Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 30 қазандағы № 320-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 25 мамырдағы № 73-ө Өкімі

      «Табиғи монополия субъектілері персоналының санын, шикізатының, материалдарының, отынының, энергиясының шығыстарын нормалау жөнінде жаңа әдістемелер әзірлеу және қолданыстағыларын қайта қарау кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 30 қазандағы № 320-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген табиғи монополия субъектілері персоналының санын, шикізатының, материалдарының, отынының, энергиясының шығыстарын нормалау жөнінде жаңа әдістемелер әзірлеу және қолданыстағыларын қайта қарау кестесінде:
      реттік нөмірлері 30, 31, 67, 68-жолдардағы 3-бағанда «2009 жылғы IV тоқсан» деген сөздер «2011 жылғы IV тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын.

      Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

О внесении изменений в распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 30 октября 2007 года № 320-р

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 25 мая 2010 года № 73-р

      Внести в распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 30 октября 2007 года № 320-р "Об утверждении графика разработки новых и пересмотра действующих методик по нормированию численности персонала, расходов сырья, материалов, топлива, энергии субъектов естественных монополий" следующие изменения:
      в графике разработки новых и пересмотра действующих методик по нормированию численности персонала, расходов сырья, материалов, топлива, энергии субъектов естественных монополий, утвержденном указанным распоряжением:
      в графе 3 в строках, порядковые номера 30, 31, 67, 68, слова "IV квартал 2009 года" заменить словами "IV квартал 2011 года".

      Премьер-Министр                            К. Масимов