Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 2352 тапсырмасын орындау мақсатында:
1. Мынадай құрамда "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға байланысты жұмсалған шығындарды тексеру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын:
Молдабеков - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Мейірбек Молдабекұлы агенттігі төрағасының орынбасары, жетекші
Дауылбаев - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
Асхат Қайзоллаұлы орынбасары, жетекшінің орынбасары
(келісім бойынша)
Күзембай - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Нұрғиза Төкенқызы агенттігінің Ғарыш қызметін дамыту
стратегиясы департаменті директорының
орынбасары, хатшы
Байбеков - Қазақстан Республикасы Экономика және
Мырзақасым Ниязбекұлы бюджеттік жоспарлау министрлігі Экономика
салаларын дамыту департаментінің
директоры
Баймұратов - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Әбілхан Есенұлы және байланыс агенттігі Байланыс
департаментінің директоры
Жексембаев - Қазақстан Республикасы Экономика және
Қуандық Аманжолұлы бюджеттік жоспарлау министрлігінің
Экономика салаларын дамыту департаменті
директорының орынбасары
Могильный - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Валерий Валентинович министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының
орынбасары
Бекмағанбетов - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Бақытжан Оспанұлы және байланыс агенттігі Байланыс
департаментінің радиожиілік спектрін
тағайындау және байланыс саласындағы
мемлекеттік қадағалау басқармасының
бастығы
Иманғазиев - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Арыстан Кенжесұлы министрлігінің Ғылым комитеті
ғылыми-техникалық бағдарламалар
басқармасының бастығы
Соболевский - Қазақстан Республикасы Қаржылық бақылау
Андрей Дмитриевич комитетінің басқарма бастығы
Рыскелдинов - Қазақстан Республикасы Республикалық
Сағатбек Бектілеуұлы бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитеті мемлекеттік активтер мен
міндеттемелерді бақылау бөлімінің
меңгерушісі (келісім бойынша)
Тоқтыбаев - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Қанат Әбдіхашімұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттігінің (қаржы полициясы)
мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
жөніндегі басқармасы бастығының
орынбасары (келісім бойынша)
Таткеев - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Малғаждар Саттарұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттігінің (қаржы полициясы)
Экономикалық және қаржылық қылмыстарды
ашу жөніндегі департаменті бастығының
орынбасары (келісім бойынша)
Бектұрғанов - "Парасат" ғылыми-технологиялық холдингі"
Нұралы Сұлтанұлы акционерлік қоғамының президенті
Жәнібеков - "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық
Қайрат Амангелдіұлы компаниясы" акционерлік қоғамының
вице-президенті
Құдабаев - "Ғарыштық байланыс және радиоэлектронды
Бауыржан Төлеуханұлы құралдардың электро-магниттік
үйлесімділігі республикалық орталығы"
акционерлік қоғамының вице-президенті
2. Жұмыс тобы екі ай мерзімде "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде іске асырылған "KazSat-1" байланыс және хабар тарату спутнигі", "Есіл" зымыран-ғарыш авиациялық кешені", "Сары шаған" командалық-өлшеу кешені", "Ұшу ақпаратын көрсету орталығы", "Бәйтерек" ғарыш-зымыран кешені" жобалары бойынша жұмсалған шығындарды тексеру жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов