Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Березовка ауылының Қарашығанақ кен орнын игеруге байланысты туындаған проблемалық мәселелерін шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Әшімов - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрғали Сәдуақасұлы ортаны қорғау министрі, жетекші
Салықов - Батыс Қазақстан облысы әкімінің
Ербол Ғұмарұлы орынбасары, жетекшінің орынбасары
Әлиев - Қазақстан Республикасы Қоршаған Данияр Балтабайұлы ортаны қорғау министрлігінің
Экологиялық реттеу және бақылау
комитеті мемлекеттік экологиялық
бақылау басқармасының бастығы,
хатшы
Мұташев - Қазақстан Республикасы Қоршаған
Сағынбек Хайдарұлы ортаны қорғау министрлігі
Экологиялық реттеу және бақылау
комитетінің төрағасы
Оспанов - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Кеңес Сәрсенғалиұлы сақтау министрлігі
Санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің төрағасы,
Қазақстан Республикасының Бас
санитарлық дәрігері
Шәкімов - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі
Болат Әдиетұлы ауданының әкімі
Қалмықов - Қазақстан Республикасы Қоршаған
Алмаз Амангелдіұлы ортаны қорғау министрлігі
Экологиялық саясат және орнықты даму
департаменті директорының орынбасары
Қазтуғанов - Қазақстан Республикасы Қоршаған
Төлеген Мақсұтұлы ортаны қорғау министрлігі
Экологиялық реттеу және бақылау
комитетінің Жайық-Каспий экология
департаменті бастығының Батыс
Қазақстан облысы бойынша орынбасары,
Батыс Қазақстан облысы бойынша Бас
мемлекеттік экологиялық инспектор
Ирменов - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Хамидолла Мутиголлаұлы сақтау министрлігі Батыс Қазақстан
облысы Денсаулық сақтау
басқармасының бастығы
Иманқұл - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Серікбай Исламұлы сақтау министрлігі
Санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің Батыс
Қазақстан облысы бойынша
департаментінің директоры
Ерманов - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы
Рақымжан Бірмәнұлы Березовка ауылдық округінің әкімі
Аносова - «Жасыл дала» қоғамдық бірлестігінің
Светлана Яковлевна төрайымы (келісім бойынша)
Ефименко - зейнеткер, Батыс Қазақстан облысы
Виктор Васильевич Бөрлі ауданы Березовка ауылының
тұрғыны (келісім бойынша).
2. Жұмыс тобы 2010 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Березовка ауылының проблемалық мәселелерін шешу жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов