Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 462 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5072 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 360-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеудің технологиясын одан әрі жетілдіру, сондай-ақ кедендік ресімдеудің тиімділігін арттыру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті заңнамада бекітілген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Күші жойылсын деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 3 қыркүйектегі N 416 бұйрығы (2004 ж., N 41-44, 1038-бет, Қазақстан Республикасы орталық атқару және басқада мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде N 2517 тіркелген);
      2) "Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының кедендік бақылау жөніндегі кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 10-маусымдағы  N 261 бұйрығының   1-тармағының 1-ші тармақшасы (2004 ж.,N 29-32, 967-бет, Қазақстан Республикасы орталық атқару және басқада мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде, "Ресми газетте" 2004 жылғы 9-тамызда N 33 (190) жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде N 2939 тіркелген).

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасы Қ-К.Ж. Кәрбозовқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасының    
Қаржы министрдің        
  міндетін атқарушысының      
2007 жылғы 14 желтоқсандағы   
N 462 бұйрығымен бекітілді   

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы
өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу
жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) уәкілетті кеден органдары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік декларациясы мен құжаттарын беру сәтінен, өтініштегі кедендік режиміне сәйкес тауарларды шығару сәтіне дейін, кедендік ресімдеуді жүргізу кезіндегі іс-әрекеттерінің жүйелілігін айқындайды.

      2. Кедендік ресімдеу бойынша (бұдан әрі - кеден органдары) кедендік операциялар облыстар республикалық мәні бар қалалары, астана және кедендердің кедендік ресімдеу бөлімдері уәкілетті органның аумақтық бөлімшелердің кеден бекеттерімен тиісті бөлімшелері кедендік ресімдер бойынша әрекеттерді жасауға уәкілетті жөніндегі олар орналасқан орындарда және Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарымен белгіленген өзге де орындарда жүзеге асырылады.

      3. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау, сондай-ақ кедендік режимін өзгерту кезінде:
      жүк кедендік декларациясы (бұдан әрі - ЖКД);
      Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен бекітілген жағдайларда ЖКД ретінде пайдаланылатын өтініштер ұсынылған кезінде қолданылады.

      4. Кеден органдарының уәкілетті лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының Кеден кодексімен (бұдан әрі - Кодекс) бекітілген кедендік рәсімдер мен операцияларды орындаған кезінде мынадай кедендік бақылаудың нысандарын қолдануға құқылы:
      Кодекстің 442-бабына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды, кедендік декларациясын тексеру; Қараңыз.K100296
      Кодекстің 446447449 - баптарына сәйкес тауарлар мен көліктік құралдарын тексеру, тауарлар мен көліктік құралдарын кедендік қайта тексеру, арнайы маркалар мен тауарлардың маркаландырылуын тексеру, оларға ұқсас белгілерін қою.

      5. Кедендік ресімдеуді өткізу кезінде уәкілетті лауазымды адамдары кедендік және өзге де құжаттарында тиісті белгілер мен мөртаңбаларды қояды, сондай-ақ осы құжаттарды және олардың электрондық көшірмесінде Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасымен белгіленген тәртібіне сәйкес тиісті жазбаларды жүргізеді.

      6. Осы Нұсқаулыққа сәйкес тауарларға кедендік ресімдеуі бір уәкілетті лауазымды адам (бұдан әрі - уәкілетті лауазымды адам) жүзеге асырады.
      Кеден мақсаттары үшін ЖКД және құжаттарды қабылдау, тіркеу, бақылау мен тексеру рәсімдеріне қатыспайтын кеден органының басқа лауазымды адамдарына ЖКД-ні, құжаттарды және мәліметтерді беруге және ЖКД-ні беруге тыйым салынған.

      7. Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін мынадай түсініктер пайдаланады:
      "жасыл дәліз" уәкілетті органымен бекітілген тәртібіне сәйкес тәуекелдерді басқару және бағалау жүйесін қолдану кезінде кедендік бақылаудың бөлек нысандарын қолданбайтын көзделетін кедендік бақылаумен кедендік рәсімдеудің оңайлатылған тәртібі;
      "сары дәліз" уәкілетті органымен бекітілген тәртібіне сәйкес тәуекелдердің төмен көрсеткіші бар тауарлар мен көліктік құралдарына қатысты мәліметтер мен құжаттарды, кеден декларациялау тексерісті, сондай-ақ Кодекстің 470-баптың 2-тармағына сәйкес қолдануын көзделетін кедендік бақылаумен кедендік рәсімдеудің тәртібі; Қараңыз.K100296
      "қызыл дәліз" уәкілетті органымен бекітілген тәртібіне сәйкес тәуекелдердің жоғары көрсеткіші бар тауарларға қатысты құжаттамалық және нақтылық бақылауын жүргізуін көзделетін кедендік бақылаумен кедендік рәсімдеудің тәртібі.

  2. Уәкілетті лауазымды адамдардың ЖКД-ны  қабылдау талаптарының сақталуына бақылау жүргізу  кезіндегі әрекеттері

      8. ЖКД-ны қабылдауға құқылы кеден органына ЖКД-ны беру және кеден мақсаттары үшін қажетті құжаттарды ұсыну Кодекске және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Уәкілетті лауазымды адамы ЖКД-дағы ақпаратты ЖКД-ны есепке алу және тіркеу журналының (1-қосымшасы) 1-9 бағандарына енгізеді, ЖКД тіркеу және есептеу журналының 11 бағанында құжаттарды қабылдау күні мен уақытын қояды және:
      1) мынадай құжаттармен:
      егер ЖКД-ны кеден брокері берсе, кеден брокерінің мүддесін білдіретін тұлғамен жасалған шартымен;
      егер ЖКД-ны декларанттың қызметкері берсе, басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған декларанттың штатында тұрған жеке тұлғаның сенімхатымен не кеден брокерінің кедендік бақылау аймағында болу құқығы бар қызметкерлерінің тізімімен расталатын ЖКД-ны беретін тұлғаның өкілеттіктерін, - алғашқы жүгіну кезінде және мәлімделген мәліметтердің өзгермеген кезінде бір рет беріледі;
      2) ЖКД-дағы мәліметтерді адал СЭҚҚ Тізілімімен салыстыру арқылы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тізіліміне енгізілген тұлғаның өкілеттіктерін;
      3) ЖКД-ны толтырған адамның қойылған қолының, және егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ЖКД-ны толтырған тұлғада мөр болуы тиіс болса, мөрдің болуын;
      4) ЖКД-ның және кедендік құн декларациясының (егер бар болса) уәкілетті органның өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген нысандарға сәйкестігін;
      5) ЖКД-ның және кедендік құн декларациясының электрондық көшірмесінің (бұдан әрі - ЖКД ЭК) болуын;
      6) көліктік, коммерциялық және тауарларды таңдалған кедендік режимге сәйкес кедендік ресімдеу үшін қажетті өзге де құжаттардың болуын;
      7) ЖКД ЭК-нің оның қағаздағы нұсқасына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, сондай-ақ бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып, форматтық-логикалық бақылауын;
      8) ЖКД-ны толтыру дұрыстығын жүзеге асырады.

      10. СЭҚ қатысушысы болып табылатын ең аз тәуекел санатына жатқызылған декларант ЖКД-ны берген жағдайда уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 371-бабына сәйкес кедендік ресімдеудің оңайлатылған тәртібін жүзеге асыру үшін уәкілетті орган белгілеген құжаттардың бар-жоқтығын тексеруді жүзеге асырады және ЖКД-ның "Д" бағанында "Ең аз тәуекел санаты" мөртаңбасын қояды.

      11. Егер құжат тауарды шығару туралы шешім қабылдау үшін міндетті болып табылса, декларант кеден органына ЖКД-ны тексеру мерзімі ішінде тиісті құжатты ұсыну туралы міндеттемені бере отырып, мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін беруі мүмкін;
      Жекелеген құжаттар белгіленген мерзімде ұсыныла алмайтын болса, декларанттың жазбаша өтініші бойынша ЖКД-ны қабылдау жөніндегі уәкілетті лауазымды адам оларды алу үшін қажетті мерзімде, бірақ ЖКД тіркелгеннен кейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмей құжаттардың кейін ұсынылуымен олардың көшірмелерін беруге рұқсат береді.
      Егер кеден органына олар бойынша кейінгі тауарлар легіне кедендік ресімдеу жүргізілген құжаттар бұрын ұсынылса, мұндай құжаттардың көшірмелерін ұсыну жеткілікті.
      Егер кеден органының істерінде тауарды шығару туралы шешім қабылдау үшін міндетті құжаттар қалған жағдайда, ЖКД-ны қабылдау жөніндегі уәкілеті лауазымды адам декларант үшін осы құжаттардың көшірмелеріне мұндай құжаттардың қалатын кеден органын көрсете отырып, жазбаны  енгізеді. Осы жазбаны  кеден органының уәкілетті лауазымды адамы жеке номерлі мөрмен (бұдан әрі - ЖНМ) куәландырады.
      Кодекстің 382-бабының 4-тармағымен белгіленген құжаттарға, декларант куәландырған құжаттар көшірмелерінің олардың түпнұсқаларына сәйкестігіне тексеру жүргізгеннен кейін лауазымды адам осы құжаттардың көшірмелеріне "Түпнұсқасымен салыстырылып тексерілді" деген белгіні қояды, өзінің тегін, аты-жөнін және мерзімін көрсете отырып, қолымен куәландырады, одан кейін оларды ұсынған адамға құжаттардың түпнұсқаларын қайтарады.

      12. ЖКД-ны берген кезде лауазымды адам кедендік декларацияның берілу мерзімін тексереді.
      ЖКД-ны берген декларант Кодекстің 380-бабына сәйкес ЖКД-ны беру мерзімін ұзарту туралы уақытылы және дәлелденген өтінішпен жүгінген жағдайда, кеден органының басшысы не оны ауыстырған адам өтінішке "ЖКД-ны беру мерзімі 20___"____"_________ дейін ұзартылды" деген жазбаны қояды, оны өз лауазымын, тегін және аты-жөнін, шешімнің қабылданған күнін көрсете отырып, қолымен, сондай-ақ ЖНМ баспа таңбамен куәландырады.
      ЖКД-ны беру мерзімі бұзылған және ЖКД-ны берген адам оны ұзарту үшін жүгінбеген болса, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексімен белгіленген шаралар қолданылады.

      13. ЖКД-ны қабылдау шарттары сақталғаннан кейін уәкілетті лауазымды адам мерзімін және уақытын, сондай-ақ "Декларация қабылданды" деген жазбаны қою арқылы, фамилиясын және лауазымын көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 20 мамырдағы N 221 бұйрығымен, (Қазақстан Республикасының мемлекеттік нормативтік құқықтық актілері Тізімінде 2003 жылғы 21-мамырда N 2297 болып тіркелген) Жүк кеден декларациясы мен жүк кеден декларациясын қабылдаудан бас тартудың парағын (бұдан әрі -  Тізімді  ресімдеу ережесі) қабылдау кезінде құжаттардың тізімдемесін ресімдеу ережесіне сәйкес тәртіппен дереу ЖКД-ны және құжаттарды қабылдау туралы жазбаша растау береді.

      14. Кодекстің 384-бабының 3-тармағында аталған талаптар орындалмаған кезде ЖКД-ны қабылдау жөніндегі уәкілетті лауазымды адам ЖКД тіркеу және есептеу журналының 12-бағанында белгілейді. Қараңыз.K100296

  3. Уәкілетті лауазымды адамдардың ЖКД тіркеу
кезінде әрекеттері

      15. Кодекстің 384-баптың 3 тармағында тізілген жағдайларды орындау кезінде ЖКД қабылдау жөніндегі уәкілетті лауазымды адамы, оған "Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 20 мамырдағы N 219 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілері Тізімінде 2003 жылғы 9-маусымдағы N 2355 болып тіркелген) Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау ережесіне сәйкес (бұдан әрі - Декларациялау ережесі) қалыптастырылатын тіркеу номерін беру жолымен ЖКД тіркеуін тез арада жүргізеді.

      16. Уәкілетті лауазымды адамы ЖКД тіркеу нөмірі қойылады:
      ЖКД тіркеу және есептеу журналының 12-бағанында;
      "Анықтамалық нөмірі" ЖКД 7 бағанда (ЖКД ЭК және КД1 нысандағы бланкілерінде);
      ЖКД "А" бағанның төменгі бөлігінде (ЖКД ЭК және КД2 нысандағы бланкілерінде), егер тауарлардың бірнеше атаулары декларацияланса;
      құжаттардың тізімінің екі данасында.
      Егер тауарларды декларациялау белгіленген нысанда өтінішті қолданумен жүзеге асырылса, өтініштің тіркеу нөмірі Декларациялау ережесіне сәйкес қалыптастырылады және Өтініштерді есепке алу журналында (2-қосымша), сондай-ақ "N" белгісінен кейін өтініш бланкісінде қойылады.
      Куәландырылғаннан кейін құжаттардың тізімінің бірінші данасы декларантқа беріледі, екінші данасы ұсынылған ЖКД мен құжаттарға жалғанады.

      17. ЖКД мен қоса берілетін құжаттарды қабылдау мен тіркеу рәсімдерін өткізу кезінде уәкілетті лауазымда адам кеден бақылауды жүзеге асырады.

  4. Уәкілетті лауазымды адамдардың тәуекелдерді басқару және
бағалаудың жүйесін қолдану кезінде ЖКД тексеру жөніндегі әрекеттері

      18. ЖКД және құжаттамалық жиынтығын қабылдағаннан кейін уәкілетті лауазымды адамы мынадай әрекеттерді орындайды:
      1) ЖКД жазылған мәліметтерді тәуекелдердің профиліндегі ұсынылған ақпараттармен салыстыруды жүзеге асырады;
      2) Тауарларды кедендік ресімдеу туралы шешімін "жасыл дәліз" жүйесі бойынша мына жағдайлар кезінде:
      ең аз тәуекел санатына жатқызылған декларантты СЭҚ-қа қатысушылар тізіміне жатқызу және кеден органдарына жеткізілген тәуекелдердің профилдерінде бар, тәуекелдер жоқ кезінде;
      ең аз тәуекел санатына жатқызылған декларантты СЭҚ-қа қатысушылар тізіміне жатқызу және кеден органдарына жеткізілген тәуекелдердің профилдерінде бар, тәуекелдерінде бар кезінде талдау мақсаттары үшін посткедендік бақылаудың бөлімшелерінде тәуекелдердің профилдерінде жұмыс жасалғаны туралы ақпараттарды әрі қарай тапсыру кезінде қабылдайды;
      3) Тауарларды кедендік ресімдеу туралы шешімін "сары дәліз" жүйесі бойынша мына жағдайлар кезінде:
      ең аз тәуекел санатына жатқызылған СЭҚ-қа қатысушылардың тізімінде декларант жоқ кезінде және кеден органдарына дейін жеткізілген тәуекелдердің профилінде бар жұмыс жасалған тәуекелдердің профилі жоқ кезінде;
      4) Тауарларды кедендік ресімдеу туралы шешімін "қызыл дәліз" жүйесі бойынша мына жағдайлар кезінде:
      ең аз тәуекел санатына жатқызылған СЭҚ-қа қатысушылардың тізімінде декларант бар кезінде және кеден органдарына дейін жеткізілген тәуекелдердің профилінде бар жұмыс жасалған тәуекелдердің профилі бар кезінде;
      5) ЖКД "С" бағанында дәліздің алынған тиісті түсіне "жасыл дәліз", "қызыл дәліз", "сары дәліз" жазбалары қойылады, ЖНМ және қол қоюмен куәландырады;
      6) кеден органдарына жеткізілген тәуекелдердің профилі бар кедендік ресімдеу кезіндегі мәліметтерді анықтау кезінде ЖКД тіркеу және есептеу журналында 13 бағанында тәуекелді профилінің нөмірі және ЖКД ЭК "С" бағанында тиісті жолында қойылады және тәуекелдердің профилында көрсетілген кедендік бақылаудың барлық нысандарын жүргізеді.

      19. "Жасыл" дәлізден "сары", сондай-ақ "сары" мен "жасыл " дәлізден "қызыл" түсін өзгерту туралы шешімін қабылдауы кедендік бекеттің бастығы немесе оның орнын басатын адамының жазбаша рұқсатымен тек кедендік бақылауды күшейту тәртібінде жіберіледі.
      Бұл ретте кедендік тексеріп қарау Қазақстан Республикасының  заңнамасын бұзуында өткізілген тауарлар мен көлік құралдарының жеткілікті негіздемелері бар жағдайында, сондай-ақ кедендік тексеріп қарауы тарифтік реттеу емес және экспорттық бақылаудың шараларының сақтауын қамтамасыз ету қажетті кезінде жүргізілуі мүмкін.

      20. Осы Нұсқаулықтың 3, 4 және 5-бөлігінде бекітілген кеден бақылауды жүргізу жөніндегі қажетті әрекеттерін жүзеге асырылғаннан кейін уәкілетті лауазымды адамы тауарлар мен көліктік құралдарын шығару туралы шешімін қабылдайды.

  5. Уәкілетті лауазымды адамдардың "жасыл" және "сары"
дәліздердің жүйесін қолдану кезіндегі әрекеттері

      21. ЖКД тексеру жөніндегі уәкілетті лауазымды адамы "жасыл дәліз" жүйесін қолдану кезінде тауарларды шығару шарттарын сақтауына тексеруді мынадай операцияларды жүзеге асыру жолымен:
      кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу үшін СЭҚ қатысушыларының жеке шотындағы ақшалай қаражаттарының барын тексеру;
      тарифтік емес реттеу шараларын және экспорттық бақылауды растайтын рұқсаттамалық құжаттарының барын тексеру;
      ЖКД көрсетілген мәліметтерін, соның ішінде тауарлардың атаулары, олардың сандылық деректерін (орындарының саны, салмағы және әрі қарай) ЖКД тексеру үшін кеден органдарына ұсынылған құжаттамаларында бар, сондай-ақ кедендік құжаттамалардың электрондық көшірмесіндегі мәліметтерді сәйкестендіруіне тексеруін жүргізеді;

      22. ЖКД тексеру жөніндегі уәкілетті лауазымды адамы "сары дәліз" жүйесін қолдану кезінде тауарларды шығару шарттарын сақтауына тексеруді мынадай операцияларды жүзеге асыру жолымен:
      кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу үшін СЭҚ қатысушының жеке шотындағы ақшалай қаражаттары барын тексеру;
      ЖКД көрсетілген мәліметтерін, соның ішінде тауарлардың атаулары, олардың сандылық деректерін (орындарының саны, салмағы және әрі қарай) ЖКД тексеру үшін кеден органдарына ұсынылған құжаттамаларында бар, сондай-ақ кедендік құжаттамалардың электрондық көшірмесіндегі мәліметтерді сәйкестендіруіне тексеруін;
      мәлімделген кеден режимінің талаптары мен шарттарын сақталуын бақылауды;
      Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастығы сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша (бұдан әрі - ЕуроАзЭҚ СЭҚ ТН) жіктелген кодтың дұрыс анықтауына бақылауды;
      тарифтік емес реттеу және экспорттық бақылау шаралардың сақталуын бақылауды;
      тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатындарға қатысты тауарлар бойынша шығаратын елдерді дұрыс анықтауына бақылау;
      уәкілетті органның тізіміне қосылған және зияткерлік меншік құқықтары бұзылған тауарлардың белгілері бар интеллектуалдық меншік объектілері бар тауарларды анықтау;
      Келісімнің төлқұжаттың, оған қосымша парақтың, сондай-ақ ЖКД көрсетілген және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен ұсынылған ақпаратымен сәйкестігін және барын тексеру;
      кедендік құнын бақылау;
      кедендік төлемдер мен салықтардың уақытылы саналуын және төлену дұрыстығын бақылау, сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтардың қамтамасыз етуін енгізу (егер талап етілсе).
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010.04.16 N 171 Бұйрығымен.

      23. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу үшін СЭҚ-қа қатысушының жеке шотында ақшалай қаражаттың бар-жоқтығын тексеруді жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды адам:
      бюджеттік сыныптауыш кодтары және төлемнің мақсаты бойынша кедендік төлемдер мен салықтардың түсуін тексеруді;
      Қазынашылық органдары кеден органына ұсынатын есептілік нысандары бойынша жеке шотына ақшалай қаражаттардың түсуін тексеруді жүзеге асырады. Төлеуші кеден органдарының ғимараттарында орналастырылған электронды терминалдары арқылы төлем карточкаларын пайдаланумен және кеден органының ғимараттарында (үй-жайларында) тікелей орналасқан екінші деңгейдегі банктердің кассалары арқылы кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдарды төлеу кезінде жоғарыда көрсетілген электронды терминалдан берілетін чектердің және екінші деңгейдегі банктер кассаларының түбіршектері;
      ЖКД және басқа де кедендік құжаттар бойынша төлеушінің жеке шотына түскен кедендік төлемдер мен салықтардың таратылуын жүзеге асырады.

      24. ЖКД көрсетілген мәліметтерін, соның ішінде тауарлардың атаулары, олардың сандылық деректерін (орындарының саны, салмағы және әрі қарай) ЖКД тексеру үшін кеден органдарына ұсынылған құжаттамаларында бар, сондай-ақ кедендік құжаттамалардың электрондық көшірмесіндегі мәліметтерді сәйкестендіруін жүзеге асыру кезінде уәкілетті лауазымды адамы мынадайды:
      сандылық деректерін салыстыру (орындарының саны, салмағы және әрі қарай);
      құндылық деректерін салыстыру;
      келісім, коммерциялық, көліктік және кедендік құжаттары туралы мәліметтерді салыстыруын жүзеге асырады.

      25. Өтініштеген кеден режимін шарттар мен талаптарды сақтауын бақылау кезінде уәкілетті лауазымды адам тауарларды тиісті кеден режиміне орналастыру шарттарын (алдында өтініштеген кеден режимін аяқтау немесе өзгерту) сақтауын тексеруді жүзеге асырады.

      26. ЕуроАзЭҚ СЭҚ ТН бойынша жіктелген кодты дұрыстығын анықтауға бақылау кезінде ЖКД тексеру жөнінде уәкілетті лауазымды адамы:
      тауарларды сәйкестендіру мақсатында ЖКД көрсетілген мәліметтерді, сондай-ақ ЕуроАзЭҚ СЭҚ ТН сәйкес тауарларды жіктелуін толығымен растауын бақылауды;
      ЖКД тауардың толық сипаттамасын, соның ішінде оның орамасын сипаттау және сәйкестігін тексеруін;
      ЕуроАзЭҚ СЭҚ ТН бойынша жіктелген кодтың дұрыстығын анықтауын бақылау;
      Тауарлар туралы көрсетілген мәліметтер мен тауарлардың жіктелу бойынша шешімдерінде бар мәліметтер мен сәйкестендіруін тексеру;
      тауарлардың оларды декларациялау   кезінде кодтарын дұрыс көрсетпеген жағдайда декларантпен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жіктелеу шешімді қабылдау жолымен ЕуроАзЭҚ СЭҚ ТН бойынша тауарларды жіктеуін жүзеге асырылады.      

      27. ЖКД тексеру жөніндегі уәкілетті лауазымды адамы тарифтік емес реттеу шараларын қолдануын бақылау кезінде:
      тауарларды тасымалдайтын адамы шектеулермен тиым салуларды сақтау мақсатында ЖКД көрсетілген мәліметтердің толығына және дұрыстығына бақылауды;
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген сертификаттар, лицензиялар, рұқсаттамаларды ресімдеудің дұрыстығын және барын, сондай-ақ ветеринарлық, фитосанитарлық және мемлекеттік бақылаудың өзге де түрлерінен өтуін растайтын мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады.

      28. ЖКД тексеру жөніндегі уәкілетті лауазымды адамы декларацияланған тауарлардың кезінде тауарлардың шығу елін растайтын ЖКД және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толығын және растауына бақылауды жүзеге асырады, егер осы тауарлардың шығу елінде Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық келісіміне сәйкес Қазақстан Республикасы тарифтік преференцияларын ұсынса;

      29. Интеллектуалдық меншік объектілерін құқықтарын қорғау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылау кезінде ЖКД тексеру жөніндегі уәкілетті лауазымды адамы:
      интелектуалдық меншік объектілері бар тауарларына қатысты ЖКД көрсетілген мәліметтердің толығын және растауын тексеру;
      интелектуалдық меншік объектілері бар тауарлар бойынша уәкілетті органда тауарлар мәліметі туралы көрсетілген мәліметтің сәйкестігін тексеру;
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте тауарлардың шығаруын тоқтату туралы шешімін дайындау;
      жеке меншік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтарын табу туралы ақпаратты кеден органы тиісті бөлімшесіне тапсыруды жүзеге асырады.

      30. Тауарларды кедендік ресімдеу кезінде келісім төл құжатының ресімдеуін талап ететін контрактылар бойынша ЖКД тексеру жөніндегі уәкілетті лауазымды адамы келісімнің төл құжатының сәйкестігін барын және оған қосымша парағын егер ол талап етілсе тексереді, сондай-ақ ЖКД көрсетілген ақпаратты және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісымен ұсынылған ақпаратты салыстырады.

      31. Кедендік құнын бақылау кезінде уәкілетті лауазымды адам:
      1) Кодекстің 316-баптың 1 тармағында көзделген құжаттардың барын тексереді;
      2) Ұсынылған құжаттардың растауын бекіту мақсатында ЖКД көрсетілген, сондай-ақ басқа тауарға ілеспе құжатында бар мәліметтермен олардың сәйкестігі еместігін анықтау затына құжаттардың тексеруін жүзеге асырады;
      3) алынған кеден режимімен және кедендік құнын анықтау әдістемесіне сәйкес кедендік құнның құрылымның дұрыстығын тексереді;
      4) кеден органында бар бағалық ақпараты мен тауардың кедендік құнын салыстырады;
      5) көрсетілген кедендік құнның қосымша растауын қажетті жағдайда Кодекстің 316-бабында (3-қосымша) көзделген құжаттарды қосымша ұсыну туралы өтінімдердің екі данадағы нысанын жасайды және өтінімдердің, оның ұсыну мерзімін бекітетінін есептеу журналында ( 4-қосымша) белгілейді. Бірінші данасы қол қоюмен декларантқа беріледі, екіншісі ЖКД қабылдау бойынша уәкілетті лауазымды адамында қалады және құжаттамалардың жиынтығына қосылады;
      6) ұсынылған құжаттарды қосымша тексереді, кедендік құнын растауын бағалайды, тауарларды тексеріп қарау рәсімдері қажетті жағдайда жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы кедендік заңнамасымен бекітілген шараларды қабылдайды;
      7) жоғарыда аталған әрекеттердің нәтижелері бойынша Кодекстің  318-баптың 1 тармағының 2) тармақшасының 2 абзацында және 1) тармақшасының негізінде кедендік құнын қайта жасау (бұдан әрі - КҚҚЖ) қажеттілігі туралы шешімін қабылдауы мүмкін; Қараңыз.K100296
      КҚҚЖ өндірісінің қажетті жағдайында осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша себептердің толық сипаттауымен КҚҚЖ өндірісі туралы жазбаша хабарлама жазады. Хабарлама екі данада жасалынады: біріншісі - декларантқа беріледі, екіншісі - ЖКД қабылдау бойынша уәкілетті лауазымды адамында қалады және құжаттамалардың жиынтығына қосылады;
      8) Кедендік төлемдер мен салықтардың және кедендік құнның тиісті жіктеуін декларантпен көрсетілген кедендік құнның және (немесе) оның компоненттерін құжаттамалық растауы жоқ кезінде тауарлардың келісімді бағасын жүргізеді;
      9) келісім және/немесе ілеспе құжаттардың бағасын қосымша зерттеу қажеттілігі кезінде ЖКД тексеру жөніндегі уәкілетті лауазымды адамы тауарларды шығару туралы шешім қабылдағаннан кейін кеден органының тиісті құрылымдық бөлімшелерінен бағыттану себептерін толық түсіндірумен және бар құжаттардың көшірмелерімен қосымша нақтылау үшін және тиісті шараларды қабылдау үшін баяндама жібереді.

      32. Кедендік төлемдер мен салықтардың уақытылы төлеуін және дұрыс саналуын бақылау кезінде уәкілетті лауазымды адамы:
      ЖКД және оның ЖКД ЭК толтыру дұрыстығын, кедендік төлемдер мен салықтардың саналуына әсерін тигізетін көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын және толықтығының тексеруін;
      кедендік төлемдер мен салықтардың немесе олардың төленуін қамтамасыз ету бойынша көрсетілген кедендік режимнің шарттарын сақтауына бақылауды;
      кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін және ерекше саналу тәртібін бекітетін немесе көрсетілген жеңілдіктерді айқындайтын құжаттардың, преференциялардың, салықтық және тарифтік көрсетілген жеңілдіктердің қорытындысына бақылауды, және кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктерге қатысты мамандандырылған бөлімшеге мәліметтерді тапсыруды;
      кедендік төлемдер мен салықтар сомаларының төленуге жататын есептердің дұрыстығын тексеруін;
      Кедендік төлемдердің есебін және бақылауды жүзеге асыратын кеден органының мамандандырылған бөлімшесінде бекітілген тәртіппен тіркелген кедендік төлемдердің төленуін қамтамасыз етуін растайтын құжаттары бар, сондай-ақ кедендік төлемдердің төленуін созу немесе уақытша тоқтатуын ұсыну туралы тиісті шешімі барын тексеруді;
      кедендік төлемдер мен салықтардың төленуіне жауапты адамында кедендік төлемдер мен салықтардың төленуі бойынша қарыздарын алдында жүргізілген жеткізулері бойынша кедендік төлемдердің төленуін созу немесе уақытша тоқтатуын қолдану пайыздарын, кедендік ережелерін бұзушылықтарды жасаған кезде айыппұлдардың соммаларын, кедендік төлемдердің төленуінің уақытын созғаны үшін өсімпұлдардың барын тексеруді жүзеге асырады.
      ЖКД тапсыру мерзімін бұзған жағдайда Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 мамырдағы N 247  бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілері Тізімінде 2003 жылғы 5 маусымда N 2351 болып тіркелген) Кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды бюджетке аударудың және артық төленген кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды есепке алу мен мемлекеттік бюджеттен қайтарып алудың ережесіне сәйкес кедендік төлемдердің төленуін созу үшін өсімпұлдарды салу жүргізіледі.

      33. Осы Нұсқаулықтың 23-тармағында көзделген мәліметтер мен құжаттарды, кеден декларациялауды тексеруін аяқталғаннан кейін ЖКД тексеру жөніндегі уәкілетті лауазымды адамы ЖКД бірінші бетінің арғы бетінде "Құжаттамалық бақылау өткізілді", тексеру аяқталған күні мен уақыты, тегі, аты-жөнін көрсетуімен белгісін қояды және ЖНМ мен қол қоюымен куәландырылады.

  6. Уәклетті лауазымды адамдардың "қызыл дәліз" жүйесін
қолдану кезіндегі әрекеттері

      34. ЖКД-ны тексеру жөніндегі уәкілетті лауазымды адам "қызыл дәліз" жүйесін қолдану кезінде мынадай операцияларды:
      осы Нұсқаулықтың 22-тармағына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды, кеден декларациялауды тексеруін жасауды;
      тауардың сипаттамасына қатысты, оның сапалық көрсеткіштеріне күмән туындау кезінде тауаларды кедендік сараптамаға жіберу;
      қажеттілігін белгілейтін тәуекел профилінде бар мәліметтер анықтау;
      осы нұсқаулықтың 35-тармағында көзделген жағдайларда кедендік тексеріп қарау жүргізіледі.
      Кедендік тексеріп қарау ЖКД-ны тексеру жөніндегі уәкілетті лауазымды адамы жүзеге асырады.

      35. Уәкілетті лауазымды адамда тауардың сипаттамаларына, оның сапалық көрсеткіштеріне қатысты күдіктер туған жағдайда, сондай-ақ жергілікті халықтың өмірі мен денсаулығы үшін, қоршаған табиғи ортаға қауіп төнген жағдайда кеден бекетінің бастығына не оның орнын басатын тұлғаға кедендік сараптаманы жүргізу қажеттілігі туралы жазбаша негізделген ұсыныс жасалады.
      Кеден бекетінің бастығы, не оның орнын басатын тұлға кедендік сараптаманы жүргізу туралы шешімді қабылдаған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға ЖКД бірінші бетінің артқы жағында "Кедендік сараптаманы жүргізумен" деген жазу жүргізеді.
      Кеден бекетінің бастығы, не оның орнын басатын тұлға тиісті жолдаманы ресімдеу түрінде кедендік зертханаға, кедендік сараптамалар мен зерттеулер қызметіне зерттеуге кедендік сараптаманы жүргізу қажеттілігі туралы шешімді қабылдайды (6-қосымша).
      Кеден зертханасына, кедендік сараптамалар мен зерттеулер қызметіне зерттеуге жолдамалар Сараптамаға жолдауларды есепке алу журналында тіркеледі (7-қосымша).
      Кеден сараптамасын жүргізу үшін тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу тәртібі "Кеден зертханаларында кедендік сараптаманы жүргізу ережесін, Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 мамырдағы N 205 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілері Тізімінде 2003 жылғы 21-мамырдағы N 2296 болып тіркелген) Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу ережесінде бекітілген. Қараңыз.V106221

      36. Кедендік  тексеру жүргізу туралы шешім оны жүргізу қажеттілігі анықталған кезден бастап дереу қабылдануы тиіс.
      Кедендік тексеру тауарларды кеден мақсаттары үшін бірдейлендіру, мәлімделген мәліметтердің дәйектілігін анықтау не Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзу туралы ақпарат болған кезде мұндай ақпаратты тексеру мақсатымен жүргізіледі.
      Тексеру нәтижелерін жазып отыру нысаны "Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру/қарау, үй-жайлар мен аумақтарды  қарау актілерінің және біліктілік талаптары мен шарттарына сәйкестігіне қорытындылардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік  бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 21 мамырдағы N 226 бұйрығымен (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілері Тізімінде 2003 жылғы 26-мамырдағы N 2319 болып тіркелген) бекітілген тексеріс актісінде жүргізіледі.

      37. Тауарлардың жеткізілуін  бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің  (бұдан әрі - ТЖБАЖ)  желісін пайдалана отырып, кедендік бақылау жүргізу кезінде ЖКД-ны тексеру жөніндегі уәкілетті лауазымды адам декларантқа ЖКД-да мәлімделген барлық автокөлік құралдарының кедендік бақылау аймағынан ТЖАБЖ желісіне жүру қажеттігі туралы хабарлайды.
      Бұл ретте, ЖКД-ны тексеру жөніндегі уәкілетті лауазымды адам ЖКД-ның екінші данасын техникалық инспекциялау жүргізу үшін контейнерлік сканерлеу жүйесін пайдалана отырып, тауарларды сканерлеуді жүзеге асыратын лауазымды адамға береді.
      Автокөлік құралдарының ТЖБАЖ желісінен өтуі кезінде тексеру жөніндегі уәкілетті лауазымды адам ЖКД-ның 35-бағанында мәлімделген мәліметтердің автокөлік құралдарының іс жүзіндегі салмағына сәйкестігіне тексеру жүргізеді.
      ТЖАБЖ желісінен өткеннен кейін автокөлік құралдары техникалық инспекциялау жүргізу үшін мамандандырылған ғимаратқа орналастырылады.
      Тауарларды сканерлеуді жүзеге асыратын лауазымды адам көлік құралдарына техникалық инспекциялауды жүргізеді.
      Көлік құралдарын техникалық инспекциялау аяқталғаннан кейін тауарларды сканерлеуді жүзеге асыратын лауазымды адам сканерлеу нәтижесінде алынған түсірілімде тегін, уақытын және мерзімін көрсете отырып, "Техникалық инспекциялау жүргізілді" деген жазбаны жасайды және "Тексерумен" немесе "Тексерусіз" деген қорытындыны береді, оларды қолтаңбасымен және ЖНМ-мен куәландырады.
      Тауарларды сканерлеуді жүзеге асыратын лауазымды адам көрсетілген түсірілімді ЖКД-ның екінші парағына тігеді және тауарлар мен көлік құралдарына кедендік тексеру жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдау үшін ЖКД-ны тексеру жөніндегі уәкілетті лауазымды адамға ЖКД-ны береді.
      Декларацияланбаған тауарлар, автомашинаның тауарларды тасымалдауға арналмаған жабық бөліктері мен қуыстарында орналастырылған бөгде заттар, тауарлар, кедендік заңнаманы басқа да бұзушылықтар анықталған жағдайда, сондай-ақ кедендік заңнаманы бұзушылық туралы ақпарат болған жағдайда, тауарларды сканерлеуді жүзеге асыратын лауазымды адам техникалық инспекциялаудың нәтижелерін қоса бере отырып тауарлар мен көлік құралдарына кедендік тексеру жүргізу қажеттілігі туралы кеден бекетінің не оны ауыстыратын адамға жазбаша баяндайды.
      Егер ЖКД-ны тексеру жөніндегі уәкілетті лауазымды адам  тауарлар мен автокөлік құралдарына кедендік тексерудің жүргізілгендігі туралы шешім қабылдаса, алдын ала операцияларды бақылау бөлімінің (бұдан әрі - АОББ) лауазымды адамы кедендік ілесіп алып жүру арқылы автокөлік құралдарын уақытша сақтау орындарына жеткізеді және орналастырады.
      Қысқаша декларацияларды қабылдауды және тіркеуді, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарының уақытша сақтау орындарында болуын бақылауды АОББ лауазымды адамы жүзеге асырады.
      Тауарлар мен автокөлік құралдарына кедендік тексеруді жүргізу кезінде ЖКД-ны тексеру жөніндегі уәкілетті лауазымды адам тауарларды сканерлеуді жүзеге асыратын лауазымды адамдар жүргізген техникалық инспекциялау нәтижелерін, сондай-ақ ТЖБАЖ деректерін пайдаланады.
      Бөгде заттарға техникалық инспекциялау жүргізу кезінде анықтау фактілері болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары транзиттің кедендік режиміне сәйкес  кедендік тексеру жүргізілместен шығарылуға жатады.
      Бұл ретте ЖКД-ны тексеру жөніндегі уәкілетті  лауазымды адам ЖКД-ның негізгі парағының "С" бағанына тегін, уақытын және мерзімін көрсете отырып, "Тексерусіз" деген жазбаны жасайды, оны қолтаңбасымен және ЖНМ-мен куәландырады.

      38. Іс жүзіндегі бақылау жүргізу аяқталғаннан кейін ЖКД-ның бірінші парағының сыртқы жағына ЖКД-ны тексеру жөніндегі уәкілетті лауазымды адам кедендік тексеру нәтижелерін,  екі данада ресімделетін тексеріс актісінің нөмірін және күнін көрсете отырып, "Тексеріс жүргізілді..." деген жазбаны жасайды.

  7. Уәкілетті лауазымды адамдардың тауарларды шығару туралы шешімді қабылдау кезіндегі әрекеттері

      39. "Шығаруға рұқсат етіледі" не "Шығаруға тыйым салынды" деген мөртаңбаны қою арқылы, сондай-ақ көлік құжатында көлік құжатының оң жақ жоғарғы бұрышына ЖКД-ның нөмірін көрсете отырып, тауарларды шығару туралы шешімді уәкілетті лауазымды адам қабылдайды. Мөртаңба мен ЖКД нөмірі шығару туралы шешім қабылдаған лауазымды адамның ЖНМ куәландырылады.
      Тауарлар мен көлік құралдарын шығару Кодекспен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      40. Уәкілетті лауазымды адам ЖКД-да немесе кеден органдарына ұсынылған өзге де құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру мақсатында тауарлардың сынамалары мен үлгілерін, техникалық құжаттамаларын зерттеу қажеттігі немесе сараптама жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, тауарларды шығару кедендік сараптаманың нәтижелерін алғанға дейін декларант кедендік сараптама жүргізудің нәтижелері бойынша қосымша есептелуі мүмкін болатын кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынуы шартымен жүргізіледі;
      Тауарларды шығару кеден органдары тауарларға тарифтік емес реттеу шаралары қолданылуы мүмкін және декларант олардың сақталуын растайтын дәлелдерді ұсынбауы белгілерін анықтаған жағдайда ғана жүргізілмейді.

      41. Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың белгілері анықталған кезде тауарларды шығару бұзушылық объектісі болып табылатын тауарлардың тәркілеуге жатпауы, келешекте айғақты зат ретінде талап етілмеуі, және істі қарау нәтижелері бойынша есептелуі мүмкін кедендік төлемдер мен салықтардың, сондай-ақ айыппұлдардың не өзге де өндіріп алу шараларының төленуі шартымен кеден бекеті басшысының немесе оны ауыстыратын адамның шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      42. ЖКД тауарларын шығару туралы шешім қабылданғаннан кейін уәкілетті лауазымды адамы ЖКД тексереді және құжаттар жинағын оған қоса берілген тізімдемеге сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде кеден органының мұрағатына тапсыру, және ЖКД-ның белгіленген даналарын және қоса берілген құжаттарды декларантқа тапсыру үшін қалыптастырады.

      43. Уәкілетті лауазымды адамы тауарларды шығару туралы шешім қабылдаған адамның тегін, аты жөнін көрсетуімен ЖКД-ны есепке алу және тіркеу журналының 13-бағанында тауарларды шығару туралы шешімді қабылданған туралы жазба жасайды.

  8. Қорытынды ережелер

      44. Кедендік ресімдеу өндірісі кезінде Қазақстан уәкілетті лауазымды адамы кеден органының мамандандырылған бөлімшесіне мұндай бұзушылықтар туралы ақпарат береді.

      45. Кедендік ресімдеу өндірісі кезінде техникалық сипаты бар қателер (қателіктер, грамматикалық және лексикалық қателер және әрі қарай) анықталған жағдайда, уәкілетті лауазымды адамы қателерді тізбелей отырып ілеспе жазба жасайды.
      Осы ілеспе жазбаның негізінде декларанттың оларды өзінің қолымен және мөрімен растай отырып жіберген қателерді түзетуге құқығы бар.
      Уәкілетті лауазымды адам тиісті өзгерістерді ЖКД ЭК-не енгізеді.

      46. Кеден органының рұқсатымен және декларанттың дәлелді жазбаша өтініші бойынша ЖКД-да мәлімделген мәліметтер өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін. Кеден органы ЖКД-да мәлімделген мәліметтерді өзгертуге және толықтыруға рұқсатты декларант өтінішті ЖКД-ны тексеру аяқталғанға немесе тауарларды тексеріс басталғанға дейінгі сәтте берген жағдайда береді. Көрсетілген түзетулер ЖКД ЭК-да да жүргізіледі. ЖКД-ны өзгерту немесе толықтыру оның қолданылу аясын кеңейте немесе азайта алмайды, кеден органы қабылдаған ЖКД және ЖКД ЭК көрсетілгендерден басқа тауарлар туралы мәліметтердің мәлімделуіне жол бере алмайды.

      47. ЖКД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту және/немесе толықтыру үшін декларант өзгертуге және/немесе толықтыруға жататын мәліметтерді, ЖКД-ның көрсетілген мәліметтері бар бағандарын, сондай-ақ мұндай өзгертулер мен толықтырулардың себептерін көрсете отырып еркін нысанда жасалған жазбаша өтінішпен кеден органына жүгінуі қажет.
      ЖКД-да көрсетілген мәліметтерді өзгерту және/немесе толықтыру туралы шешімді осы Нұсқаулықтың 46-тармағының ережелерін ескере отырып, кеден бекетінің басшысы не оны ауыстыратын адам қабылдайды.
      Мұндай өзгерістерді және/немесе толықтыруларды декларант өзгертуге және/немесе толықтыруға жататын мәліметтерді сызып тастау және ЖКД-ны толтырудың тәртібіне сәйкес жаңа мәліметтер енгізу жолымен енгізеді.
      ЖКД-дағы барлық өзгерістер мен толықтырулар декларанттың қолымен куәландырылады.
      Декларанттың ЖКД-дағы мәліметтерді өзгерту және/немесе толықтыру туралы өтініші ЖКД-ға қоса беріледі және кейін кеден органында қалатын ЖКД-ның данасымен бірге тігіледі.

      48. Кеден органының рұқсатымен және декларанттың дәлелді жазбаша өтініші бойынша кеден органы қабылдаған ЖКД-ны ол тауарларды шығарғанға дейін қайтарып алу мүмкін. Мұндай өтінішті декларант қайтарылып алынатын ЖКД-ның нөмірін және мерзімін және оны қайтарып алу себептерін көрсете отырып, еркін нысанда жасайды.
      ЖКД-ны қайтарып алу мүмкіндігі туралы шешімді кеден бекетінің басшысы не оны ауыстыратын адам қабылдайды.
      ЖКД қайтарып алу кезінде кеден органы тауарларды уақытша, алдын ала, мерзімдік декларациялау рәсімдерін қолдану жағдайларын қоспағанда, қайтарып алуға рұқсат берген күннен бастап он бес күнтізбелік күннен аспайтын жаңа ЖКД берудің мерзімін белгілейді.
      ЖКД-ны қайтарып алу кедендік баждар мен салықтарды төлеудің мерзімдерін ұзартпайды.
      Бұл ретте қайтарып алынған ЖКД Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі - Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 2 қыркүйектегі N 335 бұйрығымен бекітілген, (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілері Тізімінде 2005 жылғы 13-қыркүйекте N 3835 болып тіркелген) жүктің кедендік декларациясының күшін жою ережелеріне сәйкес жойылуға жатады.

      49. Қайтарып алынатын ЖКД тауарлар мен көліктік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге шығару мақсаттары үшін берілген жағдайда, ЖКД олардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге іс жүзінде шығарылғанына дейін қайтарып алынуы мүмкін. Осы тауарларға жаңа ЖКД беру үшін мерзім қойылмайды.
      Жойылған ЖКД нөмірлері басқа ЖКД-ға қойылмайды.

                                 Қазақстан Республикасының кедендік
                                     шекарасы арқылы өткізілетін   
                                    тауарлар мен көлік құралдарын
                                     кедендік ресімдеу жөніндегі                                           нұсқаулықтың 1- қосымшасы

      200___ жылға (кеден органының коды) ЖКД есептеу
                  және тіркеу ЖУРНАЛЫ

N
р/с

Күні

ЖКД-декларант
берген адамы
туралы
мәлімет
(атауы, СТН)

ЖБҚ
нөмірі
(ХЖТ
кітап-
шасы)

Көрсе-
тілген
кеден-
дік
режимі-
нің
коды
 

Жөнелтуші
(атауы,
СТН)

Алушы
(атауы,
СТН)

1

2

3

4

5

6

7


  кестенің жалғасы

Жүктің
қысқаша
атауы
және
оның
саны,
негізгі
немесе
қосымша
өлшем
бірлі-
гінде

Тауар-
дың
жалпы
статис-
тикалық
құны

Лауазым-
ды
адамның
тегі,
аты-жөні
және
оның
ЖНМ
нөмірі

ЖКД және
қоса
беріліп
отырған
құжаттарды
қабылдау
уақыты
мен күні

ЖКД тіркеу
нөмірі және
уақыты мен
күні/ЖКД
тіркеуден
бас тарту

Ескерту

8

9

10

11

12

13

                                Қазақстан Республикасының кедендік
                                    шекарасы арқылы өткізілетін
                                   тауарлар мен көлік құралдарын
                                    кедендік ресімдеу жөніндегі
                                     нұсқаулықтың 2- қосымшасы

    200___ жылға (кеден органының коды) арыздарды есептеу
                 және тіркеу ЖУРНАЛЫ

N
р/с

Күні

Арызды-
декларант
берген адамы
туралы
мәлімет
(атауы, СТН)

ЖБҚ нөмірі
(ХЖТ
кітапшасы)

Көрсе-
тілген
кеден-
дік
режимі-
нің
коды

Жөнел-
туші (атауы, СТН)

Алушы
(атауы,
СТН)

1

2

3

4

5

6

7


  кестенің жалғасы

Жүктің
қысқаша
атауы және
оның саны,
негізгі немесе
қосымша
өлшем
бірлігінде

Тауар-
дың
жалпы
статис-
тикалық
құны

Арыздарды
қабылдау
бойынша
лауазымды
адамның
тегі,
аты-жөні
және
оның ЖНМ
нөмірі

Арыздарды
және қоса
беріліп
отырған
құжат-
тарды
қабылдау
уақыты
мен күні

Арыздарды
тіркеу
нөмірі
және
уақыты
мен күні

Ескерту

8

9

10

11

12

13

Қазақстан Республикасының кедендік   
шекарасы арқылы өткізілетін       
тауарлар мен көлік құралдарын      
кедендік ресімдеу жөніндегі       
нұсқаулықтың 3-қосымшасы         

____________________________       
(СЭҚ қатысушысының атауы)        

ЖКД N ______________қосымша құжаттарды ұсынуға өтінімі

      Осымен, Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 316-баптың бірінші тармағымен көрсетілген кедендік құнын растау үшін қажетті құжаттардың тізімін бекітілгенін хабарлаймыз.
      Сонымен қатар, ЖКД N ________________ Сіздермен ұсынылған құжаттардың арасында:
      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 317-баптың 4 тармағымен бекітілген жағдайларын қоспағанда кедендік құн декларациясы;
      келісім (контракт) және оларға қосымша келісімдері бар тауарлардың кедендік құнын анықтауына әсерін тигізуі мүмкін мәліметтері;
      шот-фактурасы (инвойс) немесе проформа-шоты (сатып алу-сату келісімдерден бөлінетін келісімдер үшін);
      тауарлардың құнын растайтын төлемдік құжаттар, егер кедендік декларациясының беру мерзімінің келісімі бойынша шарттары жөнінде, оған төлем толық немесе жекелеп төленгені жүзеге асырылса;
      көліктік және сақтандыру құжаттары, егер көліктендіру және сақтандыру бойынша шығындары жеткізу шарттары бойынша сатып алушымен жүзеге асырылса;
      көліктік шығындары шот-фактурасына қосылмаған, бірақ сатып алушымен жүргізілген көліктендіру немесе көліктік шығындары туралы ресми куәландырылған анықтамасы үшін шоты;
      егер декларанттың жөнелтуші елдің кедендік декларациясының көшірмесін ұсынуға мүмкіндігі болса, оны табыс етуге тиіс.
      Осыған байланысты, осы құжаттарды ұсынуын тауарлардың кедендік құнына қатысты дұрыс шешімін қабылдауға әсерін тигізуі мүмкін, Сізге оларды ___________________ (кеден органының атауы) 200___ жылғы "____" __________сағатқа ______ дейін ұсыну қажет.
      Ескертеміз, көрсетілген кедендік құнын растау үшін Сіз Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 316-баптың 2 тармағында аталған құжаттарды ұсынуға құқылысыз.

200__жылғы»"____" _________
сағат_______ ______мин.
Уәкілетті лауазымды адамның
___________________________
    (тегі, аты-жөні)
_________ қолы
ЖНМ

Өтінім қабылданды
200__жылғы»"____"_________ 
сағат_______ ______мин.
__________________________
Адамның тегі, аты-жөні,
      лауазымы
___________________________       (тегі, аты-жөні)
_________ қолы
ЖНМ

Қазақстан Республикасының кедендік   
шекарасы арқылы өткізілетін       
тауарлар мен көлік құралдарын      
кедендік ресімдеу жөніндегі       
нұсқаулықтың 4-қосымшасы         

   Қосымша құжаттарды ұсынуға өтінімдерді есептеу журналы

өті-
нім-
дер-
дің
N (00
00)

ЖКД N

Экспорт-
таушы/
импорт-
таушының
атауы

Декла-
рантқа
өтінімді
тапсыру
уақыты
мен күні

Құжат-
тарды
ұсыну
мерзі-
мі

ЖКД
қабылдау
бойынша
уәкілетті
лауазымды
тұлғамен
құжаттар-
ды алу
уақыты
мен күні

ЖКД тексеру
жөніндегі
уәкілетті
лауазымды
тұлғамен
құжаттарды
алу уақыты
мен күні

1

2

3

4

5

6

7

Қазақстан Республикасының кедендік    
шекарасы арқылы өткізілетін       
тауарлар мен көлік құралдарын      
кедендік ресімдеу жөніндегі        
нұсқаулықтың 5-қосымшасы         

____________________________     
(СЭҚ қатысушысының атауы)      

ЖКД N _____кедендік құнын, кедендік төлемдер мен салықтардың түзету нысандарын ресімдеу қажеттілігі туралы хабардар ету

      Осымен, ЖКД N_____ кедендік құнын, кедендік төлемдер мен салықтардың түзету нысандарын мынадай себептері бойынша ресімдеу қажеттілігі туралы хабарлаймыз:
      1. ___________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      2. ___________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      3. ___________________________________________________________
      ______________________________________________________________

      КҚТ өндірісі және тауарды кедендік ресімдеу рәсімдерін аяқтау үшін, Сізге ______________________ кеден органның атауы
      2007 жылғы»_____»  _______ сағат_____минутта келуі қажет.
 

200__жылғы»"____" _________
сағат_______ ______мин.
Уәкілетті лауазымды адамның
___________________________
    (тегі, аты-жөні)
_________ қолы
ЖНМ

Өтінім қабылданды
200__жылғы»"____"_________ 
сағат_______ ______мин.
__________________________
Адамның тегі, аты-жөні,
      лауазымы
___________________________       (тегі, аты-жөні)
_________ қолы
ЖНМ

Қазақстан Республикасының кедендік    
шекарасы арқылы өткізілетін       
тауарлар мен көлік құралдарын      
кедендік ресімдеу жөніндегі        
нұсқаулықтың 6-қосымшасы         

                бастығына      
(кедендік зертхананың,       
бөлімнің, (қызмет)         
кедендік сараптама        
және зерттеудің атауы)      

              Кедендік сараптамаға жолдама

      N ______ "____"» ________________ 200__ ж.
      N ________________ ЖКД бойынша кедендік ресімдеуді жүргізу мақсатында _______________________________________________ кедендік
сараптама жүргізу үшін жолдаймыз:
      1. Зерттеу объектілерінің сипаттамасы _______________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________ 
      2. Зерттеу міндеттері _______________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________ 
      3. Ұсынылған материалдар (тауарға ілеспе құжаттар; тауарлардың
сынамалары, үлгілері, олардың мөлшері) _____________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________ 

      Бастық                    ___________  __________________
      (Кеден органының атауы)     (қолы)      (тегі, аты-жөні)
      Жолдамамен таныстым:
      Декларант         (күні)  ___________  __________________
                                  (қолы)      (тегі, аты-жөні)

                              Қазақстан Республикасының кедендік
                                 шекарасы арқылы өткізілетін
                                тауарлар мен көлік құралдарын
                                  кедендік ресімдеу жөніндегі
                                   нұсқаулықтың 7-қосымшасы

Сараптамаға жолдамалардың есебін жүргізу журналы

Жолда-
маның
N
(0000)

Импортердың/
экспортердың
атауы

Сарап-
тама
мақсаты

ЖКД N

Жолдау
күні

ОКЗ
қорытын
дысының
(сарап-
таманың)
нөмірі

Қорытын-
дыны алу
күні

1

2

3

4

5

6

7

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады