"Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 29 қазандағы N 152-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2009 жылғы 29 қазандағы
N 152-ө өкімімен  
бекітілген     

"Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі   

Р/с
N

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Аяқтау нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қаржы мониторингін жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині (жинақтау), Әділетмині, ТСМ, ИСМ, ҚҚА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша)

2010 жылғы қаңтар

2.

Уәкілетті органның сұрауы бойынша мемлекеттік органдардың жеке ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді беру ережесін және олардың көлемін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині (жинақтау), Әділетмині, ТСМ, ИСМ, ІІМ, ҚҚА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша)

2010 жылғы қаңтар

3.

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині (жинақтау), Әділетмині, ЭБЖМ

2010 жылғы қаңтар

4.

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 26 мамырдағы N 258 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы қаңтар

5.

Қаржы мониторингі субъектілерінің түрлері бойынша клиенттерді тиісінше тексеру үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині (жинақтау), Әділетмині, ТСМ, ИСМ, ҚҚА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша)

2010 жылғы қаңтар

6.

Қаржы мониторингі субъектілерінің Ішкі бақылау ережесін әзірлеу, қабылдау және орындау жөніндегі талаптарды бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині (жинақтау), Әділетмині, ТСМ, ИСМ, ҚҚА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша)

2010 жылғы қаңтар

7.

Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты қаржы мониторингі субъектілерінің беру ережесін бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині (жинақтау), Әділетмині, ТСМ, ИСМ, ҚҚА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша)

2010 жылғы қаңтар

8.

Күдікті операцияларды тоқтата тұру тәртібін бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині (жинақтау), Әділетмині, ТСМ, ИСМ, ҚҚА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша)

2010 жылғы қаңтар

9.

"Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині (жинақтау), ҚҚА (келісім бойынша)

2010 жылғы қаңтар

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҚҚА         - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы
              ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
ЭСЖКА       - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және
              сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
ҰҚК         - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
БП          - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ҰБ          - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Әділетмині  - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қаржымині   - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ИСМ         - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ТСМ         - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
ІІМ         - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ЭБЖМ        - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
              жоспарлау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады