"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік материалдық резерв мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 3 ақпандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 57-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік материалдық резерв мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 3 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі орталық атқарушы органдармен бірлесіп, тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.

      Премьер-Министр                                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2010 жылғы 23 сәуірдегі
№ 57-ө өкімімен    
бекітілген      

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік материалдық резерв мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 3 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі


1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТЖМ

2010 жылғы маусым


2

Нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервті пайдаланған жағдайда сауда қызметінің субъектілерін іріктеу критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭДСМ, АШМ, ТЖМ

2010 жылғы мамыр


3

Мемлекеттік материалдық резервтің дебиторлық берешегін есептен шығару ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТЖМ, Қаржымині

2010 жылғы маусым

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ              - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                   министрлігі
Қаржымині        - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ТЖМ              - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
                   министрлігі
ЭДСМ             - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
                   сауда министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады