"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы Конституциялық заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (келісім бойынша) бір ай мерзімде "Дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу ережесін бекіту туралы" ведомстволық нормативтік құқықтық актіні әзірлесін және қабылдасын әрі Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов