Қазақстан Республикасы инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсау кесері жөніндегі ақпараттық жұмыстың 2007 жылға арналған жоспары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 15 мамырдағы N 127-ө Өкімі

      "Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319  қаулысын  орындау үшін:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы инвестициялық
мүмкіндіктерінің тұсаукесері жөніндегі ақпараттық жұмыстың 2007 жылға арналған жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдар:
      1) Жоспарға сәйкес тиімді ақпараттық жұмысты;
      2) жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне өткізілген іс-шаралардың нәтижелері жөнінде ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
      3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жарты жылда бір рет есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылуы туралы жиынтық ақпарат берсін;
      4) Жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

                                           Қазақстан Республикасы
                                            Премьер-Министрінің
                                          2007 жылғы 15 мамырдағы
                                              N 127-ө өкімімен
                                                бекітілген

       Қазақстан Республикасы инвестициялық мүмкіндіктерінің
      тұсаукесері жөніндегі ақпараттық жұмыстың 2007 жылға
                        арналған жоспары

Р/с
N

Іс-шара

Өткізу
орны*

Өткізу
мерзімі

Орындауға
жауапты-
лар

Қаржы-
ландыру
көздері

1

2

3

4

5

6

Қазақстан Республикасынан тыс жердегі іс-шаралар

1.

Қазақстандық
Экономикалық
форум (Каzаkh-
stan Growth
Forum)

Лондон
қаласы,
Ұлыбрита-
ния және
Солтүстік
Ирландия
Құрама
Корольдігі

Маусым

СІМ, ИСМ,
мүдделі
мемлекет-
тік орган-
дар, "Қазы-
на" ОДҚ"
АҚ, "Ата-
мекен"
ҚКЖЖО

"Адам
Смит" кон-
ференция-
сы мен
"ІВС
Global"
компания-
сы

2.

"Қазақстанның
инвестициялық
мүмкіндіктері"
бизнес-форумы

Нью-Йорк
қаласы,
Америка
Құрама
Штаттары

Маусым

ИСМ, СІМ,
мүдделі
мемлекет-
тік орган-
дар, "Қазы-
на" ОДҚ"
АҚ, "Ата-
мекен"
ҚКЖЖО

ИСМ

3.

Солтүстік
Еуропа елдері
іскер топтары-
ның қатысуы-
мен "Қазақстан
Республикасы-
ның инвести-
циялық мүмкін-
діктері" биз-
нес-форумы

Амстердам
қаласы,
Нидерланд
Корольдігі

Екінші
жарты
жылдық

ИСМ, СІМ,
мүдделі
мемлекет-
тік орган-
дар, "Қазы-
на" ОДҚ"
АҚ, "Ата-
мекен"
ҚКЖЖО

ИСМ

Қазақстан Республикасындағы іс-шаралар

4.

"Жолдардың
қиылысында
(Азия мен
Еуропа арасын-
да): Орталық
Азияның мүм-
кіндіктерін
пайдалану"
Азия-Тынық
мұхит бизнес-
форумы, 2007/
ОАЭАБ Экономи-
калық форумы

Алматы
қаласы

2007 жылғы
18-19
мамыр

ИСМ, СІМ,
мүдделі
мемлекет-
тік орган-
дар, "Қазы-
на" ОДҚ"
АҚ, "Ата-
мекен"
ҚКЖЖО

СІМ

5.

Қазақстан-
герман кәсіп-
керлері қауым-
дастығының
жәрдемдесуімен
қазақстан мен
герман іскер
топтарының
қатысуымен
бизнес-форум

Астана
қаласы

Екінші
жарты
жылдық

ИСМ, Астана
қаласының
әкімдігі,
ҚГКҚ

ИСМ

6.

III өңірлік
инвестициялық
форум

Өскемен
қаласы

Екінші
жарты
жылдық

ИСМ, Шығыс
Қазақстан
облысының
әкімдігі

Шығыс
Қазақстан
облысының
бюджеті

7.

"Павлодар
облысының ин-
вестициялық
мүмкіндіктері"
өңірлік форумы

Павлодар
қаласы

Екінші
жарты
жылдық

ИСМ,
Павлодар
облысының
әкімдігі

Павлодар
облысының
бюджеті

Ескертпе :
      * Инвестициялық іс-шаралар Мемлекет және Үкімет басшыларының шетелге сапары шеңберінде, ел басшылығының Қазақстан өңірлері бойынша сапары кезінде, сондай-ақ шетел мемлекеттері басшыларының 2007 жылдың ішінде Қазақстанға сапары барысында өткізілуі мүмкін. Көрсетілген іс-шараларды өткізу мерзімі мен орны болжамды болып табылады, қазақстандық тараптың шетелдік ұйымдастырушылармен уағдаластығына байланысты өзгертілуі мүмкін.
 
Аббревиатуралардың толық жазылуы :
СІМ   - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
"Қазына ОДҚ" АҚ -»"Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы
"Атамекен" ҚКЖЖО -»"Атамекен" Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы
ҚГКҚ - Қазақстан-герман кәсіпкерлерінің қауымдастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады