Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 31 наурыздағы N 74-ө
өкімімен
бекітілген Қазақстан Республикасында инфляциялық үдерістерді реттеу жөніндегі 2008-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2-тармағын орындау үшін:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдар реттейтін тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) 2008-2009 жылдарға арналған деңгейін өзгерту болжамдарын айқындау жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі жыл сайын жыл қорытындылары бойынша 5 қаңтарға Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне Іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы ақпаратты ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі жыл сайын жыл қорытындылары бойынша 15 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы ақпарат берсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2008 жылғы 20 қыркүйектегі
N 245-ө өкімімен
бекітілген
Мемлекеттік органдар реттейтін тарифтердің (бағалардың,
алымдар ставкаларының) 2008 — 2009 жылдарға арналған
деңгейін өзгерту болжамдарын айқындау жөніндегі іс-шаралар
жоспары
Р/с
|
Іс-шара |
Аяқтау мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімдері |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға байланысты шығындарды қызметтердің өзіндік құнында есепке алу мәселелері бойынша талдау жүргізу |
Талдамалық есеп |
ТМРА
|
2008, 2009 жылдар
|
2 |
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейлері өзгерісінің болжамды индекстерін айқындау |
Талдамалық есеп |
ТМРА
|
2008, 2009 жылдар
|
3 |
Тарифтердің шекті деңгейлерінің болжамды индекстерінің инфляцияның деңгейіне әсер етуін бағалау |
Талдамалық есеп |
ТМРА
|
2008, 2009 жылдар
|
4 |
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің өзіндік құнында ескерілетін шикізат пен материалдарға (импорттық және отандық) арналған бағалардың өзгерісі туралы ақпараттың статистика органдарының деректерімен (статистикалық қадағалауға енгізілген тауарлардың тізбесі бойынша) салыстырмалы талдауының қорытындыларын пайдалану |
Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер бекітуге арналған өтінімдерді қарау кезінде қолдану |
ТМРА
|
Реттеліп
|
Ескерту: аббревиатураларды
ң
толы
қ
жазылуы:
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі