1. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және барлау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 739 Жарлығының 4-тармағын іске асыру мақсатында мынадай құрамда Ведомствоаралық комиссия құрылсын:
Орынбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ербол Тұрмаханұлы Министрінің орынбасары, төраға
Жанқұлиев - Қазақстан Республикасының "Сырбар"
Аманжол Қазбекұлы Сыртқы барлау қызметінің директоры
Кармазина - Қазақстан Республикасының Экономика
Лена Мағауияқызы және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Котенко - Қазақстан Республикасы Премьер-
Наталья Леонидовна Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-
экономикалық бөлімінің меңгерушісі
Құсдәулетов - Қазақстан Республикасының Әділет
Дулат Рашитұлы вице-министрі
Нұриманов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Мақсұт Әнуарбекұлы қауіпсіздік комитеті төрағасының
орынбасары
Тәңірберген - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік
Саидмұрат Бапанұлы Кеңесінің Хатшылығы меңгерушісінің
орынбасары
Өтепов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Эдуард Карлұлы министрлігі Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитетінің төрағасы
Шамсутдинов - Қазақстан Республикасының Премьер-
Ринат Шарафутдинович Министрінің Кеңсесі Қорғаныс және құқық
тәртібі бөлімінің меңгерушісі
2. Ведомствоаралық комиссия:
1) 2009 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және барлау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 739 Жарлығының 4-тармағын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекіту үшін ұсынсын;
2) Іс-шаралар жоспарының іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етсін;
3) 2009 жылғы 15 сәуірге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу қорытындылары туралы ақпарат ұсынсын.
3. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Премьер-Министр К. Мәсімов