыну жергілікті соттардың басшылық лауазымдарына кадрлық резервте тұрған кандидаттардан тыс жүзеге асырылуы мүмкін.
4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жергілікті соттардың басшылық лауазымдарына кадрлық резервтер құру жөніндегі Комиссиясы кадрлық резервте тұратын кандидаттарға керекті құжаттардың тізімін, кандидаттарға қойылатын талаптарды бекітеді.
5. Кадрлық резервте тұратын судьяның деректері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жергілікті соттардың басшылық лауазымына кадрлық резервтер құру жөніндегі Комиссиясы бекіткен жүйелендірілген тізімге тиісті тіркеу қағазы толтырыла отырып кіргізіледі.
6. Кадрлық резервте тұрған мерзім ішінде кандидаттар оқуға, тағлымдамадан өтуге және кәсіби білігін арттыруға жіберілуі мүмкін.
2. Жергілікті соттардың басшылық лауазымдарына кадрлық
резерв құру жөніндегі Комиссияның құрылуы және оның жұмысы
7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жергілікті соттардың басшылық лауазымдарына кадрлық резервтер құру жөніндегі Комиссиясы (бұдан әрі - Жоғарғы Соттың кадрларды іріктеу Комиссиясы) Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен құрылады, ол төраға және мүшелерден тұрады және консультативтік-кеңесу органы болып табылады.
Осыған ұқсас комиссиялар облыстық және оған теңестірілген соттарда да (бұдан әрі - Облыстық Комиссиялар) сот төрағасының өкімімен құрылады, ол төраға және мүшелерден тұрады.
8. Жоғарғы Соттың кадрларды іріктеу Комиссиясы:
1) Облыстық Комиссиялардан және Жоғарғы Сот жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі Комитеттен қажетті материалдарды сұратып алдырады;
2) Комиссияның отырыстарында жергілікті соттардың және Жоғарғы Сот жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі Комитеттің өкілін Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тыңдайды;
3) тұрақты түрде Облыстық Комиссиялардың кадрлық резерв бойынша жұмыстарын талдап, зерделеп, Жоғарғы Сот Төрағасының атына тиісті ұсыныстар енгізеді;
4) кадрлық резервке енгізілген судьялардың тізімін жыл сайын қайта қарайды, оларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
5) Облыстық Комиссиялар ұсынған кандидаттарды қосымша тексеруге, сондай-ақ әңгіме өткізуге құқылы.
9. Жоғарғы Соттың кадрларды іріктеу Комиссиясының жұмысшы органы болып Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Аппаратының Кадрлар және мемлекеттік қызмет бөлімі саналады.
10. Жоғарғы Соттың кадрларды іріктеу Комиссиясының отырысы оның бекітілген жоспарына сәйкес, алайда кемінде жарты жыл сайын, өткізілуі тиіс. Жоспардан тыс отырыстар, Комиссия төрағасының шешімімен қажеттілігіне қарай өткізіледі. Комиссия отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан кезде заңды күші бар деп есептеледі.
11. Жоғарғы Соттың кадрларды іріктеу Комиссиясының төрағасы:
1) Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) Комиссияның жоспарын бекітеді;
3) Комиссия шешімдерінің орындалу барысын бақылайды;
4) Жоғарғы Сот Төрағасының атына Комиссияның жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
12. Жоғарғы Соттың кадрларды іріктеу Комиссиясының төрағасы болмаған кезде, төраға қызметін оның тапсыруы бойынша Комиссия мүшелерінің бірі атқарады.
13. Жоғарғы Соттың кадрларды іріктеу Комиссиясының мүшелері жұмыс жоспарын бекітуге, отырыстардың күн тәртібін және кадрлық резервке енгізу үшін қосымша кандидатураларды ұсынуға құқылы.
14. Жоғарғы Соттың кадрларды іріктеу Комиссиясының жұмысшы органы оның қарауына қажетті құжаттар мен материалдарды ұсынады және оның жұмыс жоспарының жобаларын дайындайды, отырыстың күн тәртібін, отырыстың хаттамаларын жүргізуді қамтамасыз етеді.
15. Жоғарғы Соттың кадрларды іріктеу Комиссиясының шешімі ашық дауыспен қабылданады және Комиссия мүшелерінің басым көпшілігінің даусы берілсе, қабылданды деп есептеледі. Шешім Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Дауыс теңдей бөлінген кезде төрағаның даусы шешуші дауыс болады.
16. Комиссия мүшелерінің дауыс беру кезінде қалыс қалуға құқығы жоқ. Қабылданған шешіммен келіспейтін жағдайда комиссия мүшесі ерекше пікір білдіруге құқылы.
17. Комиссия мүшесі ол жөнінде шешім қабылданатын адамның күйеуі (әйелі), жақын туысы немесе туысқаны болса, мәселені қарауға қатысуға құқылы емес.
18. Жоғарғы Соттың кадрларды іріктеу Комиссиясының шешімдері хаттамамен ресімделіп, отырыс өткеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде Комиссия төрағасы мен отырысқа қатысқан мүшелері қол қояды. Комиссияның шешімінде осы ереженің 2-тармағына сәйкес, кандидаттың қандай лауазымға ұсынылғаны көрсетіледі.
3. Комиссияның негізгі міндеттері мен қызметтері
19. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 2-тармағының 2) тармақшасымен көзделген Жоғарғы Сот Төрағасының өкілеттігін жүзеге асыруға көмектесу, сондай-ақ сот жүйесінде кадрлардың мүмкіндігін тиімді пайдалануды арттыруға ықпал ету - Жоғарғы Соттың кадрларды іріктеу Комиссиясының негізгі міндеті болып табылады.
20. Жергілікті соттардың басшылық құрамының ұтымды резервін қалыптастыруға ықпал ету - Жоғарғы Соттың кадрларды іріктеу Комиссиясының - негізгі қызметі болып табылады.
4. Жергілікті соттардың басшылық лауазымдарына
кандидаттарды кадрлық резервке іріктеп енгізу
тәртібі мен шарттары
21. Басшылық лауазымдарға кадрлық резерв қалыптастыру үш кезеңнен тұрады:
бірінші кезең - жергілікті соттардың басшылық лауазымдарына кадрларды іріктеу жөніндегі Облыстық Комиссиялардың кандидаттарды іріктеуі және тексеруі;
екінші кезең - Облыстық Комиссиялар ұсынған кандидатураларды облыстық соттың жалпы отырысында талқылау;
үшінші кезең - Жоғарғы Соттың кадрларды іріктеу Комиссиясының Облыстық Комиссиялар ұсынған судьялардың кандидатураларын қарап, жергілікті соттардың басшылық лауазымдарының кадрлық резервіне енген судьялардың тізімін бекіту.
22. Республиканың төмендегі талаптарға сәйкес келетін әр судьясы кадрлық резервке енуге құқылы:
сот жұмысындағы өтілі үш жылдан кем болмаса және квалификациялық талаптарға сай келсе;
алған тәртіптік жауапкершілігі болмаса;
қызметін мінсіз атқарса.
23. Кадрлық резервті қалыптастыру мақсатында Облыстық кадрларды іріктеу Комиссиясының төрағасы жыл сайын тиісті облыстық соттардың төрағаларына кадрлық резервтің тізімін қалыптастыру, жергілікті соттардың басшылық лауазымдарына кадрлық резервке енуге тілек білдірген және тиісті талаптарға сай келетін кандидаттардың тізімін ұсынудың мерзімдері және нысандары жөнінде хабарлайды.
Осы ретте тиісті облыстың барлық судьялары бір жеті мерзімде кадрлық резервті қалыптастыру жөніндегі хабарламамен танысып, қол қоюлары тиіс.
24. Кадрлық резервке енуге тілек білдірген жергілікті соттардың судьялары хабарламамен танысқан күннен бастап бір жеті мерзімде кандидатураларды іріктеуге қатысу туралы Облыстық Комиссия төрағасына арыз береді, ол кандидатураларды Комиссияның қарауына ұсынады.
25. Облыстық Комиссия кандидаттың арызын он күн ішінде қарап, оның нәтижесі бойынша ұсыныс түріндегі шешім шығарады және материалдарды үш күн ішінде облыстық соттың жалпы отырысына қарауға жібереді.
26. Жоғарғы Соттың кадрларды іріктеу Комиссиясына қажетті құжаттар мен ұсыныстарды жіберу туралы түпкілікті шешім тиісті облыстық соттың жалпы отырысының шешімімен қабылданады.
Қажет болған жағдайда кандидатпен әңгіме жүргізіледі.
27. Ұсынылған кандидатураларды қарау қорытындысы бойынша Жоғарғы Соттың кадрларды іріктеу Комиссиясы жергілікті соттардың басшылық лауазымдарының кадрлық резервіне енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Кадрлық резервке енгізуден бас тартудың себебі туралы кандидатқа дәйекті түрде жауап беріледі.
28. Жоғарғы Соттың кадрларды іріктеу Комиссиясының жұмысшы органы кадрлық резервке енгізу немесе бас тарту жөнінде Облыстық Комиссиялардың төрағалары мен кандидаттарды хабардар етеді.
29. Кадрлық резервке енгізілген судья, Жоғарғы Соттың кадрларды іріктеу Комиссиясының шешімімен мына жағдайларда:
- өзі кадрлық резервте тұрған басшылық қызметке тағайындалса;
- өзін кадрлық резервтен алып тастау туралы арыз берсе;
- осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген мерзімдер өтіп кетсе;
- кадрлық резервке енгізу үшін қойылатын талаптарға судья сай келмей қалған жағдайда;
- судьялық қызметінен босатылса; кадрлық резервтен шығарылады.
Бұл ретте Облыстық Комиссия аталмыш жағдайлар анықталған күннен бастап бір жеті мерзім ішінде Жоғарғы Соттың кадрларды іріктеу Комиссиясына судьяны кадрлық резервтен алып тастау туралы тиісті материалдарды қоса тіркеп хат жолдайды.