1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 20 ақпандағы
№ 31-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі |
---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. |
Ветеринария және өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды және мемлекеттік инспекторларды кеден органдарына іссапарға жіберу тәртібін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині (жинақтау), ЭБЖМ, АШМ |
2010 жылғы ақпан |
2. |
«Тауарлардың кедендік құнын айқындаудың резервтік әдісін қолдану кезінде пайдаланылатын ақпараттық анықтамалық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 тамыздағы № 794 қаулысының күші жойылды деп тану туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2010 жылғы ақпан |
3. |
Кедендік құнды айқындау әдістерін қолданудың ерекшеліктері туралы нұсқаулықты бекіту туралы |
Бұйрық |
Қаржымині |
2010 жылғы ақпан |
4. |
«Тауарларды кедендік бақылаумен өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 12 мамырдағы № 197 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Бұйрық |
Қаржымині |
2010 жылғы ақпан |
5. |
«Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 462 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы |
Бұйрық |
Қаржымині |
2010 жылғы ақпан |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі