"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 12 қазандағы N 144-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.

      Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2009 жылғы 12 қазандағы 
N 144-ө өкімімен    
бекітілген       

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын  үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с
N

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1.

"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1275 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҚжТКШІА

2009 жылғы қазан

2.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҚжТКШІА

2009 жылғы қазан

3.

Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҚжТКШІА

2009 жылғы қазан

      Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
      ҚжТКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі

О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 11 июля 2009 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам долевого участия в жилищном строительстве"

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 12 октября 2009 года № 144-р

      1. Утвердить прилагаемый перечень нормативных правовых актов, принятие которых необходимо в целях реализации Закона Республики Казахстан от 11 июля 2009 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам долевого участия в жилищном строительстве" (далее - перечень).
      2. Агентству Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства разработать и в установленном порядке внести на утверждение в Правительство Республики Казахстан проекты нормативных правовых актов согласно перечню.

      Премьер-Министр                            К. Масимов
 

Утвержден          
распоряжением Премьер-Министра
Республики Казахстан    
от 12 октября 2009 года № 144-р

Перечень
нормативных правовых актов, принятие которых необходимо в целях реализации Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам долевого участия в жилищном
строительстве"


п/п

Наименование
нормативного правового
акта

Форма акта

Государственный
орган,
ответственный
за исполнение

Сроки
исполнения

1.

О внесении изменения
в постановление
Правительства
Республики Казахстан от
23 декабря 2006 года
1275 "Об утверждении
типового договора о
долевом участии в
жилищном строительстве"

Постановление
Правительства
Республики
Казахстан

АДСиЖКХ

Октябрь
2009 года

2.

Об утверждении Правил
осуществления учета
договоров о долевом
участии в жилищном
строительстве

Постановление
Правительства
Республики
Казахстан

АДСиЖКХ

Октябрь
2009 года

3.

Об утверждении Правил
лицензирования и
квалификационных
требований к
деятельности по
организации
строительства жилых
зданий за счет
привлечения денег
дольщиков

Постановление
Правительства
Республики
Казахстан

АДСиЖКХ

Октябрь
2009 года

      Примечание: расшифровка аббревиатур:
      АДСиЖКХ - Агентство Республики Казахстан по делам
                строительства и жилищно-коммунального
                хозяйства