1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 14 қыркүйектегі
N 135-ө өкімімен
бекітілген
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с N |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі N 430 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
2009 жылғы қыркүйек |
2. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
2009 жылғы қыркүйек |
3. |
Құпия |
|||
4. |
Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандырудың және құжаттаманы басқарудың үлгі ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
2009 жылғы қыркүйек |
5. |
Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын, сақтау мерзімдері көрсетілген үлгі құжаттардың тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
2009 жылғы қыркүйек |
6. |
Орталық сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
2009 жылғы қыркүйек |
7. |
Сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені бекіту туралы |
Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдіктерінің қаулысы |
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдіктері |
2009 жылғы қыркүйек |