1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 шілдедегі
Заңын
іске асыру мақсатында қабылдануы кажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:
1) тізбеде көрсетілген нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 22 шілдедегі
N 102-ө өкімімен
бекітілген
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с
|
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
1. |
Орындаушылар мен фонограмма жасаушыларға сыйақының ең төменгі ставкаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Әділетмині |
2009 жылғы тамыз |
2. |
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымды аккредиттеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы |
Бұйрық |
Әділетмині |
2009 жылғы тамыз |
3. |
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы |
Бұйрық |
Әділетмині |
2009 жылғы тамыз |
4. |
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін бекіту туралы |
Бұйрық |
Әділетмині |
2009 жылғы тамыз |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі