1. Қоса беріліп отырған Экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі салааралық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:
1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша есептік ақпаратты жылына екі рет 10 қаңтарға және
10 шілдеге ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жиынтық ақпаратты жылына екі рет 1 ақпанға және 1 тамызға ұсынсын.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 6 сәуірдегі
№ 43-ө өкімімен
бекітілген
Экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі салааралық
іс-шаралар жоспары
Р/с |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу мерзімі |
1. Ұйымдастыру іс-шаралары |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі ұлттық кеңес құру |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БҒМ, ИЖТМ, ККМ, МГМ, АШМ, ТСМ, ММ, БАМ, ҚТҮКШІА, жұмыс берушілер, кәсіподақтар (келісім бойынша) |
2011 жылғы наурыз |
2. |
Машина жасау, тау-кен металлургия, жеңіл өнеркәсіп, электр энергетикасы, химия, құрылыс салалары, құрылыс индустриясы бойынша салалық кеңестер құру |
ИЖТМ-нің бұйрығы |
ИЖТМ, БҒМ, жұмыс берушілер, кәсіподақтар (келісім бойынша) |
2011 жылғы мамыр |
3. |
Мұнай-газ саласы жөніндегі салалық кеңес құру |
МГМ-нің бұйрығы |
МГМ, БҒМ, жұмыс берушілер, кәсіподақтар (келісім бойынша) |
2011 жылғы мамыр |
4. |
Қазақстан Республикасының Үкіметінде салалық кеңестермен кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңестер өткізу |
Хаттама |
БҒМ, ККМ, АШМ, ТСМ, БАМ, жұмыс берушілер, кәсіподақтар (келісім бойынша) |
2011 жылғы сәуір |
5. |
Кадрлар даярлау жөнінде өңірлік кеңестердің отырыстары |
БҒМ-ге ақпарат |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2011-2014 жылдар |
2. Кадрларға деген болжамдық қажеттілікті әкімшілендіру жөніндегі іс-шаралар |
||||
6. |
Дерекқор қалыптастыру үшін кадрларға ағымдағы және болжамды қажеттіліктер туралы мәліметтерді беру жөніндегі нысандарды әзірлеу мен бекіту бойынша ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
Еңбекмині |
2011 жылғы маусым |
7. |
Кадрларға ағымдағы, болжамды қажеттілік туралы деректерді беру |
Белгіленген нысандар бойынша мәліметтер |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ИЖТМ, МГМ, ККМ, АШМ, ҚТҮКШІА, БҒМ, ТСМ, БАМ, MM, жұмыс берушілер (келісім бойынша) |
Жарты жылда бір рет |
8. |
Кадрларға ағымдағы және болжамды қажеттіліктер туралы мәліметтерді өңдеу және дерекқорға енгізу |
Еңбекминіне ақпарат |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2011 жылғы 1 қарашадан бастап үнемі |
9. |
Экономиканың кадрларға қажеттілігін болжау тәртібін әзірлеу |
Еңбекминінің бұйрығы |
Еңбекмині, ЭДСМ, БҒМ |
2011 жылғы 15 желтоқсан |
3. Техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұнын жаңарту |
||||
10. |
Кәсіптік стандарттың құрылымын әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу, қолдану тәртібін айқындау |
Еңбекминінің бұйрығы |
Еңбекмині, БҒМ, «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ҰЭП» ЗТБ, салалық жұмыс берушілердің қауымдастықтары |
2012 жылғы 1-тоқсан |
11. |
Экономикалық қызметтің әртүрлі қызметкерлері лауазымдарының кәсіптік стандарттарын әзірлеуді ұйымдастыру |
Кәсіптік стандарттардың жобалары |
БҒМ, Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар, жұмыс берушілердің бірлестіктері |
2012-2014 ж.ж. 1-тоқсан |
12. |
Кәсіптік стандарттардың жобаларын жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерімен келісу |
Сараптамалық қорытынды |
Мүдделі мемлекеттік органдар |
2012-2014 ж.ж. 2-тоқсан |
13. |
Кәсіптік стандарттарды бекіту |
Меморгандар бұйрықтары |
Мүдделі мемлекеттік органдар |
2012-2014 ж.ж. 2-тоқсан |
14. |
Кәсіптік стандарттарды тіркеу |
Кәсіптік стандарттардың тізілімі |
Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар |
2012-2014 ж.ж. 2-тоқсан |
15. |
Кәсіптік стандарттардың талаптарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды әзірлеу |
БҒМ-нің бұйрығы |
БҒМ, жұмыс берушілердің бірлестіктері |
2012-2014 ж.ж. 2-тоқсан |
16. |
Барлық салалар бойынша мамандардың біліктілігін сертификаттау жүйесін енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Атамекен» Одағы» Қазақстанның ҰЭП» ЗТБ, жұмыс берушілердің қауымдастықтары, мүдделі мемлекеттік органдар |
2011-2014 ж.ж. 4-тоқсан |
4. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде қаржыландыру тетіктерін әзірлеу |
||||
17. |
Кәсіпорындардың қоса қаржыландыруын, білім алушыларға жолдама беру мен жұмысқа орналастыру тәртібін ескере отырып, кәсіпорындар үшін кадрларды нысаналы даярлау әдістемесін әзірлеу |
БҒМ-нің бұйрығы |
БҒМ, Еңбекмині, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2011 жылғы 2-тоқсан |
18. |
Аудандар (облыстар, қалалар) және салалар бөлінісінде мамандықтар мен біліктіліктерді көрсете отырып, кадрларға қажеттілігі бар кәсіпорындардың тізбесін анықтау |
Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің қаулылары |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, жұмыс берушілер (келісім бойынша) |
2011-2014 ж.ж. 2-тоқсан |
19. |
Техникалық мамандықтар мен біліктіліктер бойынша техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауда жұмыс берушілердің қажеттілігін анықтау |
Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің қаулылары |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, жұмыс берушілер (келісім бойынша) |
2011-2014 ж.ж. 2-тоқсан |
20. |
Нысаналы даярлау жоспарына енгізу үшін мамандықтар мен біліктіліктер тізбесін анықтау |
Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің қаулылары |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, жұмыс берушілер (келісім бойынша) |
2011-2014 ж.ж. 2-тоқсан |
21. |
Әкімдік пен кәсіпорындар арасындағы кадрлар даярлауды ұйымдастыру жөніндегі келісімдерге қол қоюды қамтамасыз ету |
Келісімдер |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, оқу орындары, жұмыс берушілер (келісім бойынша) |
2011 жылғы 1-2-тоқсан |
5. Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын басқарудың корпоративтік нысанын енгізу |
||||
22. |
Мұнай-газ, энергетика салаларының жұмыс берушілерімен кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталықтарды басқару тетіктері бойынша ұсыныстар жасау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
БҒМ, МГМ, ИЖТМ, «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ҰЭП» ЗТБ, мұнай-газ, энергетика салаларының жұмыс берушілер бірлестіктері (келісім бойынша) |
2011 жылғы сәуір-мамыр |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
MM - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚТҮКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
«Атамекен» Одағы» Қазақстанның ҰЭП» ЗТБ - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі