Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 303 Қаулысымен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 1097 қаулысымен бекітілген "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыру және шикізат емес сектордың отандық орта кәсіпкерлік субъектілерінің өсуін жүйелік қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика
Бақыт Тұрлыханұлы және бюджеттік жоспарлау министрі,
жетекші
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика
Марат Әпсеметұлы және бюджеттік жоспарлау
вице-министрі, жетекшінің
орынбасары
Тортаев - Қазақстан Республикасы Экономика
Бауыржан Қадырұлы және бюджеттік жоспарлау
министрлігі Инвестициялық саясат
және жоспарлау департаментінің
директоры, хатшы
Мамытбеков - Қазақстан Республикасының Индустрия
Еділ Құламқадырұлы және сауда вице-министрі
Сармурзина - Қазақстан Республикасы Энергетика
Раушан Гайсиқызы және минералдық ресурстар
министрлігі Мұнай-химия
департаментінің директоры
Цой - Қазақстан Республикасы Индустрия
Игорь Владимирович және сауда министрлігі Индустриялық
даму департаментінің директоры
Қожахметов - Қазақстан Республикасы Индустрия
Өмірғали Тоқтарұлы және сауда министрлігінің
Индустриялық даму департаменті
өнеркәсіп салалары басқармасының
бастығы
Хайдарғалиева - Қазақстан Республикасы Энергетика
Шолпан Ахметқызы және минералдық ресурстар
министрлігінің Мұнай-химия
департаменті мұнай-химия өнеркәсібі
басқармасының бастығы
Байдулаев - Қазақстан Республикасы Ауыл
Ұлан Әшірбекұлы шаруашылығы министрлігінің Қайта
өңдеу өнеркәсібін дамытумен ДСҰ
департаменті тамақ және қайта өңдеу
өнеркәсібі әдіснамасы мен
технологиясы басқармасының бас
сарапшысы
Смайылов - Қазақстан Республикасы Көлік және
Нұрлан Қыдырбайұлы коммуникация министрлігінің
Көлік-коммуникация кешенін дамыту
департаменті көлік және жол
қатынасын дамыту басқармасының бас
сарапшысы
Әйтекенов - "Қазына" орнықты даму қоры"
Қайрат Медібайұлы акционерлік қоғамының басқарма
төрағасының орынбасары (келісім
бойынша)
Қазғанбаев - "ҚазАгро" ұлттық холдингі"
Эльдар Шәмилұлы акционерлік қоғамы жобалармен жұмыс
істеу департаментінің директоры
(келісім бойынша)
2. Жұмыс тобы:
1) 2008 жылғы 15 қазанға дейінгі мерзімде Бағдарлама шеңберінде шикізат емес сектордың отандық орта кәсіпкерлік субъектілерінің өсуін жүйелік қолдау жөнінде;
2) 2008 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде Бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е.Шөкеевке жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов