Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі кеңесте Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру мәселелері бойынша берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 26 мамырдағы N 139-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған  стратегиясын  одан әрі іске асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі кеңесте берген тапсырмаларын орындау мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі кеңесте Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру мәселелері бойынша берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдары:

      1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Жоспардың орындалуы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

                                            Қазақстан Республикасы
                                              Премьер-Министрінің
                                           2008 жылғы 26 мамырдағы
                                                N 139-ө өкімімен
                                                   бекітілген

       Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы
     16 сәуірдегі кеңесте Қазақстан Республикасының
   Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға
 арналған стратегиясын іске асыру мәселелері бойынша берген
   тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шара

Аяқталу
нысаны

Орындау
мерзімі

Орындалуына
жауаптылар

1

2

3

4

5

"Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасын
және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру

1

"Қазақстанның 30
корпоративтік көшбасшысы"
бағдарламасы шеңбе-
рінде Экономиканы
жаңғырту мәселелері
жөніндегі мемлекет-
тік комиссияның
қарауына келіп
түскен жобалардың
тізіміне талдау
жүргізу және өзекті
ету

Экономиканы
жаңғырту
мәселелері
жөніндегі
мемлекеттік
комиссияның
шешімі

2008 жылғы
5 шілде

ЭБЖМ (жинақтау),
ИСМ, "Қазына"
АҚ, мүдделі
мемлекеттік
органдар

2

Инвестициялық
серпінді жобалардың
іске асырылу
мониторингі жүйесін
әзірлеу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ұсыныстар

2008 жылғы
15 маусым

ЭБЖМ
(жинақтау),
ИСМ, АБА,
мүдделі
мемлекеттік
органдар,
ұлттық хол-
дингтер мен
компаниялар

3

"Қазақстанның 30
корпоративтік
көшбасшысы"
бағдарламасының
шеңберінде шикізат
емес сектордың
отандық орта
компанияларының
өсуін жүйелік
қолдау жөнінде
шаралар әзірлеу

Қазақстан
Республикасы
Премьер-
Министрінің
өкімі

2008 жылғы
5 шілде

ЭБЖМ
(жинақтау),
ИСМ, мүдделі
мемлекеттік
органдар, ӘКК

4

Экономиканың
неғұрлым перспекти-
валы салаларында
жеке меншік бизнесті, ұлттық
компаниялар мен
холдингтерді тарта
отырып, "жол карта-
лары" түріндегі
даму жоспарларын
әзірлеу және іске
асыру

ИСМ, АШМ,
ТСМ, ЭМРМ
бұйрықтары

2008 жылғы
5 шілде

ИСМ, АШМ,
ТСМ, ЭМРМ

5

Іске асыруға
жоспарланып отырған
инфрақұрылымдық
жобаларды таныстыру
бойынша шетелде
белсенді ақпараттық
жұмыс жүргізу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
есеп

Тоқсан
сайын соңғы
айдың 15-күніне
дейін

СІМ
(жинақтау),
ЭМРМ, ККМ,
"Самұрық" АҚ

6

Инфрақұрылымдық
жобаларды қаржылан-
дыруға инвестициялық
компанияларды тарту
жөніндегі шараларды
көздейтін қолданыс-
тағы нормативтік
құқықтық актілерге
өзгерістер енгізу

Нормативтік
құқықтық
актілердің
жобалары

2008 жылғы
15 шілде

ЭБЖМ
(жинақтау),
ЭМРМ, ККМ,
"Самұрық" АҚ,
мүдделі
мемлекеттік
органдар

7

Табиғи монополиялар
салаларының
инвестициялық
тартымдылығын
ескере отырып, орта
мерзімді кезеңге
арналған тариф түзу
жүйесін жетілдіру
жөніндегі жұмысты
жалғастыру

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат

2008 жылғы
15 тамыз

ТМРА
(жинақтау),
ЭМРМ, ККМ,
"Самұрық" АҚ

Кластерлік бастаманы дамыту

8

Неғұрлым
перспективалы
кластерлердің
тізбесін
қалыптастыру және
оларды дамытудың
іс-шаралар
жоспарларын әзірлеу

Қазақстан
Республикасы
Премьер-
Министрінің
өкімі

2008 жылғы
15 қыркүйек

ИСМ (жинақ-
тау), ЭБЖМ, АШМ, ККМ,
ЭМРМ, ТСМ,
"Самұрық" АҚ,
"Қазына" АҚ,
"ҚазАгро" АҚ,
облыстардың,
Астана және
Алматы
қалаларының
әкімдері, ӘКК

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту

9

Республикалық
бюджет комиссиясының
отырысында 2008
жылға арналған
республикалық
бюджетті нақтылау
кезінде "Оңтүстік"
арнайы экономикалық
аймағы инфрақұрылы-
мының құрылысын
аяқтауға қосымша
қаражат бөлу туралы
мәселені қарау

Республика-
лық бюджет
комиссиясы-
ның шешімі

2008 жылғы
30 мамыр

ИСМ
(жинақтау),
ЭБЖМ, Оңтүстік-
Қазақстан
облысының
әкімдігі

10

Республикалық
бюджет комиссияның
отырысында "Алатау"
ақпараттық техноло-
гиялар паркі" арнайы
экономикалық аймағы
инфрақұрылымының
құрылысын қаржыландыру
мәселелерін қарау

Республика-
лық бюджет
комиссиясы-
ның шешімі

2008 жылғы 30 мамыр

ИСМ
(жинақтау),
ЭБЖМ,
"Самғау" АҚ

11

"Алатау" ақпараттық
технологиялар паркі"
арнайы экономикалық
аймағының құрылысы-
на бөлінген жер
учаскелерінің алын-
уын қамтамасыз ету

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
есеп

2008 жылғы
15 қазан

Алматы
облысының
әкімдігі,
ИСМ, ЖРА

12

Бюджеттік қаржылан-
дыруды шоғырландыру
қажеттілігін ескере
отырып, қазіргі және
құрылып жатқан
арнайы экономикалық
аймақтарды оңтай-
ландыру жөнінде
ұсыныстар енгізу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ұсыныстар

2008 жылғы
15 шілде

ИСМ
(жинақтау),
ЭБЖМ,
Қаржымині

13

Қарағанды облысы
мен Астана қаласын-
дағы индустриялық
аймақтар жұмысының
проблемалық мәселе-
лерін анықтау және
оларды шешу жөнін-
дегі Іс-шаралар
жоспарын әзірлеу

ИСМ және
Қарағанды
облысы мен
Астана қала-
сы әкімдік-
терінің
бірлескен
бұйрығы

2008 жылғы
15 шілде

ИСМ
(жинақтау),
Қарағанды
облысы мен
Астана
қаласының
әкімдіктері

Өндіріс факторларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шаралар

14

Қазақстан Республи-
касының ғылымын
дамытудың мемлекет
тік бағдарламасын
іске асыруға талдау
жүргізу және ғылым
мен өндіріс интегра-
циясы, ғылымда кадр
саясатын қалыптасты-
ру және жас ғалым-
дардың келуін
ынталандыру жөнінде
ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан
Республика-
сының
Президенті
Жарлығының
жобасы

2008 жылғы
15 қазан

БҒМ
(жинақтау),
"Самғау" АҚ,
мүдделі
мемлекеттік
органдар

15

"Алатау" ақпараттық
технологиялар паркі"
арнайы экономикалық
аймағында
Халықаралық
"ІТ-Университетін"
құру тұжырымдамасы-
ның жобасын әзірлеу

Нормативтік
құқықтық
актінің
жобасы

2008 жылғы
15 маусым

АБА
(жинақтау),
БҒМ, ИСМ,
"Қазына" АҚ,
ЭБЖМ, "Самғау"
АҚ

16

Қазақстан Республи-
касында техникалық
және кәсіптік білім
беруді дамытудың
мемлекеттік бағдар-
ламасын қабылдау

Қазақстан
Республика-
сының
Президенті
Жарлығының
жобасы

2008 жылғы 5 шілде

БҒМ

17

Ұлттық қауіпсіздік
мүдделерін ескере
отырып, біліктілігі
жоғары шетелдік
жұмыс күшін тартуға
бағытталған көші-қон
саясатын жетілдіру
жөніндегі барынша
тиімді және қазіргі
жағдайға бейімделген
тетіктер әзірлеу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ұсыныстар

2008 жылғы
15 шілде

Еңбекмині
(жинақтау),
ИСМ, ІІМ,
ЭМРМ, АШМ,
ККМ

Мемлекеттік сатып алу көлемінде қазақстандық
өндірушілердің үлесін ұлғайту жөніндегі шаралар

18

"Самұрық" мемлекет-
тік активтерді
басқару жөніндегі
қазақстандық
холдингі" АҚ және
холдингке кіретін
барлық еншілес және
тәуелді ұйымдардың
жалпы сатып алу
көлемінде қазақс-
тандық өндірушілер
үлесінің серпіні
туралы талдамалық
анықтама дайындау

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат

2008 жылғы
мамыр

ЭБЖМ
(жинақтау),
"Самұрық" АҚ

19

Мемлекет қатысатын
ұлттық холдингтер-
дің, компаниялар
мен ұйымдардың жалпы
сатып алу көлемінде
қазақстандық өндіру-
шілердің үлесін
ұлғайту жөнінде,
оның ішінде отандық
өндірушілер үшін
шартты баға мен
сатып алуларды орта
мерзімді жоспарлауды
қолданып, жүйелі
шаралар әзірлеу және
қолдану

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат

2008 жылғы
15 шілде

ЭБЖМ
(жинақтау),
Қаржымині,
ЭМРМ, ИСМ,
"Самұрық" АҚ,
"Қазына" АҚ,
"ҚазАгро" АҚ,
"Самғау" АҚ

20

Компаниялар бөліні-
сінде ақпарат бере
отырып, жер қойнауын
пайдалану жөніндегі
операцияларды жүзеге
асыру кезінде жер
қойнауын пайдалану-
шылардың қазақстан-
дық қатысу туралы
заңнаманы бұлжытпай
орындауы жөнінде
жүйелі шаралар
қабылдау

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
есеп

Тоқсан сайын
соңғы айдың
15-күніне
дейін

ИСМ
(жинақтау),
ЭМРМ,
Қаржымині

Мемлекеттік холдингтерді, даму институттарын және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту

21

Акцентті пайдалылық
критерийінен
мақсатты міндеттерге
(сервистік миссия)
ауыстыру мақсатында
даму институттарының
қызметін бюджеттік
қаржыландырудың жаңа
тәсілдерін әзірлеу
және оларды дамыту
стратегияларына
түзетулер жөнінде
ұсыныстар енгізу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ұсыныстар

2008 жылғы
15 маусым

ЭБЖМ
(жинақтау),
ИСМ, АШМ,
БҒМ, "Қазына"
АҚ, "Самұрық"
АҚ, "ҚазАгро"
АҚ, "Самғау"
АҚ

22

"Самұрық" мемлекет-
тік активтерді
басқару жөніндегі
қазақстандық холдингі" АҚ,
"Қазына" орнықты
даму қоры" АҚ,
"ҚазАгро" ұлттық
холдингі" АҚ,
"Самғау" ұлттық
ғылыми технологиялық
холдингі" АҚ қызме-
тінің тиімділігін,
ашықтығын және
бағалау өлшемдерін
қамтамасыз ететін
тетіктер әзірлеу
жөнінде іс-шаралар
жоспарын әзірлеу

ИСМ бұйрығы

2008 жылғы
15 тамыз

ИСМ
(жинақтау),
ЭБЖМ,
Қаржымині,
ЭМРМ, АШМ,
Әділетмині

23

Мемлекеттік холдинг-
тер мен әлеуметтік-
кәсіпкерлік корпора-
циялардың өтінімдер-
ді жинау және
бағалау тәртібін,
қолдау құралдарының
тізбесін, бірлесіп
әрекет ету нысанда-
рын, кәсіпкерлердің
өтініш беру тәртібін
көздейтін жеке
меншік сектор
бастамаларын
қаржылық қолдау
тетіктерін әзірлеу
және бекіту

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
есеп

2008 жылғы
15 маусым

ИСМ
(жинақтау),
ЭБЖМ, АШМ,
БҒМ,
мемлекеттік
холдингтер,
ӘКК

24

"Экспортты дамыту
және жылжыту
корпорациясы" АҚ
даму жоспарын
қабылдау және
қаржыландыру
көздерін анықтау

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
есеп

2008 жылғы
15 шілде

ИСМ
(жинақтау),
ЭБЖМ,
"Қазына" АҚ

25

"Қазақстан Даму
банкі" АҚ-ны 1 млрд.
АҚШ долларына дейін
капитализациялау
жөнінде шаралар
қабылдау

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат

2008 жылғы
15 шілде

ИСМ, ЭБЖМ,
"Қазына" АҚ

26

Өңдеу өнеркәсібі мен
инфрақұрылымның
басым салаларын қол
жетімді жағдайларда
дамыту үшін
"Қазақстан Даму
банкі" АҚ-ға
бюджеттік кредит
бөлу жөнінде
ұсыныстар енгізу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ұсыныстар

2008 жылғы
15 шілде

ИСМ, ЭБЖМ,
Қаржымині,
"Қазына" АҚ

Тікелей шетелдік инвестициялар тарту

27

Шет мемлекеттермен
бірлескен қорлар
әзірлеуді және
құруды көздейтін
іс-шаралар жоспарын
әзірлеу

ИСМ бұйрығы

2008 жылғы
15 шілде

ИСМ,
"Қазына" АҚ

28

Оңтүстік Шығыс Азия
және Таяу Шығыс ел-
дерінен инвестиция-
лар тарту жөнінде
іс-шаралар жоспарын
әзірлеу
 

Қазақстан
Республикасы
Премьер-
Министрінің
өкімі

2008 жылғы
15 қазан

ИСМ
(жинақтау),
Қаржымині,
СІМ, ЭБЖМ,
АШМ, БҒМ,
"Қазына" АҚ,
"Самұрық",
"ҚазАгро" АҚ

29

Исламдық
қаржыландыру
құралдарын дамыту
үшін қолда бар
шектеулерді жою

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ұсыныстар

2008 жылғы
15 тамыз

ҚҚА
(жинақтау),
ЭБЖМ,
Қаржымині,
ИСМ, ҰБ,
Әділетмині

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық
дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясын
іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру

30

Қазақстан Республи-
касының Индустрия-
лық-инновациялық
дамуының 2003-2015
жылдарға арналған
стратегиясын іске
асыру жөніндегі
жұмыстарды үйлестіру
жөнінде ұсыныстар
әзірлеу үшін жұмыс
тобын құру туралы
өкімнің жобасын
енгізу

Қазақстан
Республикасы
Премьер-
Министрінің
өкімі

2008 жылғы
мамыр

ИСМ
(жинақтау),
мүдделі
мемлекеттік
органдар

      Ескертпе:  аббревиатуралар мен қысқартылған сөздердің толық жазылуы:
АШМ                   - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                        министрлігі
Әділетмині            - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
БҒМ                   - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                        министрлігі
ДСМ                   - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                        министрлігі
Еңбекмині             - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
                        әлеуметтік қорғау министрлігі
ИСМ                   - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
                        министрлігі
ККМ                   - Қазақстан Республикасы Көлік және
                        коммуникация министрлігі
Қаржымині             - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қоршағанортамині      - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
                        қорғау министрлігі
МАМ                   - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
                        ақпарат министрлігі
ТСМ                   - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
                        министрлігі
СІМ                   - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
                        министрлігі
ІІМ                   - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
                        министрлігі
ЭБЖМ                  - Қазақстан Республикасы Экономика және
                        бюджеттік жоспарлау министрлігі
ЭМРМ                  - Қазақстан Республикасы Энергетика және
                        минералдық ресурстар министрлігі
ҚҚА                   - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен
                        қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау
                        агенттігі
ТМРА                  - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
                        реттеу агенттігі
БҚА                   - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау
                        агенттігі
АБА                   - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
                        байланыс агенттігі
ЖРА                   - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
                        басқару агенттігі
"Қазына" АҚ           - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік
                        қоғамы
"Самұрық" АҚ          - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
                        жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік
                        қоғамы
"ҚазАгро" АҚ          - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік
                        қоғамы
"Самғау" АҚ           - "Самғау" ұлттық ғылыми технологиялық
                        холдингі" акционерлік қоғамы
ӘКК                   - әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар
АЭА                   - арнайы экономикалық аймақ

Об утверждении Плана мероприятий по реализации поручений Президента Республики Казахстан, данных на совещании 16 апреля 2008 года по вопросам реализации Стратегии индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2003-2015 годы

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 26 мая 2008 года N 139-р

      В целях дальнейшей реализации  Стратегии  индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2003-2015 годы и выполнения поручений Президента Республики Казахстан, данных на совещании 16 апреля 2008 года:

      1. Утвердить прилагаемый  План  мероприятий по реализации поручений Президента Республики Казахстан, данных на совещании 16 апреля 2008 года по вопросам реализации Стратегии индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2003-2015 годы (далее - План).

      2. Государственным органам и иным организациям Республики Казахстан:

      1) обеспечить своевременное выполнение мероприятий, предусмотренных Планом;

      2) представлять ежемесячно, до 5 числа месяца, следующего за отчетным месяцем, информацию об исполнении Плана в Министерство экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан.

      3. Министерству экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан представлять ежемесячно, до 15 числа месяца, следующего за отчетным месяцем, сводную информацию об исполнении Плана в Правительство Республики Казахстан.

      Премьер-Министр                            К. Масимов

Утвержден           
распоряжением Премьер-Министра
Республики Казахстан     
от 26 мая 2008 года N 139-р 

                          План мероприятий
    по реализации поручений Президента Республики Казахстан,
       данных на совещании 16 апреля 2008 года по вопросам
   реализации Стратегии индустриально-инновационного развития
             Республики Казахстан на 2003-2015 годы

N
п/п

Мероприятие

Форма
завершения

Срок
испол-
нения

Ответственные
за исполнение

1

2

3

4

5

Реализация Программы "30 корпоративных лидеров
Казахстана" и инфраструктурных проектов

1

Проведение анализа и
актуализация перечня
проектов, поступивших
на рассмотрение
Государственной
комиссии по вопросам
модернизации экономики
в рамках Программы
"30 корпоративных
лидеров Казахстана"

Решение
Государственной
комиссии по
вопросам
модернизации
экономики

5 июля
2008
года

МЭБП (созыв),
МИТ, АО
"Қазына",
заинтересо-
ванные госу-
дарственные
органы

2

Разработка системы
мониторинга реализации
инвестиционных
прорывных проектов

Предложения в
Правительство
Республики
Казахстан

15 июня
2008
года

МЭБП (созыв),
МИТ, АИС,
заинтересо-
ванные госу-
дарственные
органы,
национальные
холдинги
и компании

3

Разработка мер по
системной поддержке
роста отечественных
средних компаний
несырьевого сектора
в рамках Программы
"30 корпоративных
лидеров Казахстана"

Распоряжение
Премьер-
Министра
Республики
Казахстан

5 июля
2008
года

МЭБП (созыв),
МИТ, заинте-
ресованные
государствен-
ные органы,
СПК

4

Разработка и реализа-
ция планов развития в
виде "дорожных карт"
в наиболее перспектив-
ных отраслях экономики
с привлечением
частного бизнеса,
национальных компаний
и холдингов

Приказы МИТ,
МСХ, МТС, МЭМР

5 июля
2008
года

МИТ, МСХ,
МТС, МЭМР

5

Проведение активной
информационной работы
за рубежом по презен-
тации запланированных
к реализации инфра-
структурных проектов

Отчет в
Правительство
Республики
Казахстан

Ежеквар-
тально
до 15
числа
послед-
него
месяца

МИД (созыв),
МЭМР, МТК,
АО "Самрук"

6

Внесение изменений в
действующие норматив-
ные правовые акты,
предусматривающие меры
по привлечению инвес-
тиционных компаний в
финансирование инфра-
структурных проектов

Проекты
нормативных
правовых актов

15 июля
2008
года

МЭБП (созыв),
МЭМР, МТК,
АО "Самрук",
заинтересо-
ванные госу-
дарственные
органы

7

Продолжение работы по
совершенствованию
системы тарифообразо-
вания на долгосрочный
период с учетом
инвестиционной привле-
кательности сфер
естественных монополий

Информация в
Правительство
Республики
Казахстан

15
августа
2008
года

АРЕМ (созыв),
МЭМР, МТК,
АО "Самрук"

Развитие кластерной инициативы

8

Формирование перечня
наиболее перспективных
кластеров и разработка
планов мероприятий их
развития

Распоряжение
Премьер-
Министра
Республики
Казахстан

15
сентября
2008
года

МИТ (созыв),
МЭБП, МСХ,
МТК, МЭМР,
МТС,
АО "Самрук",
АО "Қазына",
АО "ҚазАгро",
акимы облас-
тей, городов
Астаны и
Алматы, СПК

Развитие специальных экономических и индустриальных зон

9

Рассмотрение на засе-
дании Республиканской
бюджетной комиссии
вопроса о выделении
дополнительных средств
на завершение строи-
тельства инфраструкту-
ры специальной
экономической зоны
"Оңтүстік" при уточне-
нии республиканского
бюджета на 2008 год

Решение
Республиканской
бюджетной
комиссии

30 мая
2008
года

МИТ (созыв),
МЭБП,
акимат Южно-
Казахстанской
области

10

Рассмотрение на засе-
дании Республиканской
бюджетной комиссии
вопросов финансирова-
ния строительства
инфраструктуры спе-
циальной экономической
зоны "Парк информа-
ционных технологий
"Алатау"

Решение
Республиканской
бюджетной
комиссии

30 мая
2008
года

МИТ (созыв),
МЭБП,
АО "Самғау"

11

Обеспечение изъятия
земельных участков
отведенных под строи-
тельство специальной
экономической зоны
"Парк информационных
технологий "Алатау"

Отчет в
Правительство
Республики
Казахстан

15
октября
2008
года

Акимат
Алматинской
области,
МИТ, АУЗР

12

Внесение предложений
по оптимизации дейст-
вующих и создаваемых
специальных экономи-
ческих зон с учетом
необходимости концент-
рации бюджетного
финансирования

Предложения в
Правительство
Республики
Казахстан

15 июля
2008
года

МИТ (созыв),
МЭБП, МФ

13

Выявление проблемных
вопросов работы
индустриальных зон в
Карагандинской области
и городе Астане и раз-
работка Плана меро-
приятий по их решению

Совместный
приказ МИТ и
акиматов
Карагандинской
области и
города Астаны

15 июля
2008
года

МИТ (созыв),
акиматы Кара-
гандинской
области и
города Астаны

Меры по повышению конкурентоспособности
факторов производства

14

Проведение анализа
реализации Государ-
ственной программы
развития науки Респуб-
лики Казахстан и раз-
работка предложений по
интеграции науки и
производства, формиро-
ванию кадровой полити-
ки в науке и стимули-
рованию притока
молодых ученых

Проект Указа
Президента
Республики
Казахстан

15
октября
2008
года

МОН (созыв),
АО "Самғау",
заинтересо-
ванные госу-
дарственные
органы

15

Разработка проекта
Концепции создания
международного
"IT-Университета" в
специальной экономи-
ческой зоне "Парк
информационных
технологий "Алатау"

Проект
нормативного
правового акта

15 июня
2008
года

АИС (созыв),
МОН, МИТ,
АО "Қазына",
МЭБП,
АО "Самғау"

16

Принятие Государствен-
ной программы разви-
тия технического и
профессионального
образования в
Республике Казахстан

Проект Указа
Президента
Республики
Казахстан

5 июля
2008
года

МОН

17

Разработка более
эффективных и адапти-
рованных к современным
условиям механизмов по
совершенствованию
миграционной политики,
направленных на при-
влечение высококвали-
фицированной иностран-
ной рабочей силы с
учетом интересов
национальной
безопасности

Предложения в
Правительство
Республики
Казахстан

15 июля
2008
года

МТСЗН
(созыв), МИТ,
МВД, МЭМР,
МСХ, МТК

Меры по увеличению доли казахстанских производителей
в объемах государственных закупок

18

Подготовка аналитичес-
кой справки о динамике
доли казахстанских
производителей в общих
объемах закупок АО
"Казахстанский холдинг
по управлению госу-
дарственными активами
"Самрук" и всех
дочерних и зависимых
организаций, входящих
в холдинг

Информация в
Правительство
Республики
Казахстан

Май
2008
года

МЭБП (созыв),
АО "Самрук"

19

Выработка и принятие
системных мер по
увеличению доли казах-
станских производите-
лей в общих объемах
закупок национальных
холдингов, компаний и
организаций с госу-
дарственным участием,
в том числе с примене-
нием для отечественных
производителей услов-
ной цены и среднесроч-
ного планирования
закупок

Информация в
Правительство
Республики
Казахстан

15 июля
2008
года

МЭБП (созыв),
МФ, МЭМР,
МИТ,
АО "Самрук",
АО "Қазына",
АО "ҚазАгро",
АО "Самғау"

20

Принятие системных мер
по неукоснительному
исполнению недрополь-
зователями законода-
тельства о казахстан-
ском содержании при
осуществлении операций
по недропользованию с
представлением
информации в разрезе
компаний

Отчет в
Правительство
Республики
Казахстан

Ежеквар-
тально
до 15
числа
послед-
него
месяца

МИТ (созыв),
МЭМР, МФ

Развитие государственных холдингов, институтов развития
и социально-предпринимательских корпораций

21

Разработка новых
подходов к бюджетному
финансированию дея-
тельности институтов
развития с целью
смещения акцента с
критерия прибыльности
к целевым задачам
(сервисная миссия) и
внесения предложений
по коррективам в
стратегии их развития

Предложения в
Правительство
Республики
Казахстан

15 июня
2008
года

МЭБП (созыв),
МИТ, МСХ,
МОН,
АО "Қазына",
АО "Самрук",
АО "ҚазАгро",
АО "Самғау"

22

Разработка плана меро-
приятий по выработке
механизма, обеспечи-
вающего эффективность,
прозрачность и крите-
рии оценки деятельнос-
ти АО "Казахстанский
холдинг по управлению
государственными
активами "Самрук",
АО "Фонд устойчивого
развития "Қазына", АО
"Национальный холдинг
"ҚазАгро", АО
"Национальный научно-
технологический
холдинг "Самғау"

Приказ МИТ

15
августа
2008
года

МИТ (созыв),
МЭБП,
МФ, МЭМР,
МСХ, МЮ

23

Разработка и утвержде-
ние механизмов финан-
совой поддержки госу-
дарственными холдинга-
ми и социально-
предпринимательскими
корпорациями инициатив
частного сектора,
предусматривающих
порядок сбора и оценки
заявок, перечня
инструментов поддерж-
ки, форм совместной
деятельности, порядка
обращения
предпринимателей

Отчет в
Правительство
Республики
Казахстан

15 июня
2008
года

МИТ (созыв),
МЭБП, МСХ,
МОН, госу-
дарственные
холдинги, СПК

24

Принятие плана разви-
тия АО "Корпорация по
развитию и продвижению
экспорта" и определе-
ние источников
финансирования

Отчет в
Правительство
Республики
Казахстан

15 июля
2008
года

МИТ (созыв),
МЭБП,
АО "Қазына"

25

Принятие мер по
капитализации АО "Банк
развития Казахстана"
до 1 млрд. долларов США

Информация в
Правительство
Республики
Казахстан

15 июля
2008
года

МИТ, МЭБП,
АО "Қазына"

26

Внесение предложений
по выделению АО "Банк
развития Казахстана"
бюджетных кредитов для
развития приоритетных
отраслей обрабатываю-
щей промышленности и
инфраструктуры на
доступных условиях

Предложения в
Правительство
Республики
Казахстан

15 июля
2008
года

МИТ, МЭБП,
МФ, АО
"Қазына"

Привлечение прямых иностранных инвестиций

27

Разработка плана меро-
приятий, предусматри-
вающего проработку и
создание совместных
фондов с иностранными
государствами

Приказ МИТ

15 июля
2008
года

МИТ,
АО "Қазына"

28

Разработка плана меро-
приятий по привлече-
нию инвестиций из
стран Юго-Восточной
Азии и Ближнего
Востока

Распоряжение
Премьер-
Министра
Республики
Казахстан

15
октября
2008
года

МИТ (созыв),
МФ, МИД,
МЭБП, МСХ,
МОН,
АО "Қазына",
АО "Самрук",
АО "ҚазАгро"

29

Устранение имеющихся
ограничений для
развития инструментов
исламского
финансирования

Предложения в
Правительство
Республики
Казахстан

15
августа
2008
года

АФН (созыв),
МЭБП, МФ,
МИТ, НБ, МЮ

Координация работ по реализации Стратегии
индустриально-инновационного развития
Республики Казахстан на 2003-2015 годы

30

Внесение проекта рас-
поряжения о создании
рабочей группы для
выработки предложений
по координации работ
по реализации Страте-
гии индустриально-
инновационного
развития Республики
Казахстан на
2003-2015 годы

Распоряжение
Премьер-
Министра
Республики
Казахстан

Май
2008
года

МИТ (созыв),
заинтересо-
ванные госу-
дарственные
органы

Примечание: расшифровка аббревиатур и сокращений:

МСХ          - Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан
МЮ           - Министерство юстиции Республики Казахстан
МОН          - Министерство образования и науки Республики Казахстан
МЗ           - Министерство здравоохранения Республики Казахстан
МТСЗН        - Министерство труда и социальной защиты населения
               Республики Казахстан
МИТ          - Министерство индустрии и торговли Республики
               Казахстан
МТК          - Министерство транспорта и коммуникаций Республики
               Казахстан
МФ           - Министерство финансов Республики Казахстан
МООС         - Министерство охраны окружающей среды Республики
               Казахстан
МКИ          - Министерство культуры и информации Республики
               Казахстан
МТС          - Министерство туризма и спорта Республики Казахстан
МИД          - Министерство иностранных дел Республики Казахстан
МВД          - Министерство внутренних дел Республики Казахстан
МЭБП         - Министерство экономики и бюджетного планирования
               Республики Казахстан
МЭМР         - Министерство энергетики и минеральных ресурсов
               Республики Казахстан
АФН          - Агентство Республики Казахстан по регулированию и
               надзору финансового рынка и финансовых организаций
АРЕМ         - Агентство Республики Казахстан по регулированию
               естественных монополий
АЗК          - Агентство Республики Казахстан по защите конкуренций
АИС          - Агентство Республики Казахстан по информатизации и
               связи
АУЗР         - Агентство Республики Казахстан по управлению
               земельными ресурсами
АО "Қазына"  - акционерное общество "Фонд устойчивого развития
               "Қазына"
АО "Самрук"  - акционерное общество "Казахстанский холдинг по
               управлению государственными активами "Самрук"
АО "ҚазАгро" - акционерное общество "Национальный холдинг "ҚазАгро"
АО "Самғау"  - акционерное общество "Национальный
               научно-технологический холдинг "Самғау"
СПК          - социально-предпринимательские корпорации
СЭЗ          - специальная экономическая зона