2011 жылғы 20 – 21 қазанда Алматы қаласында Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің мемлекеттер басшыларының 1-ші Саммитін (бұдан әрі – ТМЫК 1-ші Саммиті) дайындау және жоғары деңгейде өткізу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ТМЫК 1-ші Саммитін дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
1) осы өкімнің қосымшасына сәйкес ресми делегациялардың басшылары мен мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету бойынша:
Әзірбайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түрік Республикасы (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) ресми делегацияларының басшылары мен мүшелеріне – «1+5» форматы;
ТМЫК Хатшылығының басшысы мен мүшелеріне – «1+5» форматы бойынша ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2) 2011 жылғы 20 – 22 қазан кезеңінде:
осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген мүше мемлекеттердің ресми делегацияларының басшылары мен мүшелерін «1+5» форматы бойынша;
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ТМЫК Хатшылығының басшысын және мүшелерін «1 (басшы)» форматы бойынша;
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің қызметкерлерін қонақүйлерге орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) ресми делегациялардың басшылары жұбайларымен келген жағдайда, осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген форматтар ресми делегациялар басшыларының жұбайларын (зайыптарын) қосымша енгізу ескеріле отырып, түзетілсін;
4) ТМЫК 1-ші Саммитін өткізуге шығыстарды қаржыландыруды 2011 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету», 003 «Халықтың республикалық деңгейдегі санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Жекелеген азаматтар санатына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ТМЫК 1-ші Саммитіне қатысушылардың Алматы қаласының әуежайында, тұру және бару орындарындағы қауіпсіздігін, жүру бағдарлары бойынша бірге жүруді, сонымен қатар арнайы ұшақтарды күзетуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, осы өкімнің 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ресми делегациялар басшыларының арнайы ұшақтарының ұшуын, Алматы қаласының әуежайында қонуын және одан ұшып шығуын;
2) арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді, олардың тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті атынан қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастыруды және іс-шараны қажетті техникалық қолдауды (дыбыс, жарықпен қамтамасыз ету және сахнаны безендіру) қамтамасыз етсін.
6. Алматы қаласының әкімдігі ресми делегациялардың басшылары мен мүшелерін және ТМЫК Бас Хатшысын Алматы қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу бойынша ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, әуежайдың, көшелер мен тұру орындарының безендірілуін, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
7. Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ұсынған тізімге сәйкес Саммитке қатысушыларды қарсы алу және шығарып салу бойынша ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету үшін Астана және Алматы қалаларының әуежайының VIP залдарын ақысыз негізде берсін.
8. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне техникалық және ақпараттық қызмет көрсетуді (баспасөз орталығы, компьютерлер, факс, халықаралық байланыс, жедел интернет) қамтамасыз етсін.
9. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Алматы қаласының әуежайында ресми делегациялар басшыларын қарсы алу және шығарып салу рәсімдеріне қатыссын.
10. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 12 қазандағы
№ 135-ө өкіміне
қосымша
Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің 1-ші Саммитінің ресми делегацияларының басшылары мен мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары
1. ТМЫК 1-ші Саммитін өткізу үшін Алматы қаласындағы қонақүйлердің залдарын жалға алу.
2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар және т.б.), сондай-ақ кеңсе керек-жарақтарын (блокноттар, қаламдар және т.б.) дайындау.
3. ТМЫК 1-ші Саммитінің ресми делегацияларының басшылары мен мүшелері үшін сыйлықтар және кәдесыйлар сатып алу.
4. Ресми делегациялардың басшыларын қарсы алу және шығарып салу кезінде Алматы қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлмен безендіру.
5. Қазақстан Республикасының Президенті атынан іс-шаралар өткізілетін орындарды гүлмен безендіру.
6. Ресми делегациялар басшылары мен мүшелері үшін Қазақстан Республикасының Президенті атынан қабылдаулар (ертеңгі, түскі, кешкі астар), бейресми қабылдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті атынан болатын қабылдауларда техникалық үстелдер ұйымдастыру.
7. 2011 жылғы 17 – 23 қазанда ресми делегациялардың басшылары мен мүшелеріне көліктік қызмет көрсету.
8. Ресми делегациялардың басшылары мен мүшелеріне медициналық қызмет көрсету.