2009 жылы Германиядағы Қазақстан жылын өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған:
1) 2009 жылы Германиядағы Қазақстан жылын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы;
2) 2009 жылы Германиядағы Қазақстан жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 20 қаңтардағы
N 8-ө өкімімен бекітілген
2009 жылы Германиядағы Қазақстан жылын дайындау және
өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы
Султанов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы бюджеттік жоспарлау министрі, төраға
Ільясов - Қазақстан Республикасы Президентінің
Мағжан Жанботаұлы Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының
меңгерушісі (келісім бойынша)
Онжанов - Қазақстан Республикасының Германия
Нұрлан Баймолданұлы Федеративтік Республикасындағы Төтенше
және Өкілетті Елшісі
Қасымбеков - Қазақстан Республикасы Парламенті
Талғат Амангелдіұлы Мәжілісінің Халықаралық байланыстар және
хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары
(келісім бойынша)
Қуанғанов - Қазақстан Республикасы Ғылым және білім
Фархад Шаймұратұлы министрлігінің жауапты хатшысы
Бөрібаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Асқар Ысмайылұлы ақпарат вице-министрі
Мамытбеков - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Еділ Құламқадырұлы сауда вице-министрі
Меркель - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
Иоганн Давидович бірінші орынбасары (келісім бойынша)
Шаймағамбетов - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Еркін Мұстафаұлы агенттігі төрағасының орынбасары
Меңдібаев - Қазақстан Республикасы Статистика
Бірлік Қайырбекұлы агенттігі төрағасының орынбасары
Базарбаев - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары
Асқар Ермырзаұлы
Рахымжанов - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Әмірхан Мұратбекұлы
Сманқұлов - Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Аскар Сұлтанұлы
Тасқожин - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Амангелді Шағатайұлы министрлігі Сыртқы байланыстар және
инвестициялар департаментінің директоры
Құрманғожин - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Рүстем Сәлімұлы министрлігі Еуропа департаменті
директорының орынбасары
Қамзебаева - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
Дариға Үсейінқызы министрлігі Туризмді дамыту және
халықаралық ынтымақтастықтың
департаменті директорының орынбасары
Қоңырбаева - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Алма Уәлиханқызы министрлігінің Халықаралық ақпарат
комитеті имидждік жұмыс басқармасының
бастығы
Олжабаева - Маңғыстау облысының әкімдігі кәсіпкерлік
Лиза Оспанқызы және өнеркәсіп басқармасының бастығы
Тұрсымбаев - Қазақстан Республикасы Президентінің
Кеген Ахметұлы Күзет қызметі департаменті бастығының
орынбасары (келісім бойынша)
Дьяченко - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
Олег Сергеевич акционерлік қоғамы Инвестицияларды
дамыту департаментінің директоры
(келісім бойынша)
Қожасбай - Қазақстан Республикасы Сауда-Өнеркәсіп
Ерлан Сәдуақасұлы Палатасының президенті (келісім бойынша)
Мусина - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік
Лилия Сәкенқызы қоғамы басқарма төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)
Өтепбаев - "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық
Болат Орынбекұлы экономикалық палатасы төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Оразов - "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі"
Нұрай Нұрғожаұлы акционерлік қоғамы басқарушы
директорының міндетін атқарушы (келісім
бойынша)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 20 қаңтардағы
N 8-ө өкімімен бекітілген
2009 жылы Германиядағы Қазақстан жылын өткізу жөніндегі
іс-шаралар жоспары
Р/с N |
Іс-шараның атауы |
Өткізілетін уақыты мен орны |
Жауапты орындаушылар |
Қаржыландыру көздері |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. Қазақстан Республикасы мен Германия президенттері әкімшіліктерінің бақылауындағы іс-шаралар |
||||
1. |
Германиядағы Қазақстан жылының салтанатты ашылуы және жабылуы, гала концерттер өткізу |
Берлин қаласы, 2009 жылғы 1 және 4-тоқсандар |
ҚР Президентінің Әкімшілігі (келісім бойынша), ҚР ЭБЖМ, ҚР МАМ, ҚР СІМ және басқа мүдделі мемлекеттік органдар |
ҚР МАМ қаражаты 156 500 мың теңге
|
2. |
Ынтымақтастық мәселелерін талқылау бойынша қазақстан және герман кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форум өткізу |
Берлин қаласы, 2009 жылғы 1-тоқсан |
ҚР ИСМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) және өзге де ұйымдар |
ҚР ИСМ қаражаты
|
3. |
Германиядағы Қазақстан жылының ашылуы мен жабылуына орай Мемлекет басшысының атынан ресми қабылдаулар өткізу |
Берлин қаласы, 2009 жылғы 1 және 4-тоқсандар |
ҚР СІМ |
ҚР СІМ қаражаты
|
2. Орталық мемлекеттік органдар деңгейінде өткізілетін іс-шаралар |
||||
4. |
Германия Федеративтік Республикасы Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің арасындағы алмасу және құқықтық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою |
Берлин қаласы, 2009 жылғы 1-тоқсан |
ҚР Әділетмині |
ҚР СІМ қаражаты
|
5. |
Қазақстанның жыл сайынғы "Жасыл апта" халықаралық жәрменкесіне қатысуы (2009 жылғы 16-25 қаңтар). ГФР-дің федералдық жерлерінде болу |
Берлин, Баден-Вюртемберг, Бавария қалалары,
|
ҚР АШМ, "ҚазАгро" ұлттық холдингі (келісім бойынша), ҚР СІМ, Ақмола облысының әкімдігі |
ҚР СІМ қаражаты
|
6. |
In Went өкілдерімен бірге Экономика саласындағы басшы қызметкерлер мен менеджерлердің біліктіліктерін арттыру бағдарламасын бітірушілермен конференция ұйымдастыру |
Берлин қаласы, 2009 жылғы 1-тоқсан |
"ҚР ЭБЖМ, ҚР СІМ, "Тұран-Профи" ХКА (келісім бойынша) |
ҚР СІМ қаражаты
|
7. |
"Қазақстанның бейбітшілік, тұрақтандыру және қарусыздандыру ісіне үлесі" тақырыптық форумын өткізу. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың неміс тіліндегі "Эпицентр мира" кітабының тұсаукесері |
Берлин қаласы, 2009 жылғы 1-тоқсан |
ҚР СІМ |
ҚР СІМ қаражаты
|
8. |
Қазақстан Республикасы мен ГФР парламентарийлері - "Германия-Қазақстан" парламенттік топтар мүшелерінің кездесулерін ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы парламенттік делегациясының ГФР-ге сапары |
Берлин, Майндағы Франкфурт қалалары,
|
ҚР Парламенті (келісім бойынша), ҚР СІМ |
ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының қаражаты
|
9. |
Қазақстанның "Hannover Messe 2009" халықаралық өнеркәсіп жәрменкесіне қатысуы |
Ганновер қаласы,
|
ҚР ИСМ, ҚР СІМ |
ҚР ИСМ қаражаты
|
10. |
Германиядағы Қазақстан күндері шеңберінде зергерлік бұйымдар мен декоративтік-қолданбалы өнер, фото және бейнелеу өнері, сирек кездесетін кітаптар, алтын адам, сақ алтыны, ежелгі және жаңа тарих жәдігерлері көрмесін ұйымдастыру |
Берлин, Дрезден, Ганновер, Бонн қалалары,
|
ҚР МАМ, ҚР СІМ |
ҚР МАМ қаражаты
|
11. |
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің гастрольдерін өткізу |
Берлин, Штутгарт, Мюнхен қалалары,
|
ҚР МАМ |
ҚР МАМ қаражаты
|
12. |
Германияда мемлекеттік республикалық неміс драма театрының гастрольдерін өткізу |
Берлин, Мюнхен, Мюнстер қалалары,
|
ҚР МАМ |
ҚР МАМ қаражаты
|
13. |
К. Бәйсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрының гастрольдерін өткізу |
Берлин, Дрезден, Бонн, Штутгарт қалалары,
|
ҚР МАМ |
ҚР МАМ қаражаты
|
14. |
Германияда Қазақстан жылы шеңберінде өткізілетін іс-шараларды мемлекеттік БАҚ арқылы кеңінен ақпараттық жариялау |
Жыл бойы |
ҚР МАМ |
ҚР МАМ қаражаты
|
15. |
Қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын неміс тіліне аудару және басып шығару |
Астана қаласы, 2009 жылы |
ҚР МАМ |
ҚР МАМ қаражаты
|
16. |
Қазақстан Республикасы мен ГФР сарапшыларының қатысуымен "Қазақстан өкілдігінің ЕҚЫҰ-де басымдығы" ғылыми-практикалық конференциясын өткізу |
Берлин, Бонн қалалары,
|
ҚР СІМ, ҚСЗИ (келісім бойынша) |
ҚР СІМ қаражаты
|
17. |
Қазақстан Республикасы мен ГФР сарапшыларының қатысуымен "Еуропаға жол: экономикалық және әлеуметтік жаңғырудың қазақстандық моделі" ғылыми-практикалық конференциясын өткізу |
Берлин қаласы,
|
ҚР СІМ, ҚР ЭБЖМ, ҚР МАМ, ҚР ТСМ, ҚР ИСМ, ҚР Әділетмині, ҚР БП (келісім бойынша) |
ҚР СІМ қаражаты
|
18. |
Германияда Қазақстан киносы күндерін ұйымдастыру (семинарлар және Қыз Жібек, М. Шоқай, Қыз жылаған, Ұлжан фильмдерін және т.б. көрсету) |
Берлин, Висбаден, Котбус қалалары,
|
ҚР МАМ, ҚР СІМ |
ҚР МАМ қаражаты
|
19. |
"Қазақстандағы мәдениетаралық диалог: алуантүрлілік арқылы ілгерілеу" тақырыбына конференция өткізу |
Бонн қаласы,
|
ҚР СІМ |
ҚР СІМ қаражаты
|
20. |
Одан әрі "ИТБ-2009"-ге ауысатын "Тянь-Шань Альпіні қарсы алады" ұранымен Қазақстанның Бавариядағы халықаралық туризм жәрмеңкесіне қатысуы |
Мюнхен қаласы,
|
ҚР ТСМ, ҚР СІМ |
ҚР СІМ қаражаты
|
21. |
Қазақстанның жыл сайынғы халықаралық "ИТБ-2009" туризм жәрмеңкесі (2009 жылғы 11-15 наурыз) мен Қазақтың ұлттық тағамдары мен мәдени бағдарламасын таныстыра отырып көктемгі "Наурыз" мерекесіне қатысуы |
Берлин қаласы,
|
ҚР ТСМ, ҚР СІМ |
ҚР ТСМ қаражаты
|
22. |
Қазақстан Республикасы мен ГФР-дың ғарыштық бағдарламаларын таныстыра отырып бірлескен "қазақстан-герман ғарыш күні" ұйымдастыру және Германиядағы объектілерді аралау |
Бремен қаласы, 2009 жылғы мамыр |
ҚР ҰҒА, ҚР СІМ "ҚҒС" ҰҚ" АҚ (келісім бойынша), "ҒБРО" АҚ (келісім бойынша), "ҰҒЗТО" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" БК" АҚ (келісім бойынша), "Инфракос-экос" ЕМК |
ҚР СІМ қаражаты
|
23. |
Континентальдық Еуропа мен ГФР-да халықаралық бағдарламалар орталығы өкілдіктерінің салтанатты ашылуы |
Майндағы Франкфурт, Берлин қалалары,
|
ҚР БҒМ, ҚР СІМ |
ҚР СІМ қаражаты
|
24. |
Германияда Қазақстан студенттерінің III Форумын өткізу. Қазақстан және неміс жастарының кездесуі |
Берлин қаласы,
|
ҚР СІМ, ҚР БҒМ |
ҚР СІМ қаражаты
|
25. |
ҚР және ГФР жастары үшін музыкалық ойын-сауық кешін ұйымдастыру |
Берлин қаласы,
|
ҚР СІМ |
ҚР СІМ қаражаты
|
26. |
Саксониядағы Қазақстан экономикасы күні. "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын таныстыру |
Дрезден қаласы,
|
ҚР СІМ |
ҚР СІМ қаражаты
|
27. |
Германияда "Қазақ кітапханасы" мен қазақ авторларының шығармашылықтарымен таныстыру Әдеби оку кештерін ұйымдастыру |
Берлин, Кельн, Веймар, Лейпциг калалары,
|
ҚР СІМ |
ҚР СІМ қаражаты
|
28. |
Германиядағы Қазақстан жылы белгісімен бағдарламалық кітапшалар, шақыру ашықхаттары, плакаттар мен жарнамалық өнімдерін дайындау |
Берлин қаласы,
|
ҚР СІМ |
ҚР СІМ қаражаты
|
29. |
"Deutsche Welle" және "Euronews" телеарналарында Германиядағы Қазақстан жылын өткізу туралы жарнамалық роликтерін ұйымдастыру және тарату |
Еуропа бойынша,
|
ҚР СІМ |
ҚР СІМ қаражаты
|
30. |
Бұқаралық ақпарат құралдарында тақырыптық айдарлар ашу (теледидар, радио, баспасөз) |
Германия бойынша
|
ҚР СІМ |
ҚР СІМ қаражаты
|
3. Өзге ұйымдар деңгейінде өткізілетін іс-шаралар |
||||
31. |
Германиядағы Қазақстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы өкілдігінің салтанатты ашылуы |
Берлин қаласы,
|
ҚР СӨП (келісім бойынша), ҚР СІМ |
ҚР СӨП қаражаты
|
32. |
Қазақстанның Бавариядағы, Баден-Вюртембергтегі, Солтүстік Рейн-Вестфалидегі федералдық жерінде экономика күндері шеңберінде "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-ны, "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшы" мемлекеттік бағдарламасын және әлеуметтік-корпорацияларды таныстыру |
Мюнхен, Штутгарт, Дортмунд, Эссен қалалары,
|
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), ҚР СІМ |
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ қаражаты |
33. |
Қазақстан-герман іскерлік кеңесінің отырысын өткізу |
ГФР,
|
"Атамекен" Одағы" ҚҰЭП (келісім бойынша) |
"Атамекен" Одағы" ҚҰЭП қаражаты есебінен ҚҰЭП өкілдерінің қатысуы
|
34. |
"Даму" қоры қызметкерлерінің Германияның әріптестік ұйымдарына оқу-танысу сапарларын ұйымдастыру (5 адам 10 күнге) |
ГФР,
|
"Даму" қоры (келісім бойынша) |
"Даму" қорының қаражаты 2 059, 6 мың теңге |
35. |
"Эйр Астана" әуе компаниясы өкілдігінің салтанатты ашылуы |
Mайндағы Франкфурт қаласы,
|
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ "Эйр Астана" АҚ (келісім бойынша), ҚР СІМ |
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ қаражаты |
4. Жергілікті атқарушы органдар деңгейінде өткізілетін іс-шаралар |
||||
Астана қаласының әкімдігі |
||||
36. |
Астана және Берлин қалаларының командалары арасында бокстан жолдастық кездесу ұйымдастыру |
Берлин қаласы,
|
Астана қаласының әкімдігі, ҚР СІМ |
Жергілікті бюджет
|
Алматы қаласының әкімдігі |
||||
37. |
Алматы және Штутгарт қалалары арасында әріптестік байланыстар орнату. Алматы қаласының Штутгарт қаласындағы немесе Мюнхен қаласындағы мәдениет күндері:
|
Штутгарт, Мюнхен қалалары,
|
Алматы қаласының әкімдігі, ҚР СІМ |
Жергілікті бюджет
|
38. |
Қазақстан мен Германия арасында оқушылар алмасу жөніндегі халықаралық жобаға қатысу |
Оберкох қаласы,
|
Алматы қаласының әкімдігі, N 18 және N 68 Лингвистикалық гимназиялар |
Жергілікті бюджет
|
Қарағанды облысының әкімдігі |
||||
39. |
Бұқаралық ақпарат құралдарында тақырыптық айдарлар ашу. Іс-шараларды БАҚ-та кеңінен жариялауды қамтамасыз ету |
2009 жыл ішінде |
Қарағанды облысының әкімдігі |
Жергілікті бюджет
|
Маңғыстау облысының әкімдігі |
||||
40. |
Ақтау және Гамбург портты қалалары арасында әріптестік байланыстар орнату. Маңғыстау облысы басшылығының сапары. |
Гамбург қаласы, 2009 жылғы 4-тоқсан |
Маңғыстау облысының әкімдігі, ҚР СІМ |
Жергілікті бюджет,
|
Ескертпе:
ҚР СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
министрлігі
ҚР ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және
сауда министрлігі
ҚР МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
ақпарат министрлігі
ҚР БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігі
ҚР АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылық министрлігі
ҚР ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және
спорт министрлігі
ҚР ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігі
ҚР Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігі
ҚР БП - Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасы
ҚР ҰҒА - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
агенттігі
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат
коры" акционерлік қоғамы
"ҚҒС" ҰК" АҚ - "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық
компаниясы" акционерлік қоғамы
"ҒБРО" АҚ - "Ғарыштық байланыс республикалық
орталығы" акционерлік қоғамы
"ҰҒЗТО" АҚ - "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен
технологиялық орталығы" акционерлік
қоғамы
"Бәйтерек" БК" АҚ - "Бәйтерек" бірлескен кәсіпорны"
акционерлік қоғамы
"Эйр Астана" АҚ - "Эйр Астана" акционерлік қоғамы
"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ - "ҚазАгро" ұлттық холдингі"
акционерлік қоғамы
"Инфракос-экос" ЕМК - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
агенттігі жанындағы "Инфракос-экос"
еншілес мемлекеттік кәсіпорын
ҚР Парламенті шаруашылық
басқармасы - Қазақстан Республикасы Парламенті
шаруашылық басқармасы
ҚСЗИ - Қазақстан Республикасы Президенті
жанындағы Қазақстандық стратегиялық
зерттеулер институты
ҚР СӨП - Қазақстан Республикасы Сауда-
өнеркәсіп палатасы
"Атамекен" Одағы" ҚҰЭП - "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық
экономикалық палатасы
"Даму" қоры - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту коры
ЕҚЫҰ - Еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық ұйымы
ГФР - Германия Федеративтік Республикасы
"Тұран-Профи" ХКА - "Тұран-Профи" халықаралық кәсіптік
академиясы
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары