Сербия Республикасының Президенті Борис Тадичтің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2010 жылғы 6-7 қазан кезеңінде Астана қаласында Сербия Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+10» форматы бойынша Сербия Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2010 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету» және 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Сербия Республикасы ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Сербия Республикасы Президентінің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
7. Астана қаласының әкімдігі Сербия Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, әуежайды және көшелерді безендіруді, болатын орындарда бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында Сербия Республикасының Президентін қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 5 қазандағы
№ 137-ө өкіміне
қосымша
Сербия Республикасының ресми делегациясы мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары
1. Сербия Республикасы ресми делегациясының мүшелерін (1+10 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласының қонақ үйіне орналастыру.
2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламаларын, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
3. Сербия Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлдермен безендіру.
4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың атынан Астана қаласында Сербия Республикасының Президенті Б.Тадичтің құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі астар) ұйымдастыру.
5. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтің атынан Астана қаласында Сербия Республикасының Президенті Б.Тадичтің құрметіне қабылдау ұйымдастыру.
6. Сербия Республикасы ресми делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
7. Іс-шаралар өтетін орындарды гүлмен безендіру.
8. Сербия Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
9. Сербия Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.