Ішкі нарықты жеміс-көкөніс өнімімен тұрақты молықтыру бойынша 2008-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі N 248-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Ішкі нарықты жеміс-көкөніс өнімімен тұрақты молықтыру бойынша 2008-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары мен мүдделі ұйымдар (келісім бойынша):
      1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 1-күнінен кешіктірмей Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне берсін.

       Премьер-Министр                                    К.Мәсімов

      Қазақстан Республикасы 
      Премьер-Министрінің  
      2008 жылғы 30 қыркүйектегі
      N 248-ө өкімімен     
      бекітілген       

Ішкі нарықты жеміс-көкөніс өнімімен тұрақты молықтыру бойынша 2008-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

р/c
N

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындалу
мерзімі

Болжанатын шығыстар (мың теңге)

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1.

Өңірлерді жеміс-көкөніс өнімімен молықтыру жөніндегі 2008 - 2009 жылдарға арналған өңірлік бағдарламаларды Ауыл шаруашылығы, Индустрия және сауда министірліктерімен бірге әзірлеу және келісу

Облыстар, Астана және Алматы қалаларының мәслихатының шешімдері

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, АШМ, ИСМ

2008 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді


2.

Республиканың өңірлерін жеміс-көкөніс  өнімімен тұрақты молықтыру бөлігінде жергілікті атқарушы органдардың қызметін рейтингтік бағалау мониторингі жүйесіне ұсыныстар даярлау

ЭБЖМ-ге ұсыныстар

АШМ, ИСМ, ӘКК (келісім бойынша)

2008 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді


3.

 

Сауда қызмет саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге тексеріс жүргізу және көтерме әрі бөлшек сауда саласындағы ахуалды реттеуге бағытталған тиісті ұсыныстар дайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ИСМ, АШМ, ӘКК (келісім бойынша) ҚБСҚКҚ (келісім бойынша)

2008 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді


4.

Азық-түлік тауарларының, оның ішінде жеміс-көкөніс өнімдері мен оларды қайта өңдеу өнімдері негізгі түрлерінің тұтыну нормативтерін әзірлеу және оларды уәкілетті органға бекітуге ұсыну

ДСМ бұйрығы

ДСМ, БҒМ

2009 жылғы III тоқсан

Талап етілмейді


5.

Қорлардың болу және республика өңірлерінде көкөніс өнімнің көтерме- бөлшек бағаларына мониторинг жүргізудің бірыңғай нысанын әзірлеу

ИСМ бұйрығы

ИСМ, СА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері (келісім бойынша), ҚБСККС (келісім бойынша)

2008 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді


6.

Жеміс-көкөніс өнімдерінің импортын есепке алуды жетілдіру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

АШМ (жинақтау) ИСМ, Қаржымині

2008 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді


7.

Ірі жылу және газбен жабдықтау объектілерінің жанынан мамандандырылған "инфрақұрылымдық жылыжай парктерін" ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

Облыстардың әкімдері, "ҚазАгро" ҰХ" АҚ (келісім бойынша), ӘКК (келісім бойынша)

2008 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді


8.

"Өңірлік терминалдар желісі бар ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме рыногін салу" жобасын іске асыруды жалғастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

АШМ "ҚазАгро" ҰХ" АҚ (келісім бойынша)

Жыл сайын І тоқсан

Талап етілмейді


9.

Жыл сайынғы "KazAgroFood" Орта Азиялық жеміс-көкөніс форумын өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

АШМ, ИСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "ҚазАгро" ҰХ" АҚ (келісім бойынша), ҚБСҚКҚ (келісім бойынша)

Жыл сайын ІІ тоқсан

2008 жыл - 7000,0

2009 жыл - 10 000,0

Форумға қатысушылардың өз қаражаты есебінен

10.

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені жетістіктерінің жыл сайынғы республикалық "Қараөткел" жәрмеңкесін өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

АШМ, ИСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "ҚазАгро" ҰХ" АҚ (келісім бойынша)

Жыл сайын ІІІ тоқсан

2008 жыл - 25 000,0

2009 жыл - 30 000,0

Жәрмеңкеге қатысушылардың өз қаражаты есебінен

11.

"AgroInvest-2008" халықаралық аграрлық инвестициялық форум өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

АШМ, ИСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "ҚазАгро" ҰХ" АҚ (келісім бойынша)

Жыл сайын ІІІ тоқсан

2008 жыл - 45 000,0

2009 жыл - 50 000,0

Форумға қатысушылардың өз қаражаты есебінен

12.

"Оңтүстік Қазақстан облысында тамшылатып суғару технологиясын қолдана отырып, жеміс-көкөніс дақылдары өндірісін дамыту" жобасын іске асыруды жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

АШМ, "ҚазАгро" ҰХ" АҚ

Жарты жылдың қорытындысы бойынша 15 қаңтар  мен 15 шілде

2008 жыл - 1 314 100,0

"ҚазАгро" ҰХ" АҚ қаражаты

13.

2005 - 2007 жылдары жеміс-көкөніс өнімдері өндірісінің теңгерімін жүргізуді қамтамасыз ету және 2008 - 2009 жылдарға, оның ішінде жылыжай, көшетхана шаруашылықтарына, ішкі нарықтың көкөніске деген қажеттілігіне және қамтамасыз етілуіне болжам жасау

АШМ-ге есеп

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Тоқсан сайын

Талап етілмейді


14.

Өңірлерді жеміс-көкөніс өнімдерімен талап етілетін көлемде барынша қамтамасыз ету үшін егіс алаңдарының құрылымын одан әрі оңтайландыру жөнінде шаралар қабылдау

АШМ-ге есеп

Облыстардың әкімдері

2009 жылғы I тоқсан

Талап етілмейді


15.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қажетті материалдық-техникалық ресурстармен, оның ішінде тұқымдармен және өсімдік қорғау құралдарымен қамтамасыз етуде көмек көрсету

АШМ-ге есеп

Облыстардың әкімдері

Тоқсан сайын

2008 жыл - 15 125 171,0

2009 жыл* - 23 417 141,0

Республикалық бюджет

16.

Суғарудың прогрессивтік су үнемдеу әдістерін, оның ішінде тамшылатып суғаруды енгізу жөніндегі жұмысты жандандыру

АШМ-ге есеп

Облыстардың әкімдері

Тоқсан сайын

2008 жыл -
775 036,0

2009 жыл* -
1 062 338,0

Республикалық бюджет

17.

Су пайдаланушылар бірлестігін құру жөніндегі жұмысты жалғастыру

АШМ-ге есеп

Облыстардың әкімдері

Тоқсан сайын

Талап етілмейді


18.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, қайта өңдеу кәсіпорындары мен көтерме және бөлшек сауда ұйымдары арасында жеміс-көкөніс дақылдары мен жүзім сатып алуға келісім-шарт жасасу жүйесін құру

АШМ-ге есеп

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ӘКК (келісім бойынша)

Тоқсан сайын

Талап етілмейді


19.

Тұқым шаруашылығын дамыту бойынша шаралар қабылдау және жеміс дақылдары мен жүзім екпелері, көкөніс тұқымдарының өндірісі бойынша элиталық-тұқымдық, тұқым шаруашылықтары желісін құру жөніндегі жұмысты жандандыру

АШМ-ге есеп

Облыстардың әкімдері, "ҚАИ" АҚ (келісім бойынша)

Тоқсан сайын

Талап етілмейді


20.

Жылыжай және көшетхана шаруашылықтарында, жеміс-көкөніс қоймалары мен тиісті базаларда тексеріс жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

АШМ, облыстардың әкімдері, "ҚазАгро" ҰХ"АҚ (келісім бойынша), ӘКК (келісім бойынша)

2008 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді


21.

Халықты жыл бойы жаңа жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында жылыжай және көшетхана шаруашылықтары, жеміс-көкөніс қоймалары мен тиісті базалардың санын ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

АШМ, облыстардың әкімдері, "ҚазАгро" ҰХ"АҚ (келісім бойынша), ӘКК (келісім бойынша)

Тоқсан сайын

2008 жыл - 8 200 000,0

"ҚазАгро" ҰХ" АҚ қаражаты

22.

Республиканың оңтүстік өңірлерінің және/немесе жақын және алыс шет елдерден әкелінетін қажетті жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу мен көлемінің кестесін әзірлеу

ИСМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ӘКК (келісім бойынша)

2008 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді


23.

Агроқұралымдардың (жұмыс берушілердің) қажеттіліктерін ескере отырып, жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және сақтау мамандықтары бойынша орта буындағы мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру

БҒМ-ге ұсыныстар

АШМ, "ҚАИ" АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2008 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді


24.

Жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және сақтау бойынша мамандармен республиканың жеміс-көкөніс саласын қамтамасыз ету мониторингін жүргізу жөнінде шаралар қабылдау және оларды дайындау, қайта дайындау мен біліктілігін арттыру жөнінде өңіраралық орталықтар  құру жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

АШМ, "ҚазАгро" ҰХ"АҚ (келісім бойынша), ӘКК (келісім бойынша), Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын IV тоқсан

Талап етілмейді


25.

Ауыл халқына шағын кредит беру жүйесін дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

АШМ, ИСМ, "ҚазАгро" ҰХ"АҚ (келісім бойынша), "Қазына" АҚ (келісім бойынша)

Жыл сайын IV тоқсан

Талап етілмейді


26.

Сервистік-дайындау орталықтарына, жылыжайлар мен тамшылатып суару жүйелеріне арналған лизингке жабдықтар мен техника жеткізуді есепке ала отырып, лизингтік қызмет бағыттарын кеңейту бойынша шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

АШМ, "ҚазАгро" ҰХ"АҚ (келісім бойынша)

2008 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді


27.

Шаруа (фермерлік) қожалықтарына және агроөнеркәсіптік кешеннің басқа да субъектілеріне анықтамалық және бағалық ақпараттарды ұсыну, сондай-ақ жылыжай құрылысы мен тамшылатып суару жүйесін қолдану жөнінде жеке бастаманы ынталандыру мақсатында жеміс-көкөніс өнімдерін өсірудің қазіргі заманғы технологияларын қолдану бойынша ауыл халқы арасында консультациялық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шараларды жалғастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

АШМ, "ҚазАгро" ҰХ"АҚ (келісім бойынша), "ҚАИ" АҚ (келісім бойынша)

Тоқсан сайын

Талап етілмейді


28.

Ұзақ сақтауға және өнеркәсіптік қайта өңдеуге жарамды жеміс-көкөніс дақылдарының бәсекеге қабілетті, шығымдылығы жоғары сорттарын жасау және енгізу, озық шетелдік технологиялардың трансферті жөніндегі жұмысты жандандыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

АШМ, "ҚАИ" АҚ (келісім бойынша), облыстардың әкімдері

Тоқсан сайын

2008 жыл - 72 600,0

Мемлекеттік бюджет

29.

Облыс бөлінісінде ішкі нарықтағы жеміс-көкөніс өнімдері мен жанар-жағармай материалдарының бағасына мониторинг жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

АШМ, "ҚазАгро" ҰХ" АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Тоқсан сайын

Талап етілмейді


30.

Мемелекеттік шекара арқылы контрабандалық қызметке қарсы әрекеттерді және Үкімет қабылдаған шектеулерді есепке ала отырып, азық-түлік тауарлары мен жанар-жағармай материалдарын әкелу мен әкетудің белгіленген тәртібінің сақталуын бақылауды жоғарылату жөнінде шаралар қабылдауды жалғастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

Қаржымині, ЭСЖҚКА (келісім бойынша), ҰҚКШҚ (келісім бойынша)

Тоқсан сайын

Талап етілмейді


31.

Жеміс-көкөніс өнімдерінің ел ішінде кедергісіз тасымалдануын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Тоқсан сайын

Талап етілмейді


32.

Жеміс-көкөніс өнімінің тасымалдануы үшін арнайы жылжымалы құрамның жай-күйіне талдау жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл  сайын IV тоқсан

Талап етілмейді


33.

Жеміс-көкөніс өнімдері бар жүктерді тасымалдау үшін мамандандырылған автопарк құру жөнінде шаралар қабылдау

ИСМ-ге есеп

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ИСМ, ӘКК (келісім бойынша)

Тоқсан сайын

Талап етілмейді


34.

Штабтардың халыққа азық-түлік тауарларын өткізу, штабтар жанынан сенім телефондарын құру, сондай-ақ халық арасында ауыл шаруашылығы өнімдеріне, оның ішінде жеміс-көкөністерге жергілікті нарықтарда қол жетімділігін кеңейту жөнінде өңірлерде қабылданатын шаралар
туралы түсіндіру жұмысын жүргізу мәселелері тиімді жұмысын қамтамасыз ету

ИСМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҚБСККС (келісім бойынша)

Тоқсан сайын

Талап етілмейді


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе:
      * Шығыстар тиісті жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде анықталады

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ИСМ              - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
                   министрлігі
АШМ              - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                   министрлігі
ЭБЖМ             - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
                   жоспарлау министрлігі
Қаржымині        - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ІІМ              - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ККМ              - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
                   министрлігі
БҒМ              - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                   министрлігі
ДСМ              - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                   министрлігі
Әділетмині       - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
СА               - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
ЭСҚКА            - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және
                   сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы
                   полициясы)
ҰҚК ШҚ           - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
                   комитетінің Шекара қызметі
"Атамекен" ҚӨЭП  - "Атамекен" Одағы" Қазақстанның ұлттық экономикалық
                   палатасы" заңды тұлғалардың бірлестігі
"ҚазАгро" ҰХ" АҚ - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы
"Қазына" АҚ      - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы
"ҚТЖ" АҚ         - "Қазақстан темір жол" ұлттық компаниясы"
                   акционерлік қоғамы
"ҚАИ" АҚ         - "ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамы
ҚБСҚКҚ           - Қазақстан базарларының, сауда кәсіпорындарының
                   және қызметтер көрсету саласының қауымдастығы
ӘКК              - Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады