1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік материалдық резерв мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 3 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі орталық атқарушы органдармен бірлесіп, тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 23 сәуірдегі
№ 57-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік материалдық резерв мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 3 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
1 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ТЖМ |
2010 жылғы маусым |
2 |
Нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервті пайдаланған жағдайда сауда қызметінің субъектілерін іріктеу критерийлерін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ, АШМ, ТЖМ |
2010 жылғы мамыр |
3 |
Мемлекеттік материалдық резервтің дебиторлық берешегін есептен шығару ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ТЖМ, Қаржымині |
2010 жылғы маусым |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлігі
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
сауда министрлігі