Концессия негізінде дәрілік заттар дистрибуциясының бірыңғай жүйесін құру мәселесі жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Омаров - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Қадыр Тоқтамысұлы вице-министрі, жетекші
Машкеев - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Батырбек Әукенұлы сақтау министрлігі Фармация комитетінің
төрағасы, жетекшінің орынбасары
Күзембаев - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Тимур Маратұлы министрлігі Фармация комитеті дәрілік
заттардың пайдаланылуын бақылау бөлімінің
бастығы, хатшы
Раева - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Бақытжан Темірбайқызы министрлігі Экономика және қаржы
департаментінің директоры
Кәкімова - Қазақстан Республикасы Экономика және
Сәуле Тұрсынқызы бюджеттік жоспарлау министрлігі
Мемлекеттік активтерді басқару саясаты
департаменті директорының орынбасары
Серғазина - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Күлбараш Ғалифанқызы Мемлекеттік бюджеттің орындалуын талдау
және әдіснамасы департаментінің бюджеттің
шығыс бөлігінің орындалуын талдау және
әдіснамасы басқармасының бастығы
Әміреев - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Ғалым Махмұтбайұлы сауда министрлігі
Индустриалық-инновациялық саясат
департаментінің директоры
Құлшанова - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Динара Жәдігерқызы сауда министрлігінің Бәсекелестікті
қорғау комитеті өнеркәсіпті және ауыл
шаруашылығын талдау және реттеу бөлімінің
бастығы
Манатаев - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік
Ерлан Ерғалиұлы қоғамының басқарушы директоры (келісім
бойынша)
Сәлімбаева - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік
Қалия Рифатқызы қоғамы Инвестициялар жөніндегі
департаментінің директоры (келісім
бойынша)
2. Жұмыс тобы 2008 жылғы 15 ақпанға дейінгі мерзімде концессия негізінде мемлекеттік медициналық ұйымдарды дәрілік заттармен жабдықтауды қамтамасыз ететін дәрілік заттар дистрибуциясының бірыңғай жүйесін құрудың орындылығы туралы ұсыныстар дайындасын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.