1. Қоса беріліп отырған Ішкі нарықты жеміс-көкөніс өнімімен тұрақты молықтыру бойынша 2008-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары мен мүдделі ұйымдар (келісім бойынша):
1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 1-күнінен кешіктірмей Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне берсін.
Премьер-Министр К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2008 жылғы 30 қыркүйектегі
N 248-ө өкімімен
бекітілген
Ішкі нарықты жеміс-көкөніс өнімімен тұрақты молықтыру бойынша 2008-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
р/c
|
Іс-шараның атауы |
Аяқталу нысаны |
Орындауға жауаптылар |
Орындалу
|
Болжанатын шығыстар (мың теңге) |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. |
Өңірлерді жеміс-көкөніс өнімімен молықтыру жөніндегі 2008 - 2009 жылдарға арналған өңірлік бағдарламаларды Ауыл шаруашылығы, Индустрия және сауда министірліктерімен бірге әзірлеу және келісу |
Облыстар, Астана және Алматы қалаларының мәслихатының шешімдері |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, АШМ, ИСМ |
2008 жылғы IV тоқсан |
Талап етілмейді |
|
2. |
Республиканың өңірлерін жеміс-көкөніс өнімімен тұрақты молықтыру бөлігінде жергілікті атқарушы органдардың қызметін рейтингтік бағалау мониторингі жүйесіне ұсыныстар даярлау |
ЭБЖМ-ге ұсыныстар |
АШМ, ИСМ, ӘКК (келісім бойынша) |
2008 жылғы IV тоқсан |
Талап етілмейді |
|
3.
|
Сауда қызмет саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге тексеріс жүргізу және көтерме әрі бөлшек сауда саласындағы ахуалды реттеуге бағытталған тиісті ұсыныстар дайындау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ИСМ, АШМ, ӘКК (келісім бойынша) ҚБСҚКҚ (келісім бойынша) |
2008 жылғы IV тоқсан |
Талап етілмейді |
|
4. |
Азық-түлік тауарларының, оның ішінде жеміс-көкөніс өнімдері мен оларды қайта өңдеу өнімдері негізгі түрлерінің тұтыну нормативтерін әзірлеу және оларды уәкілетті органға бекітуге ұсыну |
ДСМ бұйрығы |
ДСМ, БҒМ |
2009 жылғы III тоқсан |
Талап етілмейді |
|
5. |
Қорлардың болу және республика өңірлерінде көкөніс өнімнің көтерме- бөлшек бағаларына мониторинг жүргізудің бірыңғай нысанын әзірлеу |
ИСМ бұйрығы |
ИСМ, СА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері (келісім бойынша), ҚБСККС (келісім бойынша) |
2008 жылғы IV тоқсан |
Талап етілмейді |
|
6. |
Жеміс-көкөніс өнімдерінің импортын есепке алуды жетілдіру мәселесін пысықтау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
АШМ (жинақтау) ИСМ, Қаржымині |
2008 жылғы IV тоқсан |
Талап етілмейді |
|
7. |
Ірі жылу және газбен жабдықтау объектілерінің жанынан мамандандырылған "инфрақұрылымдық жылыжай парктерін" ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
Облыстардың әкімдері, "ҚазАгро" ҰХ" АҚ (келісім бойынша), ӘКК (келісім бойынша) |
2008 жылғы IV тоқсан |
Талап етілмейді |
|
8. |
"Өңірлік терминалдар желісі бар ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме рыногін салу" жобасын іске асыруды жалғастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
АШМ "ҚазАгро" ҰХ" АҚ (келісім бойынша) |
Жыл сайын І тоқсан |
Талап етілмейді |
|
9. |
Жыл сайынғы "KazAgroFood" Орта Азиялық жеміс-көкөніс форумын өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп |
АШМ, ИСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "ҚазАгро" ҰХ" АҚ (келісім бойынша), ҚБСҚКҚ (келісім бойынша) |
Жыл сайын ІІ тоқсан |
2008 жыл - 7000,0 2009 жыл - 10 000,0 |
Форумға қатысушылардың өз қаражаты есебінен |
10. |
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені жетістіктерінің жыл сайынғы республикалық "Қараөткел" жәрмеңкесін өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп |
АШМ, ИСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "ҚазАгро" ҰХ" АҚ (келісім бойынша) |
Жыл сайын ІІІ тоқсан |
2008 жыл - 25 000,0 2009 жыл - 30 000,0 |
Жәрмеңкеге қатысушылардың өз қаражаты есебінен |
11. |
"AgroInvest-2008" халықаралық аграрлық инвестициялық форум өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп |
АШМ, ИСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "ҚазАгро" ҰХ" АҚ (келісім бойынша) |
Жыл сайын ІІІ тоқсан |
2008 жыл - 45 000,0 2009 жыл - 50 000,0 |
Форумға қатысушылардың өз қаражаты есебінен |
12. |
"Оңтүстік Қазақстан облысында тамшылатып суғару технологиясын қолдана отырып, жеміс-көкөніс дақылдары өндірісін дамыту" жобасын іске асыруды жүзеге асыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
АШМ, "ҚазАгро" ҰХ" АҚ |
Жарты жылдың қорытындысы бойынша 15 қаңтар мен 15 шілде |
2008 жыл - 1 314 100,0 |
"ҚазАгро" ҰХ" АҚ қаражаты |
13. |
2005 - 2007 жылдары жеміс-көкөніс өнімдері өндірісінің теңгерімін жүргізуді қамтамасыз ету және 2008 - 2009 жылдарға, оның ішінде жылыжай, көшетхана шаруашылықтарына, ішкі нарықтың көкөніске деген қажеттілігіне және қамтамасыз етілуіне болжам жасау |
АШМ-ге есеп |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
Тоқсан сайын |
Талап етілмейді |
|
14. |
Өңірлерді жеміс-көкөніс өнімдерімен талап етілетін көлемде барынша қамтамасыз ету үшін егіс алаңдарының құрылымын одан әрі оңтайландыру жөнінде шаралар қабылдау |
АШМ-ге есеп |
Облыстардың әкімдері |
2009 жылғы I тоқсан |
Талап етілмейді |
|
15. |
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қажетті материалдық-техникалық ресурстармен, оның ішінде тұқымдармен және өсімдік қорғау құралдарымен қамтамасыз етуде көмек көрсету |
АШМ-ге есеп |
Облыстардың әкімдері |
Тоқсан сайын |
2008 жыл - 15 125 171,0 2009 жыл* - 23 417 141,0 |
Республикалық бюджет |
16. |
Суғарудың прогрессивтік су үнемдеу әдістерін, оның ішінде тамшылатып суғаруды енгізу жөніндегі жұмысты жандандыру |
АШМ-ге есеп |
Облыстардың әкімдері |
Тоқсан сайын |
2008 жыл -
2009 жыл* -
|
Республикалық бюджет |
17. |
Су пайдаланушылар бірлестігін құру жөніндегі жұмысты жалғастыру |
АШМ-ге есеп |
Облыстардың әкімдері |
Тоқсан сайын |
Талап етілмейді |
|
18. |
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, қайта өңдеу кәсіпорындары мен көтерме және бөлшек сауда ұйымдары арасында жеміс-көкөніс дақылдары мен жүзім сатып алуға келісім-шарт жасасу жүйесін құру |
АШМ-ге есеп |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ӘКК (келісім бойынша) |
Тоқсан сайын |
Талап етілмейді |
|
19. |
Тұқым шаруашылығын дамыту бойынша шаралар қабылдау және жеміс дақылдары мен жүзім екпелері, көкөніс тұқымдарының өндірісі бойынша элиталық-тұқымдық, тұқым шаруашылықтары желісін құру жөніндегі жұмысты жандандыру |
АШМ-ге есеп |
Облыстардың әкімдері, "ҚАИ" АҚ (келісім бойынша) |
Тоқсан сайын |
Талап етілмейді |
|
20. |
Жылыжай және көшетхана шаруашылықтарында, жеміс-көкөніс қоймалары мен тиісті базаларда тексеріс жүргізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
АШМ, облыстардың әкімдері, "ҚазАгро" ҰХ"АҚ (келісім бойынша), ӘКК (келісім бойынша) |
2008 жылғы IV тоқсан |
Талап етілмейді |
|
21. |
Халықты жыл бойы жаңа жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында жылыжай және көшетхана шаруашылықтары, жеміс-көкөніс қоймалары мен тиісті базалардың санын ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
АШМ, облыстардың әкімдері, "ҚазАгро" ҰХ"АҚ (келісім бойынша), ӘКК (келісім бойынша) |
Тоқсан сайын |
2008 жыл - 8 200 000,0 |
"ҚазАгро" ҰХ" АҚ қаражаты |
22. |
Республиканың оңтүстік өңірлерінің және/немесе жақын және алыс шет елдерден әкелінетін қажетті жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу мен көлемінің кестесін әзірлеу |
ИСМ-ге ақпарат |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ӘКК (келісім бойынша) |
2008 жылғы IV тоқсан |
Талап етілмейді |
|
23. |
Агроқұралымдардың (жұмыс берушілердің) қажеттіліктерін ескере отырып, жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және сақтау мамандықтары бойынша орта буындағы мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру |
БҒМ-ге ұсыныстар |
АШМ, "ҚАИ" АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2008 жылғы IV тоқсан |
Талап етілмейді |
|
24. |
Жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және сақтау бойынша мамандармен республиканың жеміс-көкөніс саласын қамтамасыз ету мониторингін жүргізу жөнінде шаралар қабылдау және оларды дайындау, қайта дайындау мен біліктілігін арттыру жөнінде өңіраралық орталықтар құру жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
АШМ, "ҚазАгро" ҰХ"АҚ (келісім бойынша), ӘКК (келісім бойынша), Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
Жыл сайын IV тоқсан |
Талап етілмейді |
|
25. |
Ауыл халқына шағын кредит беру жүйесін дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
АШМ, ИСМ, "ҚазАгро" ҰХ"АҚ (келісім бойынша), "Қазына" АҚ (келісім бойынша) |
Жыл сайын IV тоқсан |
Талап етілмейді |
|
26. |
Сервистік-дайындау орталықтарына, жылыжайлар мен тамшылатып суару жүйелеріне арналған лизингке жабдықтар мен техника жеткізуді есепке ала отырып, лизингтік қызмет бағыттарын кеңейту бойынша шаралар қабылдау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
АШМ, "ҚазАгро" ҰХ"АҚ (келісім бойынша) |
2008 жылғы IV тоқсан |
Талап етілмейді |
|
27. |
Шаруа (фермерлік) қожалықтарына және агроөнеркәсіптік кешеннің басқа да субъектілеріне анықтамалық және бағалық ақпараттарды ұсыну, сондай-ақ жылыжай құрылысы мен тамшылатып суару жүйесін қолдану жөнінде жеке бастаманы ынталандыру мақсатында жеміс-көкөніс өнімдерін өсірудің қазіргі заманғы технологияларын қолдану бойынша ауыл халқы арасында консультациялық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шараларды жалғастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
АШМ, "ҚазАгро" ҰХ"АҚ (келісім бойынша), "ҚАИ" АҚ (келісім бойынша) |
Тоқсан сайын |
Талап етілмейді |
|
28. |
Ұзақ сақтауға және өнеркәсіптік қайта өңдеуге жарамды жеміс-көкөніс дақылдарының бәсекеге қабілетті, шығымдылығы жоғары сорттарын жасау және енгізу, озық шетелдік технологиялардың трансферті жөніндегі жұмысты жандандыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
АШМ, "ҚАИ" АҚ (келісім бойынша), облыстардың әкімдері |
Тоқсан сайын |
2008 жыл - 72 600,0 |
Мемлекеттік бюджет |
29. |
Облыс бөлінісінде ішкі нарықтағы жеміс-көкөніс өнімдері мен жанар-жағармай материалдарының бағасына мониторинг жүргізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
АШМ, "ҚазАгро" ҰХ" АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
Тоқсан сайын |
Талап етілмейді |
|
30. |
Мемелекеттік шекара арқылы контрабандалық қызметке қарсы әрекеттерді және Үкімет қабылдаған шектеулерді есепке ала отырып, азық-түлік тауарлары мен жанар-жағармай материалдарын әкелу мен әкетудің белгіленген тәртібінің сақталуын бақылауды жоғарылату жөнінде шаралар қабылдауды жалғастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп |
Қаржымині, ЭСЖҚКА (келісім бойынша), ҰҚКШҚ (келісім бойынша) |
Тоқсан сайын |
Талап етілмейді |
|
31. |
Жеміс-көкөніс өнімдерінің ел ішінде кедергісіз тасымалдануын қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп |
ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
Тоқсан сайын |
Талап етілмейді |
|
32. |
Жеміс-көкөніс өнімінің тасымалдануы үшін арнайы жылжымалы құрамның жай-күйіне талдау жүргізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ККМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
Жыл сайын IV тоқсан |
Талап етілмейді |
|
33. |
Жеміс-көкөніс өнімдері бар жүктерді тасымалдау үшін мамандандырылған автопарк құру жөнінде шаралар қабылдау |
ИСМ-ге есеп |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ИСМ, ӘКК (келісім бойынша) |
Тоқсан сайын |
Талап етілмейді |
|
34. |
Штабтардың халыққа азық-түлік тауарларын өткізу, штабтар жанынан сенім телефондарын құру, сондай-ақ халық арасында ауыл шаруашылығы өнімдеріне, оның ішінде жеміс-көкөністерге жергілікті нарықтарда қол жетімділігін кеңейту жөнінде өңірлерде қабылданатын шаралар
|
ИСМ-ге ақпарат |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҚБСККС (келісім бойынша) |
Тоқсан сайын |
Талап етілмейді |
|
Ескертпе:
* Шығыстар тиісті жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде анықталады
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
ЭСҚКА - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы
полициясы)
ҰҚК ШҚ - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің Шекара қызметі
"Атамекен" ҚӨЭП - "Атамекен" Одағы" Қазақстанның ұлттық экономикалық
палатасы" заңды тұлғалардың бірлестігі
"ҚазАгро" ҰХ" АҚ - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы
"Қазына" АҚ - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы
"ҚТЖ" АҚ - "Қазақстан темір жол" ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамы
"ҚАИ" АҚ - "ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамы
ҚБСҚКҚ - Қазақстан базарларының, сауда кәсіпорындарының
және қызметтер көрсету саласының қауымдастығы
ӘКК - Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар