Қазақстан Республикасы мен Катар Мемлекеті (бұдан әрі - Катар) арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту, Катар Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) 2008 жылғы 4-5 наурыз кезеңінде Астана қаласында дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша): қосымшаға сәйкес "1+1+20" (өзара қағидаты бойынша) форматы бойынша Катар делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Катардың ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Катар Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми түскі ас кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
6. Астана қаласының әкімдігі Катар ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу мен шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарында бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында Катар Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тәниді қарсы алу және шығарып салу ресми салтанатына қатыссын.
8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2008 жылғы 4 наурыздағы
N 53-ө өкіміне
қосымша
Катар Мемлекетінің ресми делегациясына қызмет көрсету
жөніндегі ұйымдастыру шаралары
1. Катардың ресми делегациясының мүшелерін (1+1+20 форматы бойынша), бірге жүретін адамдарды "Риксос Президент-Отель Астана" қонақ үйге орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін қонақ үйге орналастыру.
3. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
4. Өзаралық қағидат негізінде делегация мүшелерін тиісті типтегі 30 автокөлікпен қамтамасыз ету.
5. Делегация басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
6. Катардың ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру.
7. Іс-шараларды өткізу орындарын гүлмен безендіру.
8. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың атынан Астана қаласында Катар Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің құрметіне ресми қабылдау ұйымдастыру.
9. Ресми делегацияның мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.