"Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысын орындау үшін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы инвестициялық
мүмкіндіктерінің тұсаукесері жөніндегі ақпараттық жұмыстың 2007 жылға арналған жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдар:
1) Жоспарға сәйкес тиімді ақпараттық жұмысты;
2) жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне өткізілген іс-шаралардың нәтижелері жөнінде ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жарты жылда бір рет есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылуы туралы жиынтық ақпарат берсін;
4) Жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 15 мамырдағы
N 127-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасы инвестициялық мүмкіндіктерінің
тұсаукесері жөніндегі ақпараттық жұмыстың 2007 жылға
арналған жоспары
Р/с
|
Іс-шара |
Өткізу
|
Өткізу
|
Орындауға
|
Қаржы-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Қазақстан Республикасынан тыс жердегі іс-шаралар |
|||||
1. |
Қазақстандық
|
Лондон
|
Маусым |
СІМ, ИСМ,
|
"Адам
|
2. |
"Қазақстанның
|
Нью-Йорк
|
Маусым |
ИСМ, СІМ,
|
ИСМ |
3. |
Солтүстік
|
Амстердам
|
Екінші
|
ИСМ, СІМ,
|
ИСМ |
Қазақстан Республикасындағы іс-шаралар |
|||||
4. |
"Жолдардың
|
Алматы
|
2007 жылғы
|
ИСМ, СІМ,
|
СІМ |
5. |
Қазақстан-
|
Астана
|
Екінші
|
ИСМ, Астана
|
ИСМ |
6. |
III өңірлік
|
Өскемен
|
Екінші
|
ИСМ, Шығыс
|
Шығыс
|
7. |
"Павлодар
|
Павлодар
|
Екінші
|
ИСМ,
|
Павлодар
|
Ескертпе
:
* Инвестициялық іс-шаралар Мемлекет және Үкімет басшыларының шетелге сапары шеңберінде, ел басшылығының Қазақстан өңірлері бойынша сапары кезінде, сондай-ақ шетел мемлекеттері басшыларының 2007 жылдың ішінде Қазақстанға сапары барысында өткізілуі мүмкін. Көрсетілген іс-шараларды өткізу мерзімі мен орны болжамды болып табылады, қазақстандық тараптың шетелдік ұйымдастырушылармен уағдаластығына байланысты өзгертілуі мүмкін.
Аббревиатуралардың толық жазылуы
:
СІМ
- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
"Қазына ОДҚ" АҚ -»"Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы
"Атамекен" ҚКЖЖО -»"Атамекен" Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы
ҚГКҚ - Қазақстан-герман кәсіпкерлерінің қауымдастығы