Экономика салаларын білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 43-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі салааралық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:
      1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша есептік ақпаратты жылына екі рет 10 қаңтарға және
10 шілдеге ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жиынтық ақпаратты жылына екі рет 1 ақпанға және 1 тамызға ұсынсын.
      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің  
2011 жылғы 6 сәуірдегі
№ 43-ө өкімімен    
бекітілген      

Экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі салааралық
іс-шаралар жоспары

Р/с

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

1. Ұйымдастыру іс-шаралары

1

2

3

4

5

1.

Кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі ұлттық кеңес құру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ, ИЖТМ, ККМ, МГМ, АШМ, ТСМ, ММ, БАМ, ҚТҮКШІА, жұмыс берушілер, кәсіподақтар (келісім бойынша)

2011 жылғы наурыз

2.

Машина жасау, тау-кен металлургия, жеңіл өнеркәсіп, электр энергетикасы, химия, құрылыс салалары, құрылыс индустриясы бойынша салалық кеңестер құру

ИЖТМ-нің бұйрығы

ИЖТМ, БҒМ, жұмыс берушілер, кәсіподақтар (келісім бойынша)

2011 жылғы мамыр

3.

Мұнай-газ саласы жөніндегі салалық кеңес құру

МГМ-нің бұйрығы

МГМ, БҒМ, жұмыс берушілер, кәсіподақтар (келісім бойынша)

2011 жылғы мамыр

4.

Қазақстан Республикасының Үкіметінде салалық кеңестермен кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңестер өткізу

Хаттама

БҒМ, ККМ, АШМ, ТСМ, БАМ, жұмыс берушілер, кәсіподақтар (келісім бойынша)

2011 жылғы сәуір

5.

Кадрлар даярлау жөнінде өңірлік кеңестердің отырыстары

БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2011-2014 жылдар

2. Кадрларға деген болжамдық қажеттілікті әкімшілендіру жөніндегі іс-шаралар

6.

Дерекқор қалыптастыру үшін кадрларға ағымдағы және болжамды қажеттіліктер туралы мәліметтерді беру жөніндегі нысандарды әзірлеу мен бекіту бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

Еңбекмині

2011 жылғы маусым

7.

Кадрларға ағымдағы, болжамды қажеттілік туралы деректерді беру

Белгіленген нысандар бойынша мәліметтер

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ИЖТМ, МГМ, ККМ, АШМ, ҚТҮКШІА, БҒМ, ТСМ, БАМ, MM, жұмыс берушілер (келісім бойынша)

Жарты жылда бір рет

8.

Кадрларға ағымдағы және болжамды қажеттіліктер туралы мәліметтерді өңдеу және дерекқорға енгізу

Еңбекминіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2011 жылғы 1 қарашадан бастап үнемі

9.

Экономиканың кадрларға қажеттілігін болжау тәртібін әзірлеу

Еңбекминінің бұйрығы

Еңбекмині, ЭДСМ, БҒМ

2011 жылғы 15 желтоқсан

3. Техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұнын жаңарту

10.

Кәсіптік стандарттың құрылымын әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу, қолдану тәртібін айқындау

Еңбекминінің бұйрығы

Еңбекмині, БҒМ, «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ҰЭП» ЗТБ, салалық жұмыс берушілердің қауымдастықтары

2012 жылғы 1-тоқсан

11.

Экономикалық қызметтің әртүрлі қызметкерлері лауазымдарының кәсіптік стандарттарын әзірлеуді ұйымдастыру

Кәсіптік стандарттардың жобалары

БҒМ, Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар, жұмыс берушілердің бірлестіктері

2012-2014 ж.ж. 1-тоқсан

12.

Кәсіптік стандарттардың жобаларын жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерімен келісу

Сараптамалық қорытынды

Мүдделі мемлекеттік органдар

2012-2014 ж.ж. 2-тоқсан

13.

Кәсіптік стандарттарды бекіту

Меморгандар бұйрықтары

Мүдделі мемлекеттік органдар

2012-2014 ж.ж. 2-тоқсан

14.

Кәсіптік стандарттарды тіркеу

Кәсіптік стандарттардың тізілімі

Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар

2012-2014 ж.ж. 2-тоқсан

15.

Кәсіптік стандарттардың талаптарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды әзірлеу

БҒМ-нің бұйрығы

БҒМ, жұмыс берушілердің бірлестіктері

2012-2014 ж.ж. 2-тоқсан

16.


Барлық салалар бойынша мамандардың біліктілігін сертификаттау жүйесін енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

«Атамекен» Одағы» Қазақстанның ҰЭП» ЗТБ, жұмыс берушілердің қауымдастықтары, мүдделі мемлекеттік органдар

2011-2014 ж.ж. 4-тоқсан

4. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде қаржыландыру тетіктерін әзірлеу

17.

Кәсіпорындардың қоса қаржыландыруын, білім алушыларға жолдама беру мен жұмысқа орналастыру тәртібін ескере отырып, кәсіпорындар үшін кадрларды нысаналы даярлау әдістемесін әзірлеу

БҒМ-нің бұйрығы

БҒМ, Еңбекмині, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2011 жылғы 2-тоқсан

18.

Аудандар (облыстар, қалалар) және салалар бөлінісінде мамандықтар мен біліктіліктерді көрсете отырып, кадрларға қажеттілігі бар кәсіпорындардың тізбесін анықтау

Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің қаулылары

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, жұмыс берушілер (келісім бойынша)

2011-2014 ж.ж. 2-тоқсан

19.

Техникалық мамандықтар мен біліктіліктер бойынша техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауда жұмыс берушілердің қажеттілігін анықтау

Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің қаулылары

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, жұмыс берушілер (келісім бойынша)

2011-2014 ж.ж. 2-тоқсан

20.

Нысаналы даярлау жоспарына енгізу үшін мамандықтар мен біліктіліктер тізбесін анықтау

Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің қаулылары

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, жұмыс берушілер (келісім бойынша)

2011-2014 ж.ж. 2-тоқсан

21.

Әкімдік пен кәсіпорындар арасындағы кадрлар даярлауды ұйымдастыру жөніндегі келісімдерге қол қоюды қамтамасыз ету

Келісімдер

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, оқу орындары, жұмыс берушілер (келісім бойынша)

2011 жылғы 1-2-тоқсан

5. Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын басқарудың корпоративтік нысанын енгізу

22.

Мұнай-газ, энергетика салаларының жұмыс берушілерімен кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталықтарды басқару тетіктері бойынша ұсыныстар жасау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

БҒМ, МГМ, ИЖТМ, «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ҰЭП» ЗТБ, мұнай-газ, энергетика салаларының жұмыс берушілер бірлестіктері (келісім бойынша)

2011 жылғы сәуір-мамыр

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
MM - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚТҮКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
«Атамекен» Одағы» Қазақстанның ҰЭП» ЗТБ - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады