"2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға байланысты жұмсалған шығындарды тексеру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 25 тамыздағы N 124-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 2352 тапсырмасын орындау мақсатында:
      1. Мынадай құрамда "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға байланысты жұмсалған шығындарды тексеру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын:

Молдабеков                - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Мейірбек Молдабекұлы        агенттігі төрағасының орынбасары, жетекші

Дауылбаев                 - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
Асхат Қайзоллаұлы           орынбасары, жетекшінің орынбасары
                            (келісім бойынша)

Күзембай                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Нұрғиза Төкенқызы           агенттігінің Ғарыш қызметін дамыту
                            стратегиясы департаменті директорының
                            орынбасары, хатшы

Байбеков                  - Қазақстан Республикасы Экономика және
Мырзақасым Ниязбекұлы       бюджеттік жоспарлау министрлігі Экономика
                            салаларын дамыту департаментінің
                            директоры

Баймұратов                - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Әбілхан Есенұлы             және байланыс агенттігі Байланыс
                            департаментінің директоры

Жексембаев                - Қазақстан Республикасы Экономика және
Қуандық Аманжолұлы          бюджеттік жоспарлау министрлігінің
                            Экономика салаларын дамыту департаменті
                            директорының орынбасары

Могильный                 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Валерий Валентинович        министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының
                            орынбасары

Бекмағанбетов             - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Бақытжан Оспанұлы           және байланыс агенттігі Байланыс
                            департаментінің радиожиілік спектрін
                            тағайындау және байланыс саласындағы
                            мемлекеттік қадағалау басқармасының
                            бастығы

Иманғазиев                - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Арыстан Кенжесұлы           министрлігінің Ғылым комитеті
                            ғылыми-техникалық бағдарламалар
                            басқармасының бастығы

Соболевский               - Қазақстан Республикасы Қаржылық бақылау
Андрей Дмитриевич           комитетінің басқарма бастығы

Рыскелдинов               - Қазақстан Республикасы Республикалық
Сағатбек Бектілеуұлы        бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі
                            есеп комитеті мемлекеттік активтер мен
                            міндеттемелерді бақылау бөлімінің
                            меңгерушісі (келісім бойынша)

Тоқтыбаев                 - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Қанат Әбдіхашімұлы          қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
                            күрес агенттігінің (қаржы полициясы)
                            мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы
                            сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
                            жөніндегі басқармасы бастығының
                            орынбасары (келісім бойынша)

Таткеев                   - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Малғаждар Саттарұлы         қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
                            күрес агенттігінің (қаржы полициясы)
                            Экономикалық және қаржылық қылмыстарды
                            ашу жөніндегі департаменті бастығының
                            орынбасары (келісім бойынша)

Бектұрғанов               - "Парасат" ғылыми-технологиялық холдингі"
Нұралы Сұлтанұлы            акционерлік қоғамының президенті

Жәнібеков                 - "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық
Қайрат Амангелдіұлы         компаниясы" акционерлік қоғамының
                            вице-президенті

Құдабаев                  - "Ғарыштық байланыс және радиоэлектронды
Бауыржан Төлеуханұлы        құралдардың электро-магниттік
                            үйлесімділігі республикалық орталығы"
                            акционерлік қоғамының вице-президенті

      2. Жұмыс тобы екі ай мерзімде "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде іске асырылған "KazSat-1" байланыс және хабар тарату спутнигі", "Есіл" зымыран-ғарыш авиациялық кешені", "Сары шаған" командалық-өлшеу кешені", "Ұшу ақпаратын көрсету орталығы", "Бәйтерек" ғарыш-зымыран кешені" жобалары бойынша жұмсалған шығындарды тексеру жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады