«Табиғи монополия субъектілері персоналының санын, шикізатының, материалдарының, отынының, энергиясының шығыстарын нормалау жөнінде жаңа әдістемелер әзірлеу және қолданыстағыларын қайта қарау кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 30 қазандағы № 320-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген табиғи монополия субъектілері персоналының санын, шикізатының, материалдарының, отынының, энергиясының шығыстарын нормалау жөнінде жаңа әдістемелер әзірлеу және қолданыстағыларын қайта қарау кестесінде:
реттік нөмірлері 30, 31, 67, 68-жолдардағы 3-бағанда «2009 жылғы IV тоқсан» деген сөздер «2011 жылғы IV тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын.
Премьер-Министр К. Мәсімов