2011 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және халықаралық жарыстарды дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 58-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған 2011 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және халықаралық жарыстарды дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін.
      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдері спорт түрлері бойынша тиісті федерациялармен келісім бойынша республикалық және ресми халықаралық жарыстарды (бұдан әрі - жарыстар) дайындауды және өткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі жарыстардың өткізілу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария етуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі республика қалаларында қоғамдық тәртіпті қорғауды, ресми адамдар мен жарыстарға қатысушылар тұратын және жарыстар өтетін жерлерде олардың қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жарыстарға қатысушыларға медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде жәрдем көрсетсін.
      6. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі ұйымдастырушы ұсынған жарысқа қатысушылардың шығу кестесіне сәйкес жарыстарға қатысушылардың темір жол және әуе көлігімен жол жүруі үшін орындарды броньдауға жәрдем көрсетсін.
      7. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына жіберілетін жарыстарға қатысушы шетелдік азаматтарға визалық қолдау көрсетсін және визалар беруді жүргізсін.
      8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес спорттық жабдықтарды және мүкәммалды кедендік ресімдеуді қамтамасыз етсін.
      9. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2011 жылғы 25 сәуірдегі
№ 58-ө өкімімен  
бекітілген     

2011 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және
халықаралық жарыстарды дайындау мен өткізу жөніндегі
ұйымдастыру комитетінің
құрамы

Ермегияев                   - Қазақстан Республикасының Туризм және
Талғат Амангелдіұлы           спорт министрі, төраға

Қанағатов                   - Қазақстан Республикасы Туризм және
Елсияр Баймұхамедұлы          спорт министрлігі Спорт комитетінің
                              төрағасы, төрағаның орынбасары

Кулинич                     - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Александр Васильевич          министрінің орынбасары

Бектұров                    - Қазақстан Республикасының Көлік және
Азат Ғаббасұлы                коммуникация вице-министрі

Жошыбаев                    - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Рәпіл Сейітханұлы             министрлігінің жауапты хатшысы

Оразов                      - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Нұрай Нұрғожаұлы              ақпарат вице-министрі

Шолпанкұлов                 - Қазақстан Республикасының Қаржы
Берік Шолпанқұлұлы            вице-министрі

Байжүнісов                  - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Ерік Әбенұлы                  сақтау вице-министрі

Дьяченко                    - Ақмола облысының әкімі
Сергей Александрович

Есімов                      - Алматы қаласының әкімі
Ахметжан Смағұлұлы

Сағындықов                  - Ақтөбе облысының әкімі
Елеусін Наурызбайұлы

Сапарбаев                   - Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Бердібек Машбекұлы

Ізмухамбетов                - Батыс Қазақстан облысының әкімі
Бақтықожа Салахатдинұлы

Мырзахметов                 - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі
Асқар Исабекұлы

Балаева                     - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Аида Ғалымқызы

Досымбетов                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада
Тимур Камалұлы                комитетінің бас хатшысы
                              (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2011 жылғы 25 сәуірдегі
№ 58-ө өкіміне     
қосымша        

2011 жылы Қазақстан Республикасында өткізілетін республикалық
және халықаралық жарыстардың
тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2011.09.21 № 130-ө Өкімімен.

Р/с

Іс-шараның атауы

Өткізілу мерзімі

Өткізу орны

Жауаптылар

1

2

3

4

5

1.

Футболдан «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы» жасөспірімдер халықаралық турнирі

25 сәуір - 1 мамыр

Астана қаласы

ТСМ, Астана қаласының әкімдігі, «Қазақстан футбол федерациясы» ЗТБ (келісім бойынша)

2.

Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты

14-19 маусым

Астана қаласы

ТСМ, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Көркем гимнастика федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

3.

Грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының Президенті Кубогына халықаралық турнирі

17-19 маусым

Астана қаласы

ТСМ, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Күрес федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

4.

Жеңіл атлетикадан «F. Қосанов мемориалы» XXI халықаралық турнирі

18-19 маусым

Алматы қаласы

ТСМ, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Жеңіл атлетика федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

5.

Триатлоннан жастар арасындағы Азия кубогы

23-26 маусым

Ақмола облысы Бурабай кенті

ТСМ, Ақмола облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Триатлон федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

6.

С. Бердіқұловты еске түсіруге арналған бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасындағы республикалық спартакиада

маусым

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы

ТСМ, БАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

7.

Каратэ-додан «KAZAKHSTAN OPEN 2011» халықаралық турнирі

маусым

Астана қаласы

ТСМ, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Каратэ-до шито-рю федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

8.

Қол добынан ерлер мен қыздар командалары арасындағы «IHF Challenge Trophy» халықаралық турнирі

маусым

Алматы қаласы

ТСМ, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан
Республикасының «Қол добы федерациясы»
ҚБ (келісім бойынша)

9.

Каратэ-до кекушинкайдан әлем кубогы

6 шілде

Астана қаласы

ТСМ, Астана қаласының әкімдігі, «Бүкілқазақстандық каратэ-до кекушинкай ұйымы» ҚБ (келісім бойынша)

10.

Триатлоннан Азия кубогы

7-10 шілде

Ақмола облысы Көкшетау қаласы

ТСМ, Ақмола облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Триатлон федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

11.

Бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты

22-31 шілде

Астана қаласы

ТСМ, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Әуесқой бокс федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

12.

Мемлекеттік қызметшілер арасында 1-ші республикалық спартакиада

шілде

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы

ТСМ, жергілікті және орталық мемлекеттік органдар

13.

Қазақстан Республикасының 3-ші жазғы спартакиадасы

шілде

Астана қаласы

ТСМ, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, спорт түрлерінің федерациялары (келісім бойынша)

14.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Қазақстан Республикасы Президентінің жүлделері үшін қазақ күресінен республикалық «Қазақстан Барысы» турнирі

шілде

Астана қаласы

ТСМ, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Қазақ күресі федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

15.

Волейболдан Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогына халықаралық турнир

тамыз

Алматы қаласы

ТСМ, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Волейбол федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

16.

Мемлекеттің және бизнес бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 1-ші республикалық Спорттық форум

15 тамыз

Астана қаласы

ТСМ, Астана қаласының әкімдігі

17.

Дзюдодан ерлер мен қыздар арасындағы әлем кубогы

24-25 қыркүйек

Алматы қаласы

ТСМ, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Дзюдо федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

18.

Су добынан Азия чемпионаты

қыркүйек

Астана қаласы

ТСМ, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Су спорты түрлері федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

19.

Қазақстан Республикасының жазғы 3-ші Паралимпиадалық ойындары

24-28 қыркүйек

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы

ТСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, Қазақстан Республикасының «Ұлттық Паралимпиялық Комитеті» (келісім бойынша)

20.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ұлттық спорт турлерінің 3-ші фестивалі

қыркүйек

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы

ТСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, Қазақстан Республикасы «Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы» ЗТБ (келісім бойынша)

21.

Жазғы және қысқы спорт түрлерінен салааралық спартакиада

қыркүйек
желтоқсан

Астана қаласы

ТСМ, орталық мемлекеттік органдар

22.

Қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионаты

қараша

Ақтөбе қаласы Ақтөбе облысы

ТСМ, Ақтөбе облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Қоян - қолтық ұрыс» федерациясы (келісім бойынша)

23.

Қол күресінен XXXIII әлем чемпионаты

29 қараша - 6 желтоқсан

Алматы қаласы

ТСМ, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Гір көтеру және қол күресі федерациясы» (келісім бойынша)

24.

Велосипед спортынан (тректен) UCI әлем кубогы

04-06 қараша

Астана қаласы

ТСМ, Астана қаласының әкімдігі, «Қазақстан Республикасының велосипед спорты федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

25.

Коньки спортынан Әлем кубогының кезеңі

25-27 қараша

Астана қаласы

ТСМ, Астана қаласының әкімдігі, «Қазақстан Республикасының коньки спорты федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
ҚБ - қоғамдық бірлестік
ЗТБ - заңды тұлғалар бірлестігі

Об организационных мероприятиях по подготовке и проведению республиканских и международных соревнований в 2011 году в Республике Казахстан

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 25 апреля 2011 года № 58-р

      1. Утвердить прилагаемый состав организационного комитета по подготовке и проведению республиканских и международных соревнований в 2011 году в Республике Казахстан.
      2. Министерству туризма и спорта Республики Казахстан, акимам областей и городов Астаны, Алматы по согласованию с соответствующими федерациями по видам спорта обеспечить подготовку и проведение республиканских и официальных международных соревнований (далее - соревнования) согласно приложению.
      3. Министерству связи и информации Республики Казахстан обеспечить широкое освещение в средствах массовой информации хода проведения соревнований.
      4. Министерству внутренняя дел Республики Казахстан обеспечить в городах республики охрану общественного порядка, безопасность официальных лиц и участников соревнований в местах их проживания и проведения соревнований.
      5. Министерству здравоохранения Республики Казахстан оказать содействие в обеспечении участников соревнований медицинским обслуживанием.
      6. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан оказать содействие в обеспечении бронирования мест для проезда участников соревнований на железнодорожном и воздушном транспорте в соответствии с представленным организатором графиком выезда участников соревнований.
      7. Министерству иностранных дел Республики Казахстан оказать визовую поддержку и произвести выдачу виз иностранным гражданам - участникам соревнований, направляющимся в Республику Казахстан по приглашению Министерства туризма и спорта Республики Казахстан.
      8. Комитету таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан обеспечить таможенное оформление спортивного оборудования и инвентаря в соответствии с таможенным законодательством Таможенного союза и Республики Казахстан.
      9. Контроль за исполнением настоящего распоряжения возложить на Министерство туризма и спорта Республики Казахстан.

      Премьер-Министр                            К. Масимов

Утвержден          
распоряжением Премьер-Министра
Республики Казахстан    
от 25 апреля 2011 года № 58-р

Состав
организационного комитета по подготовке и проведению
республиканских и международных соревнований
в 2011 году в Республике Казахстан

Ермегияев                   - Министр туризма и спорта
Талгат Амангельдинович        Республики Казахстан, председатель

Канагатов                   - председатель Комитета по спорту
Ельсияр Баймухамедович        Министерства туризма и спорта
                              Республики Казахстан, заместитель
                              председателя

Кулинич                     - заместитель Министра внутренних дел
Александр Васильевич          Республики Казахстан

Бектуров                    - вице-министр транспорта и
Азат Габбасович               коммуникаций Республики Казахстан

Жошыбаев                    - ответственный секретарь
Рапиль Сейтханович            Министерства иностранных дел
                              Республики Казахстан

Уразов                      - вице-министр связи и информации
Нурай Нургожаевич             Республики Казахстан

Шолпанкулов                 - вице-министр финансов
Берик Шолпанкулович           Республики Казахстан

Байжунусов                  - вице-министр здравоохранения
Ерик Абенович                 Республики Казахстан

Дьяченко                    - аким Акмолинской области
Сергей Александрович

Есимов                      - аким города Алматы
Ахметжан Смагулович

Сагиндиков                  - аким Актюбинском области
Елеусин Наурызбаевич

Сапарбаев                   - аким Восточно-Казахстанской области
Бердыбек Машбекович

Измухамбетов                - аким Западно-Казахстанской области
Бактыкожа Салахатдинович

Мырзахметов                 - аким Южно-Казахстанской области
Аскар Исабекович

Балаева                     - заместитель акима города Астаны
Аида Галымовна

Досымбетов                  - генеральный секретарь Национального
Тимур Камалович               Олимпийского комитета Республики
                              Казахстан (по согласованию)

Приложение          
к распоряжению Премьер-Министра
Республики Казахстан    
от 25 апреля 2011 года № 58-р

                              Перечень
     республиканских и международных соревнований, проводимых
                в 2011 году в Республике Казахстан

      Сноска. Перечень с изменениями, внесенными распоряжением Премьер-Министра РК от 21.09.2011 № 130-р.


п/п

Наименование
мероприятий

Сроки
проведения

Место
проведения

Ответственные

1

2

3

4

5

1.

Международный
юношеский турнир по
футболу «Кубок
Президента Республики
Казахстан»

с 25 апреля
по 01 мая

г. Астана

МТС, акимат города
Астаны, ОЮЛ
«Федерация Футбола
Казахстана» (по
согласованию)

2.

Чемпионат Азии по
художественной
гимнастике

14-19 июня

г. Астана

МТС, акимат города
Астаны, ОО
«Федерация
художественной
гимнастики»
Республики
Казахстан, (по
согласованию)

3.

Международный турнир
по греко-римской
борьбе на Кубок
Президента Республики
Казахстан

17-19 июня

г. Астана

МТС, акимат города
Астаны, ОО
«Федерация борьбы»
Республики Казахстан
(по согласованию)

4.

XXI международный
турнир по легкой
атлетике «Мемориал
Г. Косанова»

18-19 июня

г. Алматы

МТС, акимат города
Алматы, ОО
«Федерация легкой
атлетики» Республики
Казахстан (по
согласованию)

5.

Кубок Азии по
триатлону среди
молодежи

23-26 июня

п.
Боровое,
Акмолин-
ская
область

МТС, акимат
Акмолинской области,
ОО «Федерация
триатлона»
Республики Казахстан
(по согласованию)

6.

Республиканская
спартакиада среди
сотрудников средств
массовой информации
памяти С. Бердикулова

июнь

г. Шымкент
Южно-
Казахстан-
ская
область

МТС, МСИ, акиматы
областей, городов
Астаны и Алматы

7.

Международный турнир
но каратэ-до
«KAZAKHSTAN OPEN 2011»

3-5 июня

г. Астана

МТС, акимат города
Астаны, ОО
«Федерация Шито-рю каратэ-до» Республики Казахстан (по согласованию)

8.

Международный турнир
но гандболу среди
мужских и женских
команд «IHF Challenge
Trophy»

июнь

г. Алматы

МТС, акимат города
Алматы, ОО
«Федерация гандбола»
Республики Казахстан
(по согласованию)

9.

Кубок мира по
каратэ-до кекушинкай

6 июля

г. Астана

МТС, акимат города
Астаны, ОО
«Всеказахстанская
организация
каратэ-до
кекушинкай» (по
согласованию)

10.

Кубок Азии но
триатлону

7-10 июля

г.
Кокшетау
Акмолин-
ская
область

МТС, акимат
Акмолинской области,
ОО «Федерация
триатлона»
Республики Казахстан
(по согласованию)

11.

Чемпионат мира по
боксу среди юниоров

22-31 июля

г. Астана

МТС, акимат города
Астаны, ОО
«Федерация
любительского бокса»
Республики Казахстан
(по согласованию)

12.

1-ая Республиканская
спартакиада среди
государственных
служащих

июль

г. Уральск
Западно-
Казахстан-
ская
область

МТС, местные и
центральные
государственные
органы

13.

3-летняя Спартакиада
Республики Казахстан

июль

г. Астана

МТС, акиматы
областей, городов
Астаны, Алматы,
Федерации по видам
спорта (по
согласованию)

14.

Республиканский турнир
по қазақ күресі
«Қазақстан Барысы» на призы Президента Республики Казахстан, посвященный 20 летаю Независимости Республики Казахстан

июль

г. Астана

МТС, акиматы
областей, городов
Астаны, Алматы, ОО
«Федерация
қазак-күресі»
Республики Казахстан
(по согласованию)

15.

Международный турнир
по волейболу на Кубок
Президента Республики
Казахстан

август

г. Алматы

МТС, акимат города
Алматы, ОО
«Федерация
волейбола»
Республики Казахстан
(по согласованию)

16.

1-ый республиканский
Спортивный форум,
посвященный 20 летию
Независимости
Республики Казахстан с
участием бизнес
сообществ и
государства

15 августа

г. Астана

МТС, акимат города
Астаны

17.

Кубок мира по дзюдо
среди мужчин и женщин

24-25
сентября

г. Алматы

МТС, акимат города
Алматы, ОО
«Федерация дзюдо»
Республики Казахстан
(по согласованию)

18.

Чемпионат Азии по
водному поло

сентябрь

г. Астана

МТС, акимат города
Астаны, ОО
«Федерация водных
видов спорта»
Республики Казахстан
(по согласованию)

19.

3-е летние
Паралимпийские игры
Республики Казахстан

24-28
сентябрь

г. Шымкент
Южно-
Казахстан-
ская
область

МТС, акиматы
областей, городов
Астаны, Алматы, ОО
«Национальный
Паралимпийский
Комитет» Республики
Казахстан (по
согласованию)

20.

3-й Фестиваль
национальных видов
спорта, посвященный 20
летию Независимости
Республики Казахстан

сентябрь

г. Усть-
Каменогор-
ск
Восточно-
Казахстан-
ская
область

МТС, акиматы
областей, городов
Астаны, Алматы, ОЮЛ
«Ассоциация
национальных видов
спорта» Республики
Казахстан (по
согласованию)

21.

Межотраслевые
спартакиады по летним
и зимним видам спорта

сентябрь
декабрь

г. Астана

МТС, центральные
государственные
органы

22.

Чемпионат Азии по
рукопашному бою

ноябрь

г. Актобе
Актюбин-
ская
область

МТС, акимат
Актюбинской области,
ОО «Федерация
рукопашного боя»
Республики Казахстан
(по согласованию)

23.

XXXIII Чемпионат мира
по армрестлингу

с 29 ноября
по 6
декабря

г. Алматы

МТС, акимат города
Алматы, ОО
«Федерация гиревого
спорта и
армрестлинга»
Республики Казахстан
(по согласованию)

24.

Кубок Мира UCI по
велосипедному спорту
(трек)

04-06
ноября

г. Астана

МТС, акимат
города Астаны,
ОО «Федерация
велосипедного
спорта»
Республики Казахстан
(по согласованию)

25.

Этап Кубка Мира по
конькобежному спорту

25-27
ноября

г. Астана

МТС, акимат
города Астаны,
ОО «Федерация
конькобежного
спорта»
Республики Казахстан
(по согласованию)

Примечание: расшифровка аббревиатур:
МТС - Министерство туризма и спорта Республики Казахстан
МСИ - Министерство связи и информации Республики Казахстан
ОО - общественное объединение
ОЮЛ - объединение юридических лиц