Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, Роялтиді заттай түрде беру туралы қосымша келісімдерді, сондай-ақ 2004 жылғы 28 қазаннан бастап осы уақытқа дейінгі кезең үшін жер қойнауын пайдалануға арналған жаңадан жасалған келісім-шарттарды ескере отырып, барлық келісім-шарттарға талдау жүргізу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Ерғожин - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі,
Дәулет Еділұлы жетекші
Ақшолақов - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Болат Оралұлы минералдық ресурстар вице-министрі, жетекшінің
орынбасары
Рахметова - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Әйгерім Салық комитеті мамандандырылған бөлімінің
Мұхаметқалиқызы бас маманы, хатшы
Қонақаев - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Саяхат Алпысұлы минералдық ресурстар министрлігі Жер
қойнауын пайдаланудағы тікелей
инвестициялар департаментінің директоры
Тәшенов - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Жоламан минералдық ресурстар министрлігі Тікелей
Әбекешұлы инвестициялар департаментінің жер қойнауын
пайдалануға арналған келісім-шарттарды жасасу
басқармасы бастығының орынбасары
Мамаев - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Талғат Шариұлы Салық комитеті әкімшілендіру және ірі салық
төлеушілердің мониторингі басқармасының бастығы
Мұқай - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Ерлан Салық комитеті мамандандырылған бөлімінің бастығы
Баққожаұлы
Сейітов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық
Марат комитетінің әкімшілендіру және ірі салық
Жандарбекұлы төлеушілердің мониторингі басқармасы жер
қойнауын пайдаланушылар бөлімінің бастығы
Елемесова - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
Айгүл жоспарлау министрлігінің Салық саясаты және
Баймаханқызы болжамдар департаменті жер қойнауын
пайдаланушыларға салық салу басқармасы жер
қойнауын пайдаланушыларға салық салу саясаты
бөлімінің бас маманы
Төлегенов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Ертөле Салық комитеті мамандандырылған бөлімінің бас
Қабдоллаұлы маманы
Қыдыров - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық
Алтай комитетінің әкімшілендіру және ірі салық
Меделбайұлы төлеушілердің мониторингі басқармасы жер
қойнауын пайдаланушылар бөлімінің бас маманы
2. Жұмыс тобы 2007 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде тараптардың бастапқы экономикалық мүдделерін қалпына келтіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.