Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту және 2007 жылғы 28 - 29 мамырда Астана қаласында Түрікменстан Президенті Гурбангулы Мяликгулиевич Бердымухаммедовтың Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
(келісім бойынша):
1) қосымшаға сәйкес Түрікменстан ресми делегациясының мүшелеріне "1+19" форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде қажетті ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2) сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Түрікменстан Президенті Гурбангулы Мяликгулиевич Бердымухаммедовтың
және Түрікменстан ресми делегациясы мүшелерінің Қазақстан Республикасы іскер топтарының өкілдерімен кездесуін ұйымдастырсын.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан
Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Түрікменстан ресми делегациясы мүшелерінің әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп,
Түрікменстан Президенті Гурбангулы Мяликгулиевич Бердымухаммедовтың
арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін,
Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан Түрікменстан Президенті Гурбангулы Мяликгулиевич Бердымухаммедовтың құрметіне ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
7. Астана қаласының әкімдігі Түрікменстан делегациясын қарсы алу және шығарып салу, Астана қаласының әуежайы мен көшелерін безендіру, Түрікменстан делегациясының баратын жерлерінде бірге жүру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Астана қаласының
әуежайында Түрікменстан Президенті Гурбангулы Мяликгулиевич
Бердымухаммедовты қарсы алу және шығарып салу рәсіміне қатыссын.
9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2007 жылғы»26 мамырдағы
N 138-ө өкіміне
қосымша
Түрікменстан ресми делегациясының мүшелеріне қызмет
көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары
1. Түрікменстан ресми делегациясының мүшелерін "1+19" форматы
бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету, сондай-ақ бірге жүретін адамдарды»"Rixos President Hotel Astana" қонақ үйінде орналастыруға және көліктік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жәрдем көрсету.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін "Rixos President Hotel Astana" қонақ үйіне орналастыру.
3. Баспа өнімдерін (бейдждер, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
4. Түрікменстан ресми делегациясының басшысы мен мүшелері үшін
сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
5. Түрікменстан ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында
қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру.
6. Іс-шаралар өтетін орындарды гүлмен безендіру.
7. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан Түрікменстан Президенті Г.М. Бердымухаммедовтың құрметіне ресми қабылдау ұйымдастыру.
8. Түрікменстан Президенті Гурбангулы Мяликгулиевич
Бердымухаммедовтың және Түрікменстан ресми делегациясы мүшелерінің
Қазақстан Республикасы іскер топтарының өкілдерімен кездесуін өткізу үшін "Rixos President Hotel Astana" қонақ үйінде залды және техникалық жабдықтарды жалға алу (үстелге қоятын микрофондар, сымсыз микрофондар және т.б.) және кофе-брейк ұйымдастыру.
9. Ресми делегацияның мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға
медициналық қызмет көрсету.