"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы
N 292-ө
өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінде:
реттік нөмірлері 52, 53-жолдарда:
"Орындау мерзімі" деген 5-бағандағы "2009 жылғы 1-жарты жылдық" деген сөздер "2009 жылғы 3-тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын.
Премьер-Министр К. Мәсімов