Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға талдау жүргізу жөнінде жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 23 тамыздағы N 236-ө Өкімі

      Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, Роялтиді заттай түрде беру туралы қосымша келісімдерді, сондай-ақ 2004 жылғы 28 қазаннан бастап осы уақытқа дейінгі кезең үшін жер қойнауын пайдалануға арналған жаңадан жасалған келісім-шарттарды ескере отырып, барлық келісім-шарттарға талдау жүргізу мақсатында:

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Ерғожин          - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі,
Дәулет Еділұлы     жетекші

Ақшолақов        - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Болат Оралұлы      минералдық ресурстар вице-министрі, жетекшінің
                   орынбасары

Рахметова        - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Әйгерім            Салық комитеті мамандандырылған бөлімінің
Мұхаметқалиқызы    бас маманы, хатшы

Қонақаев         - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Саяхат Алпысұлы    минералдық ресурстар министрлігі Жер
                   қойнауын пайдаланудағы тікелей
                   инвестициялар департаментінің директоры

Тәшенов          - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Жоламан            минералдық ресурстар министрлігі Тікелей
Әбекешұлы          инвестициялар департаментінің жер қойнауын
                   пайдалануға арналған келісім-шарттарды жасасу
                   басқармасы бастығының орынбасары

Мамаев           - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Талғат Шариұлы     Салық комитеті әкімшілендіру және ірі салық
                   төлеушілердің мониторингі басқармасының бастығы

Мұқай            - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Ерлан              Салық комитеті мамандандырылған бөлімінің бастығы
Баққожаұлы

Сейітов          - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық
Марат              комитетінің әкімшілендіру және ірі салық
Жандарбекұлы       төлеушілердің мониторингі басқармасы жер
                   қойнауын пайдаланушылар бөлімінің бастығы

Елемесова        - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
Айгүл              жоспарлау министрлігінің Салық саясаты және
Баймаханқызы       болжамдар департаменті жер қойнауын
                   пайдаланушыларға салық салу басқармасы жер
                   қойнауын пайдаланушыларға салық салу саясаты
                   бөлімінің бас маманы

Төлегенов        - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Ертөле             Салық комитеті мамандандырылған бөлімінің бас
Қабдоллаұлы        маманы

Қыдыров          - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық
Алтай              комитетінің әкімшілендіру және ірі салық
Меделбайұлы        төлеушілердің мониторингі басқармасы жер
                   қойнауын пайдаланушылар бөлімінің бас маманы

      2. Жұмыс тобы 2007 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде тараптардың бастапқы экономикалық мүдделерін қалпына келтіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      3. Жұмыс тобына қажеттігіне қарай жұмыс тобының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың өкілдерін шақыру және тыңдау құқығы берілсін.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Д.Е.Ерғожинге жүктелсін.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады