Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2011.30.03 № 39-ө Өкімімен.
Қазақстан Республикасының экономика секторларын халықаралық стандарттарға көшіру мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстандық ұйымдардың халықаралық стандарттарға одан әрі көшуі жөніндегі 2010-2011 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары Жоспар іс-шараларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. «Қазақстандық ұйымдардың халықаралық стандарттарға жедел көшуі жөніндегі 2008 - 2009 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 23 маусымдағы № 172-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 9 наурыздағы
№ 43-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстандық ұйымдардың халықаралық стандарттарға одан әрі көшуі жөніндегі 2010-2011 жылдарға арналған жоспар
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу мерзімі |
Болжамды шығыстар (мың теңге) |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. Халықаралық стандарттарға көшу бойынша мемлекеттік басқаруды жетілдіру |
||||||
1 |
Халықаралық стандарттарға сәйкес салаларды мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар |
2010-2011 жылдар IV тоқсан |
Талап етілмейді |
|
2 |
Менеджмент жүйелерін республиканың кәсіпорындары мен ұйымдарында енгізу жөнінде өңірлік жоспарлар әзірлеу және оларды іске асыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2010-2011 жылдар I тоқсан 2010-2011 жылдар IV тоқсан |
Талап етілмейді |
|
3 |
Отандық кәсіпорындарды халықаралық стандарттарды енгізуге нормативтік-құқықтық ынталандыруды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар |
2010 жыл II тоқсан |
Талап етілмейді |
|
2. Менеджмент жүйелері және өнімнің бәсекеге қабілеттілігі саласында нормативтік және ақпараттық қамтамасыз ету |
||||||
4 |
Сапа менеджменті жүйелерінің саласындағы мемлекеттік стандарттарды Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспарына сәйкес әзірлеу және бекіту |
Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның бұйрығы |
ИСМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, стандарттау жөніндегі ТК |
2010-2011 жылдар IV тоқсан |
001 бюджеттік бағдарлама бойынша көзделген қаражат шеңберінде және шегінде (ИСМ) |
Республикалық бюджет |
5 |
Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйыммен (ИСО) ынтымақтастықты қамтамасыз ету және «Сапаны басқару және сапаны қамтамасыз ету» ТК/ИС0 176 жұмысына қатысу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ |
2010-2011 жылдар IV тоқсан |
Талап етілмейді |
|
3. Сапа менеджменті нысандары мен әдістерін жетілдіру |
||||||
6 |
Шетелдік үлгідегі сәйкестікті растау саласындағы құжаттарды беретін шетелдік және халықаралық ұйымдарды Қазақстан Республикасында есептік тіркеу жөніндегі жұмысты жалғастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ |
2010-2011 жылдар IV тоқсан |
Талап етілмейді |
|
4. Кадрлар даярлау |
||||||
7 |
Менеджмент жүйелері бойынша мамандарды оқыту жөніндегі жұмысты жалғастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ |
2010-2011 жылдар IV тоқсан |
001 бюджеттік бағдарлама бойынша көзделген қаражат шеңберінде және шегінде (ИСМ) |
Республикалық бюджет |
5. Сапа менеджменті саласындағы ұйымдастыру іс-шаралары және насихаттау |
||||||
8 |
Халықаралық стандарттарға сәйкес менеджмент жүйелерін енгізу мәселелері бойынша тұрақты жарияланымдар мен мақалалардың басылымға, Интернет-ресурстарға, сөйлеген сөздердің радиоға және телевидениеге шығуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2010-2011 жылдар IV тоқсан |
001 бюджеттік бағдарлама бойынша көзделген қаражат шеңберінде және шегінде (ИСМ) |
|
9 |
Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін менеджмент жүйелерін әзірлеуге, енгізуге және сертификаттауға талдау жүргізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2010-2011 жылдар тоқсан сайын |
Талап етілмейді |
|
10 |
Менеджмент жүйесін енгізген және сертификаттаған өнеркәсіптік экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға талдау жүргізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ (жинақтау), СА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2010-2011 жылдар тоқсан сайын |
Талап етілмейді |
|
6. Салаларда мемлекеттік стандарттарды енгізу |
||||||
11 |
Даму институттарының бизнес-жоспарларын әзірлеу, инвестициялық жобаларын іске асыру кезінде қолданыстағы стандарттардың талаптарын орындау міндеттемесін белгілейтін бөлім көздеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2010-2011 жылдар тоқсан сайын |
Талап етілмейді |
|
12 |
Әкімдіктерде стандарттау бойынша маманның штаттық бірлігін құруды көздеу (қазіргі бар штаттық саннан) |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2010-2011 жылдар I тоқсан |
Талап етілмейді |
|
13 |
Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспарына техникалық реттеу саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес ұсыныстар дайындау |
ИСМ-ге тапсырыс |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2010-2011 жылдар II тоқсан |
Талап етілмейді |
|
14 |
Белгіленген форматқа сай стандарттау жөніндегі өңірлік жоспарларды бекіту |
Бекітілген жоспар |
ИСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган (келісім бойынша) |
2010-2011 жылдар IV тоқсан |
Талап етілмейді |
|
15 |
Салада қолданыстағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға, техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге әзірлеу, өзгерту, қайта қарау (жаңарту), күшін жою мәніне талдау жүргізу |
ИСМ-ге ақпарат |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2010-2011 жылдар I тоқсан |
Талап етілмейді |
|
16 |
Стандарттау жөніндегі өңірлік жоспарларды орындау туралы есептерді ұсыну |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2010-2011 жылдар IV тоқсан |
Талап етілмейді |
|
17 |
Тиісті салаға стандарттарды енгізу мәселелері бойынша Медиа-жоспар (мәжілістер, семинарлар, конференциялар, баспада ақпарат, жариялау және айдар күндері, Web-сайттарда ақпарат беру және радио және телевидениеде сөз сөйлеу) дайындау және оны орындау туралы есепті ұсыну |
Бекітілген Медиа-жоспар Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2010-2011 жылдар I тоқсан 2010-2011 жылдар IV тоқсан |
Талап етілмейді |
|
18 |
Кәсіпорындарда стандарттарды енгізу бойынша салыстырмалы талдау жүргізу |
Талдамалық анықтама, ИСМ-ге ұсыныс |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2010-2011 жылдар тоқсан сайын |
Талап етілмейді |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі