Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 10.03.2015 № 18-ө өкімімен.
1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысты жүйелеу бойынша іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Іс-шаралар жоспарының тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 24 тамыздағы
№ 110-ө өкімімен
бекітілген
Нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу жөніндегі
жұмысты жүйелеу бойынша іс-шаралар жоспары
№ |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу қағидасын қабылдау |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Әділетмині |
2011 жылғы тамыз |
2. |
Нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізудің әдістемелік ұсынымдарын әзірлеу және бекіту |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы |
Әділетмині, өзге де орталық және жергілікті мемлекеттік органдар |
2011 жылғы қазан |
3. |
Мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторингті жүзеге асырудың жаңа ережесін түсіндіру жөнінде семинар-кеңес өткізу |
Семинар-кеңес |
Әділетмині |
2011 жылғы қараша |
4. |
Нормативтік құқықтық актілердің тіркеліміне сәйкес қабылдануының хронологиялық тәртібімен оларға қатысты мониторинг жүргізілетін актілер тізбесінің, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу кестесінің, Әділет минінде ай сайынғы жіктеумен, уақытында жіберілуін қамтамасыз ету |
Әділетминіне, ӘД-не ақпарат |
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар |
Жыл сайын, 15 қаңтар және 15 шілде |
5. |
Нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгеннен кейін Нормативтік құқықтық актілердің тіркеліміне мәліметтердің уақтылы енгізілуін қамтамасыз ету |
Әділетминіне, ӘД-не ақпарат |
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар |
Жыл сайын, 15 қаңтар және 15 шілде |
6. |
Мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторингті жүзеге асыру тәртібін түсіндіру жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізу |
ПМК-не ақпарат |
Әділетмині |
Жыл сайын, сәуір, қараша |
7. |
Нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторингті жүзеге асыруға талдау жүргізу |
ПМК-не ақпарат |
Әділетмині |
2012 жылғы қаңтар |
8. |
Нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторингті жетілдіру жөнінде ұсыныстарды ұсыну |
ПМК-не ұсыныс |
Әділетмині |
2012 жылғы қыркүйек |
9. |
Мониторингке жататын нормативтік құқықтық актілердің бірыңғай тіркелімін, жауапты мемлекеттік органдарды бекіте отырып, қалыптастыру |
ПМК-не ақпарат |
Әділетмині, өзге де орталық және жергілікті мемлекеттік органдар |
2012 жылғы 1-тоқсан |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ПМК – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
ӘД – Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әділет департаменттері