1. Қоса беріліп отырған "Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 29 қазандағы
N 152-ө өкімімен
бекітілген
"Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Аяқтау нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қаржы мониторингін жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты беру ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині (жинақтау), Әділетмині, ТСМ, ИСМ, ҚҚА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша) |
2010 жылғы қаңтар |
2. |
Уәкілетті органның сұрауы бойынша мемлекеттік органдардың жеке ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді беру ережесін және олардың көлемін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині (жинақтау), Әділетмині, ТСМ, ИСМ, ІІМ, ҚҚА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) |
2010 жылғы қаңтар |
3. |
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині (жинақтау), Әділетмині, ЭБЖМ |
2010 жылғы қаңтар |
4. |
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 26 мамырдағы N 258 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қаржыминінің бұйрығы |
Қаржымині |
2010 жылғы қаңтар |
5. |
Қаржы мониторингі субъектілерінің түрлері бойынша клиенттерді тиісінше тексеру үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы |
Қаржыминінің бұйрығы |
Қаржымині (жинақтау), Әділетмині, ТСМ, ИСМ, ҚҚА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша) |
2010 жылғы қаңтар |
6. |
Қаржы мониторингі субъектілерінің Ішкі бақылау ережесін әзірлеу, қабылдау және орындау жөніндегі талаптарды бекіту туралы |
Қаржыминінің бұйрығы |
Қаржымині (жинақтау), Әділетмині, ТСМ, ИСМ, ҚҚА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша) |
2010 жылғы қаңтар |
7. |
Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты қаржы мониторингі субъектілерінің беру ережесін бекіту туралы |
Қаржыминінің бұйрығы |
Қаржымині (жинақтау), Әділетмині, ТСМ, ИСМ, ҚҚА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша) |
2010 жылғы қаңтар |
8. |
Күдікті операцияларды тоқтата тұру тәртібін бекіту туралы |
Қаржыминінің бұйрығы |
Қаржымині (жинақтау), Әділетмині, ТСМ, ИСМ, ҚҚА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша) |
2010 жылғы қаңтар |
9. |
"Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы |
Қаржыминінің бұйрығы |
Қаржымині (жинақтау), ҚҚА (келісім бойынша) |
2010 жылғы қаңтар |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
ЭСЖКА - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі