1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2007 жылы Қазақстан Республикасының аумағында республикалық және ресми халықаралық жарыстар өткізу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) 2007 жылы Қазақстан Республикасында өткізілетін республикалық және ресми халықаралық жарыстардың тізбесі;
2) 2007 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және ресми халықаралық жарыстарды дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдері спорт түрлері бойынша тиісті федерациялармен келісім бойынша республикалық және ресми халықаралық жарыстарды (бұдан әрі - жарыстар) дайындауды және өткізуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
жарыстардың өткізілу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен
жария етуді қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі республика қалаларында қоғамдық тәртіптің сақталуын, ресми тұлғалар мен жарыстарға қатысушылар тұратын және жарыстар өтетін жерлерде олардың қауіпсіздігін, жарыстарға қатысушы шетелдік азаматтардың қонақ үйлерде тіркелуін қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жарыстарға қатысушыларға медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде жәрдем көрсетсін.
7. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
жарыстарға қатысушылардың темір жол және әуе көлігімен жүруі үшін
орындардың брондалуын қамтамасыз етуде ұйымдастырушы ұсынған жарысқа
қатысушылардың шығу кестесіне сәйкес жәрдем көрсетсін.
8. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан
Республикасы Туризм және спорт министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына жіберілетін жарыстарға қатысушы шетелдік азаматтарға
визалық қолдау көрсетсін және визалар беруді жүргізсін.
9. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 24 сәуірдегі
N 104-ө өкімімен
бекітілген
2007 жылы Қазақстан Республикасында өткізілетін
республикалық және ресми халықаралық жарыстардың тізбесі
Р/с
|
Іс-шаралар-
|
Өткізілу
|
Өткізу
|
Өткізілуі үшін
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Спорттық
|
8-9 маусым |
Астана
|
Қазақстан Республикасы
|
2. |
Қазақстан
|
24 маусым
|
Алматы
|
Қазақстан Республикасы
|
3. |
Қол добынан
|
1-7 шілде |
Алматы
|
Қазақстан Республикасы
|
4. |
Семсерлесу-
|
1-9 шілде |
Алматы
|
Қазақстан Республикасы
|
5. |
Триатлоннан
|
12-15 шілде |
Бурабай
|
Қазақстан Республикасы
|
6. |
Қазақ
|
13-15 шілде |
Сәтпаев
|
Қазақстан Республикасы
|
7. |
Қазақстан
|
21-24 шілде |
Талдықор-
|
Қазақстан Республикасы
|
8. |
Қол добынан
|
25-31 тамыз
|
Алматы
|
Қазақстан Республикасы
|
9. |
Волейболдан
|
23-31 тамыз |
Астана
|
Қазақстан Республикасы
|
10 |
Самбодан
|
7-9
|
Астана
|
Қазақстан Республикасы
|
11 |
Гольфтен
|
20-23
|
Алматы
|
Қазақстан Республикасы
|
12 |
Керлингтен
|
қазан |
Алматы
|
Қазақстан Республикасы
|
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 24 сәуірдегі
N 104-ө өкімімен
бекітілген
2007 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және
ресми халықаралық жарыстарды дайындау мен өткізу жөніндегі
ұйымдастыру комитетінің құрамы
Досмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Туризм
Темірхан Мыңайдарұлы және спорт министрі, төраға
Құлназаров - Қазақстан Республикасы Туризм және
Анатолий Қожекенұлы спорт министрлігі Спорт
комитетінің төрағасы, төрағаның
орынбасары
Әбдірахманов - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Қайрат Құдайбергенұлы министрінің орынбасары
Бабақұмаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ержан Жалбақұлы және ақпарат вице-министрі
Қасымов - Қазақстан Республикасының Ішкі
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы істер вице-министрі
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Көлік
Әбілғазы Қалиақпарұлы және коммуникация вице-министрі
Белоног - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Анатолий Александрович сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің төрағасы,
Қазақстан Республикасының Бас
мемлекеттік санитарлық дәрігері
Есенбаев - Ақмола облысының әкімі
Мәжит Төлеубекұлы
Кәрібжанов - Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Жәнібек Сәлімұлы
Кулагин - Қостанай облысының әкімі,
Сергей Витальевич Қазақстан Республикасы Триатлон
федерациясының құрметті президенті
Мамин - Астана қаласының әкімі
Асқар Ұзақбайұлы
Нығматулин - Қарағанды облысының әкімі
Нұрлан Зайроллаұлы
Тасмағамбетов - Алматы қаласының әкімі
Иманғали Нұрғалиұлы
Атамқұлов - "Қазақстан темір жолы" акционерлік
Ерлан Дүмшебайұлы қоғамының президенті
Досымбетов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Тимур Камалұлы олимпиада комитетінің президенті,
Қазақстан Республикасының қазіргі
көпсайыс және биатлон одағының
президенті
Захарин - "Балуан Шолақ атындағы спорт және
Юрий Кузьмич мәдениет сарайы" коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорнының директоры