2009 жылы Германиядағы Қазақстан жылын өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы N 8-ө Өкімі

      2009 жылы Германиядағы Қазақстан жылын өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру мақсатында:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) 2009 жылы Германиядағы Қазақстан жылын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы;
      2) 2009 жылы Германиядағы Қазақстан жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
      2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр                                 К. Мәсімов

                                            Қазақстан Республикасы
                                              Премьер-Министрінің
                                            2009 жылғы 20 қаңтардағы
                                            N 8-ө өкімімен бекітілген

      2009 жылы Германиядағы Қазақстан жылын дайындау және
       өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы

Султанов                   - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы            бюджеттік жоспарлау министрі, төраға

Ільясов                    - Қазақстан Республикасы Президентінің
Мағжан Жанботаұлы            Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының
                             меңгерушісі (келісім бойынша)

Онжанов                    - Қазақстан Республикасының Германия
Нұрлан Баймолданұлы          Федеративтік Республикасындағы Төтенше
                             және Өкілетті Елшісі

Қасымбеков                 - Қазақстан Республикасы Парламенті
Талғат Амангелдіұлы          Мәжілісінің Халықаралық байланыстар және
                             хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары
                             (келісім бойынша)

Қуанғанов                  - Қазақстан Республикасы Ғылым және білім
Фархад Шаймұратұлы           министрлігінің жауапты хатшысы

Бөрібаев                   - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Асқар Ысмайылұлы             ақпарат вице-министрі

Мамытбеков                 - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Еділ Құламқадырұлы           сауда вице-министрі

Меркель                    - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
Иоганн Давидович             бірінші орынбасары (келісім бойынша)

Шаймағамбетов              - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Еркін Мұстафаұлы             агенттігі төрағасының орынбасары

Меңдібаев                  - Қазақстан Республикасы Статистика
Бірлік Қайырбекұлы           агенттігі төрағасының орынбасары

Базарбаев                  - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары
Асқар Ермырзаұлы

Рахымжанов                 - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Әмірхан Мұратбекұлы

Сманқұлов                  - Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Аскар Сұлтанұлы

Тасқожин                   - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Амангелді Шағатайұлы         министрлігі Сыртқы байланыстар және
                             инвестициялар департаментінің директоры

Құрманғожин                - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Рүстем Сәлімұлы              министрлігі Еуропа департаменті
                             директорының орынбасары

Қамзебаева                 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
Дариға Үсейінқызы            министрлігі Туризмді дамыту және
                             халықаралық ынтымақтастықтың
                             департаменті директорының орынбасары

Қоңырбаева                 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Алма Уәлиханқызы             министрлігінің Халықаралық ақпарат
                             комитеті имидждік жұмыс басқармасының
                             бастығы

Олжабаева                  - Маңғыстау облысының әкімдігі кәсіпкерлік
Лиза Оспанқызы               және өнеркәсіп басқармасының бастығы

Тұрсымбаев                 - Қазақстан Республикасы Президентінің
Кеген Ахметұлы               Күзет қызметі департаменті бастығының
                             орынбасары (келісім бойынша)

Дьяченко                   - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
Олег Сергеевич               акционерлік қоғамы Инвестицияларды
                             дамыту департаментінің директоры
                             (келісім бойынша)

Қожасбай                   - Қазақстан Республикасы Сауда-Өнеркәсіп
Ерлан Сәдуақасұлы            Палатасының президенті (келісім бойынша)

Мусина                     - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік
Лилия Сәкенқызы              қоғамы басқарма төрағасының орынбасары
                             (келісім бойынша)

Өтепбаев                   - "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық
Болат Орынбекұлы             экономикалық палатасы төрағасының
                             орынбасары (келісім бойынша)

Оразов                     - "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі"
Нұрай Нұрғожаұлы             акционерлік қоғамы басқарушы
                             директорының міндетін атқарушы (келісім
                             бойынша)

                                             Қазақстан Республикасы
                                              Премьер-Министрінің
                                            2009 жылғы 20 қаңтардағы
                                            N 8-ө өкімімен бекітілген

     2009 жылы Германиядағы Қазақстан жылын өткізу жөніндегі
                        іс-шаралар жоспары

Р/с N

Іс-шараның атауы

Өткізілетін уақыты мен орны

Жауапты орындаушылар

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

1. Қазақстан Республикасы мен Германия президенттері әкімшіліктерінің бақылауындағы іс-шаралар

1.

Германиядағы Қазақстан жылының салтанатты ашылуы және жабылуы, гала концерттер өткізу

Берлин қаласы, 2009 жылғы 1 және 4-тоқсандар

ҚР Президентінің Әкімшілігі (келісім бойынша), ҚР ЭБЖМ, ҚР МАМ, ҚР СІМ және басқа мүдделі мемлекеттік органдар

ҚР МАМ қаражаты 156 500 мың теңге
011 "Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша
ҚР СІМ қаражаты есебінен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуы
26 120 мың теңге
005 "Шетелдік іссапарлар" бюджеттік бағдарламасы бойынша

2.

Ынтымақтастық мәселелерін талқылау бойынша қазақстан және герман кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форум өткізу

Берлин қаласы, 2009 жылғы 1-тоқсан

ҚР ИСМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша) және өзге де ұйымдар

ҚР ИСМ қаражаты
4 695 мың теңге
001 "Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторының бәсекеге қабілеттілігін және оның әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесіне кірігуін, отандық тұтынушыны сапасыз өнімдерден қорғауды, елді мекендер мен аумақтардың орнықты дамуын қалыптастыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша

3.

Германиядағы Қазақстан жылының ашылуы мен жабылуына орай Мемлекет басшысының атынан ресми қабылдаулар өткізу

Берлин қаласы, 2009 жылғы 1 және 4-тоқсандар

ҚР СІМ

ҚР СІМ қаражаты
006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша

2. Орталық мемлекеттік органдар деңгейінде өткізілетін іс-шаралар

4.

Германия Федеративтік Республикасы Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің арасындағы алмасу  және құқықтық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою

Берлин қаласы, 2009 жылғы 1-тоқсан

ҚР Әділетмині

ҚР СІМ қаражаты
005 "Шетелдік іссапарлар" бюджеттік бағдарламасы бойынша

5.

Қазақстанның жыл сайынғы "Жасыл апта" халықаралық жәрменкесіне қатысуы (2009 жылғы 16-25 қаңтар). ГФР-дің федералдық жерлерінде болу

Берлин, Баден-Вюртемберг, Бавария қалалары,
2009 жылғы 1-тоқсан

ҚР АШМ, "ҚазАгро" ұлттық холдингі (келісім бойынша), ҚР СІМ, Ақмола облысының әкімдігі

ҚР СІМ қаражаты
2 461 мың теңге
005 "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша

6.

In Went өкілдерімен бірге Экономика саласындағы басшы қызметкерлер мен менеджерлердің біліктіліктерін арттыру бағдарламасын бітірушілермен конференция ұйымдастыру

Берлин қаласы, 2009 жылғы 1-тоқсан

"ҚР ЭБЖМ, ҚР СІМ, "Тұран-Профи" ХКА (келісім бойынша)

ҚР СІМ қаражаты
2 658 мың теңге
005 "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша (6 адамның қатысуы көзделуде)
ҚР СІМ қаражаты
3 021 мың теңге
ҚР ЭБЖМ үшін
014 "Шетелде ҚР мүддесін білдіру" бағдарламасы бойынша

7.

"Қазақстанның бейбітшілік, тұрақтандыру және қарусыздандыру ісіне үлесі" тақырыптық форумын өткізу. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың неміс тіліндегі "Эпицентр мира" кітабының тұсаукесері

Берлин қаласы, 2009 жылғы 1-тоқсан

ҚР СІМ

ҚР СІМ қаражаты
2 040 мың теңге
001 "Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер" бағдарламасы бойынша

8.

Қазақстан Республикасы мен ГФР парламентарийлері - "Германия-Қазақстан" парламенттік топтар мүшелерінің кездесулерін ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы парламенттік делегациясының ГФР-ге сапары

Берлин, Майндағы Франкфурт қалалары,
2009 жылғы 2-тоқсан

ҚР Парламенті (келісім бойынша), ҚР СІМ

ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының қаражаты
44 887 мың теңге
001 "ҚР Парламентінің қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша

9.

Қазақстанның "Hannover Messe 2009" халықаралық өнеркәсіп жәрменкесіне қатысуы

Ганновер қаласы,
2009 жылғы 2-тоқсан

ҚР ИСМ, ҚР СІМ

ҚР ИСМ қаражаты
46 000 мың теңге
001 "Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторының бәсекеге қабілеттілігін және оның әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесіне кірігуін, отандық тұтынушыны сапасыз өнімдерден қорғауды, елді мекендер мен аумақтардың орнықты дамуын қалыптастыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша

10.

Германиядағы Қазақстан күндері шеңберінде зергерлік бұйымдар мен декоративтік-қолданбалы өнер, фото  және бейнелеу өнері, сирек кездесетін кітаптар, алтын адам, сақ алтыны, ежелгі және жаңа тарих жәдігерлері көрмесін ұйымдастыру

Берлин, Дрезден, Ганновер, Бонн қалалары,
2009 жылғы 1-жарты жылдық бойы

ҚР МАМ, ҚР СІМ

ҚР МАМ қаражаты
42 381 мың теңге
011 "Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша

11.

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің гастрольдерін өткізу

Берлин, Штутгарт, Мюнхен қалалары,
2009 жылғы 2-тоқсан

ҚР МАМ

ҚР МАМ қаражаты
44 000 мың теңге
011 "Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша

12.

Германияда мемлекеттік республикалық неміс драма театрының гастрольдерін өткізу

Берлин, Мюнхен, Мюнстер қалалары,
2009 жылғы 2-жарты жылдық

ҚР МАМ

ҚР МАМ қаражаты
24 500 мың теңге
011 "Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша

13.

К. Бәйсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрының гастрольдерін өткізу

Берлин, Дрезден, Бонн, Штутгарт қалалары,
2009 жылғы 2-жарты жылдық

ҚР МАМ

ҚР МАМ қаражаты
80 000 мың теңге
011 "Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша

14.

Германияда Қазақстан жылы шеңберінде өткізілетін іс-шараларды мемлекеттік БАҚ арқылы кеңінен ақпараттық жариялау

Жыл бойы

ҚР МАМ

ҚР МАМ қаражаты
2009 жылға 025 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

15.

Қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын неміс тіліне аудару және басып шығару

Астана қаласы, 2009 жылы

ҚР МАМ

ҚР МАМ қаражаты
017 "Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару" бюджеттік бағдарламасының қаражаты шегінде

16.

Қазақстан Республикасы мен ГФР сарапшыларының қатысуымен "Қазақстан өкілдігінің ЕҚЫҰ-де басымдығы" ғылыми-практикалық конференциясын өткізу

Берлин, Бонн қалалары,
2009 жылғы 2-тоқсан

ҚР СІМ, ҚСЗИ (келісім бойынша)

ҚР СІМ қаражаты
3 426 мың теңге
005 "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша (8 адамның қатысуы көзделеді),
1 519 мың теңге
014 "Шетелде ҚР мүддесін білдіру" бағдарламасы бойынша

17.

Қазақстан Республикасы мен ГФР сарапшыларының қатысуымен "Еуропаға жол: экономикалық және әлеуметтік жаңғырудың қазақстандық моделі" ғылыми-практикалық конференциясын өткізу

Берлин қаласы,
2009 жылғы 4-тоқсан

ҚР СІМ, ҚР ЭБЖМ, ҚР МАМ, ҚР ТСМ, ҚР ИСМ, ҚР Әділетмині, ҚР БП (келісім бойынша)

ҚР СІМ қаражаты
3 247 мың теңге
005 "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша (8 адам),
1 519 мың теңге
014 "Шетелде ҚР мүддесін білдіру" бағдарламасы бойынша

18.

Германияда Қазақстан киносы күндерін ұйымдастыру (семинарлар және Қыз Жібек, М. Шоқай, Қыз жылаған, Ұлжан фильмдерін және т.б. көрсету)

Берлин, Висбаден, Котбус қалалары,
2009 жылғы 4-тоқсан

ҚР МАМ, ҚР СІМ

ҚР МАМ қаражаты
12 142 мың теңге
011 "Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу" бағдарламасы бойынша

19.

"Қазақстандағы мәдениетаралық диалог: алуантүрлілік арқылы ілгерілеу" тақырыбына конференция өткізу

Бонн қаласы,
2009 жылғы 4-тоқсан

ҚР СІМ

ҚР СІМ қаражаты
1 519 мың теңге
014 "Шетелде ҚР мүддесін білдіру" бағдарламасы бойынша

20.

Одан әрі "ИТБ-2009"-ге ауысатын "Тянь-Шань Альпіні қарсы алады" ұранымен Қазақстанның Бавариядағы халықаралық туризм жәрмеңкесіне қатысуы

Мюнхен қаласы,
2009 жылғы 26 ақпан - 2 наурыз

ҚР ТСМ, ҚР СІМ

ҚР СІМ қаражаты
850 мың теңге
014 "Шетелде ҚР мүддесін білдіру" бағдарламасы бойынша

21.

Қазақстанның жыл сайынғы халықаралық "ИТБ-2009" туризм жәрмеңкесі (2009 жылғы 11-15 наурыз) мен Қазақтың ұлттық тағамдары мен мәдени бағдарламасын таныстыра отырып көктемгі "Наурыз" мерекесіне қатысуы

Берлин қаласы,
2009 жылғы 11-15 наурыз

ҚР ТСМ, ҚР СІМ

ҚР ТСМ қаражаты
25 677 мың теңге
011 "Туристік имиджді қалыптастыру" бағдарламасы
ҚР СІМ қаражаты
4 693 мың теңге
014 "Шетелде ҚР мүддесін білдіру" бағдарламасы бойынша

22.

Қазақстан Республикасы мен ГФР-дың ғарыштық бағдарламаларын таныстыра отырып бірлескен "қазақстан-герман ғарыш күні" ұйымдастыру және Германиядағы объектілерді аралау

Бремен қаласы, 2009 жылғы мамыр

ҚР ҰҒА, ҚР СІМ "ҚҒС" ҰҚ" АҚ (келісім бойынша), "ҒБРО" АҚ (келісім бойынша), "ҰҒЗТО" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" БК" АҚ (келісім бойынша), "Инфракос-экос" ЕМК

ҚР СІМ қаражаты
1 852 мың теңге
005 "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша (4 адам) Ұйымдар мен кәсіпорындар қаражаты есебінен

23.

Континентальдық Еуропа мен ГФР-да халықаралық бағдарламалар орталығы өкілдіктерінің салтанатты ашылуы

Майндағы Франкфурт, Берлин қалалары,
2009 жылғы 1-тоқсан

ҚР БҒМ, ҚР СІМ

ҚР СІМ қаражаты
3 600 мың теңге
014 "Шетелде ҚР мүддесін білдіру" бағдарламасы бойынша

24.

Германияда Қазақстан студенттерінің III Форумын өткізу. Қазақстан және неміс жастарының кездесуі

Берлин қаласы,
2009 жылғы 2-тоқсан

ҚР СІМ, ҚР БҒМ

ҚР СІМ қаражаты
850 мың теңге
014 "Шетелде ҚР мүддесін білдіру" бағдарламасы бойынша

25.

ҚР және ГФР жастары үшін музыкалық ойын-сауық кешін ұйымдастыру

Берлин қаласы,
2009 жылғы 2-тоқсан

ҚР СІМ

ҚР СІМ қаражаты
Қарастырылған қаражат шегінде
850 мың теңге
014 "Шетелде ҚР мүддесін білдіру" бағдарламасы бойынша

26.

Саксониядағы Қазақстан экономикасы күні. "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын таныстыру

Дрезден қаласы,
2009 жылғы 3-тоқсан

ҚР СІМ

ҚР СІМ қаражаты
1 190 мың теңге
014 "Шетелде ҚР мүддесін білдіру" бағдарламасы бойынша

27.

Германияда "Қазақ кітапханасы" мен қазақ авторларының шығармашылықтарымен таныстыру Әдеби оку кештерін ұйымдастыру

Берлин, Кельн, Веймар, Лейпциг калалары,
2009 жылғы 4-тоқсан

ҚР СІМ

ҚР СІМ қаражаты
1 530 мың теңге
001 "Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер" бағдарламасы бойынша

28.

Германиядағы Қазақстан жылы белгісімен бағдарламалық кітапшалар, шақыру ашықхаттары, плакаттар мен жарнамалық өнімдерін дайындау

Берлин қаласы,
2009 жылғы 1-4-тоқсан

ҚР СІМ

ҚР СІМ қаражаты
2 000 мың теңге
001 "Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер" бағдарламасы бойынша

29.

"Deutsche Welle" және "Euronews" телеарналарында Германиядағы Қазақстан жылын өткізу туралы жарнамалық роликтерін ұйымдастыру және тарату

Еуропа бойынша,
2009 жылғы 1-4-тоқсандар

ҚР СІМ

ҚР СІМ қаражаты
23 804 мың теңге
001 "Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер" бағдарламасы бойынша

30.

Бұқаралық ақпарат құралдарында тақырыптық айдарлар ашу (теледидар, радио, баспасөз)

Германия бойынша
2009 жылғы 1-4-тоқсандар

ҚР СІМ

ҚР СІМ қаражаты
8 325 мың теңге
001 "Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер" бағдарламасы бойынша

3. Өзге ұйымдар деңгейінде өткізілетін іс-шаралар

31.

Германиядағы Қазақстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы өкілдігінің салтанатты ашылуы

Берлин қаласы,
2009 жылғы 2-тоқсан (мамыр)

ҚР СӨП (келісім бойынша), ҚР СІМ

ҚР СӨП қаражаты
2 000 мың теңге

32.

Қазақстанның Бавариядағы, Баден-Вюртембергтегі, Солтүстік Рейн-Вестфалидегі федералдық жерінде экономика күндері шеңберінде "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-ны, "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшы" мемлекеттік бағдарламасын және әлеуметтік-корпорацияларды таныстыру

Мюнхен, Штутгарт, Дортмунд, Эссен қалалары,
2009 жылғы 1-3-тоқсандар

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), ҚР СІМ

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ қаражаты

33.

Қазақстан-герман іскерлік кеңесінің отырысын өткізу

ГФР,
2009 жылғы 2-тоқсан

"Атамекен" Одағы" ҚҰЭП (келісім бойынша)

"Атамекен" Одағы" ҚҰЭП қаражаты есебінен ҚҰЭП өкілдерінің қатысуы
ҚР СІМ қаражаты есебінен
1 600 мың теңге
005 "Шетелдік іссапарлар" бюджеттік бағдарламасы бойынша
ҚР ЭБЖМ өкілдерінің қатысуы (3 адам)

34.

"Даму" қоры қызметкерлерінің Германияның әріптестік ұйымдарына оқу-танысу сапарларын ұйымдастыру (5 адам 10 күнге)

ГФР,
2009 жылғы 2-тоқсан

"Даму" қоры (келісім бойынша)

"Даму" қорының қаражаты 2 059, 6 мың теңге

35.

"Эйр Астана" әуе компаниясы өкілдігінің салтанатты ашылуы

Mайндағы Франкфурт қаласы,
2009 жылғы 1-2-тоқсандар

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ "Эйр Астана" АҚ (келісім бойынша), ҚР СІМ

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ қаражаты

4. Жергілікті атқарушы органдар деңгейінде өткізілетін іс-шаралар

Астана қаласының әкімдігі

36.

Астана және Берлин қалаларының командалары арасында бокстан жолдастық кездесу ұйымдастыру

Берлин қаласы,
2009 жылғы мамыр-маусым

Астана қаласының әкімдігі, ҚР СІМ

Жергілікті бюджет
5 000,0 мың теңге
359004000159 бағдарламасы бойынша

Алматы қаласының әкімдігі

37.

Алматы және Штутгарт қалалары арасында әріптестік байланыстар орнату. Алматы қаласының Штутгарт қаласындағы немесе Мюнхен қаласындағы мәдениет күндері:
1) сурет көрмесі және халықтық декоративтік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі;
2) Қазақстан өнер шеберлерінің гала концерті;
3) Дәстүрлі музыка кеші, фольклорлық-этнографиялық қойылым. Алматы қаласы басшылығының ГФР-ға сапары

Штутгарт, Мюнхен қалалары,
2009 жылғы 3-тоқсан

Алматы қаласының әкімдігі, ҚР СІМ

Жергілікті бюджет
67 000 мың теңге,
"Мәдени-бос уақыт жұмысын қолдау" бағдарламасы

38.

Қазақстан мен Германия арасында оқушылар алмасу жөніндегі халықаралық жобаға қатысу

Оберкох қаласы,
2009 жылғы қыркүйек

Алматы қаласының әкімдігі, N 18 және N 68 Лингвистикалық гимназиялар

Жергілікті бюджет
2 880 мың теңге, 003105152 бағдарламасы

Қарағанды облысының әкімдігі

39.

Бұқаралық ақпарат құралдарында тақырыптық айдарлар ашу. Іс-шараларды БАҚ-та кеңінен жариялауды қамтамасыз ету

2009 жыл ішінде

Қарағанды облысының әкімдігі

Жергілікті бюджет
002 "Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бағдарламасы,
1600 мың теңге - баспа БАҚ;
800 мың теңге - электрондық БАҚ

Маңғыстау облысының әкімдігі

40.

Ақтау және Гамбург портты қалалары арасында әріптестік байланыстар орнату. Маңғыстау облысы басшылығының сапары.

Гамбург қаласы, 2009 жылғы 4-тоқсан

Маңғыстау облысының әкімдігі, ҚР СІМ

Жергілікті бюджет,
"Басқа да шығыстар"
001003149 бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

Ескертпе:

ҚР СІМ                        - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
                                министрлігі
ҚР ИСМ                        - Қазақстан Республикасы Индустрия және
                                сауда министрлігі
ҚР МАМ                        - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
                                ақпарат министрлігі
ҚР БҒМ                        - Қазақстан Республикасы Білім және
                                ғылым министрлігі
ҚР АШМ                        - Қазақстан Республикасы Ауыл
                                шаруашылық министрлігі
ҚР ТСМ                        - Қазақстан Республикасы Туризм және
                                спорт министрлігі
ҚР ЭБЖМ                       - Қазақстан Республикасы Экономика және
                                бюджеттік жоспарлау министрлігі
ҚР Әділетмині                 - Қазақстан Республикасы Әділет
                                министрлігі
ҚР БП                         - Қазақстан Республикасы Бас
                                прокуратурасы
ҚР ҰҒА                        - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
                                агенттігі
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ      - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат
                                коры" акционерлік қоғамы
"ҚҒС" ҰК" АҚ                  - "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық
                                компаниясы" акционерлік қоғамы
"ҒБРО" АҚ                     - "Ғарыштық байланыс республикалық
                                орталығы" акционерлік қоғамы
"ҰҒЗТО" АҚ                    - "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен
                                технологиялық орталығы" акционерлік
                                қоғамы
"Бәйтерек" БК" АҚ             - "Бәйтерек" бірлескен кәсіпорны"
                                акционерлік қоғамы
"Эйр Астана" АҚ               - "Эйр Астана" акционерлік қоғамы
"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ - "ҚазАгро" ұлттық холдингі"
                                акционерлік қоғамы
"Инфракос-экос" ЕМК           - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
                                агенттігі жанындағы "Инфракос-экос"
                                еншілес мемлекеттік кәсіпорын
ҚР Парламенті шаруашылық
басқармасы                    - Қазақстан Республикасы Парламенті
                                шаруашылық басқармасы
ҚСЗИ                          - Қазақстан Республикасы Президенті
                                жанындағы Қазақстандық стратегиялық
                                зерттеулер институты
ҚР СӨП                        - Қазақстан Республикасы Сауда-
                                өнеркәсіп палатасы
"Атамекен" Одағы" ҚҰЭП        - "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық
                                экономикалық палатасы
"Даму" қоры                   - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту коры
ЕҚЫҰ                          - Еуропадағы қауіпсіздік және
                                ынтымақтастық ұйымы
ГФР                           - Германия Федеративтік Республикасы
"Тұран-Профи" ХКА             - "Тұран-Профи" халықаралық кәсіптік
                                академиясы
БАҚ                           - бұқаралық ақпарат құралдары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады