Корея Республикасының Президенті Ли Мен Бактың Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын дайындау және өткізу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2011 жылғы 24 – 25 тамыз кезеңінде Астана қаласында Корея Республикасының Президенті Ли Мен Бактың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+1+10» форматы бойынша Корея Республикасының ресми делегациясы мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге қатысты шығыстарды 2011 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету», 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Корея Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, сондай-ақ жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді және арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Корея Республикасының Президенті Ли Мен Бактың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің және Премьер-Министрінің аттарынан берілетін ресми қабылдаулар кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
7. Астана қаласының әкімдігі: Корея Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаны ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
8. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында Корея Республикасы Президенті Ли Мен Бакты қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 24 тамыздағы
№ 109-ө өкіміне
қосымша
Корея Республикасының ресми делегациясы мүшелеріне қызмет
көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары
1. Корея Республикасының ресми делегациясының мүшелерін (1+1+10 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласындағы қонақүйде орналастыру.
2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
3. Корея Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлмен безендіру.
4. Қазақстан Республикасының Президенті атынан Астана қаласында Корея Республикасы Президентінің құрметіне қабылдауларды (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) ұйымдастыру.
5. Ресми делегация басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
6. Қазақстан Республикасының Президенті атынан ресми және бейресми іс-шараларды өткізу орындарын гүлмен безендіру және ішкі-сыртқы тематикалық безендіру.
7. Ресми делегация мүшелеріне және бірге жүретін тұлғаларға көліктік қызмет көрсету.
8. Ресми делегация мүшелеріне және бірге жүретін тұлғаларға медициналық қызмет көрсету.
9. Аудармашыларды қатыстыру және олардың қызметіне ақы төлеу.