1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 12 қазандағы
N 144-ө өкімімен
бекітілген
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
1. |
"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1275 қаулысына өзгеріс енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҚжТКШІА |
2009 жылғы қазан |
2. |
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҚжТКШІА |
2009 жылғы қазан |
3. |
Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҚжТКШІА |
2009 жылғы қазан |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
ҚжТКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі