Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2011 жылғы 19-21 қазанда Алматы қаласында Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+10» форматы бойынша жоғары деңгейде Әзірбайжан Республикасының ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2011 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету», 003 «Халықтың республикалық деңгейдегі санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Жекелеген азаматтар санатына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әзірбайжан Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің Алматы қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Әзірбайжан Республикасы Президентінің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Алматы қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
2) Алматы қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми қабылдау уақытында концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
7. Алматы қаласының әкімдігі Әзірбайжан Республикасының ресми делегациясын Алматы қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарға бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Алматы қалаcының әуежайында Әзірбайжан Республикасының Президентін қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 12 қазандағы
№ 136-ө өкіміне
қосымша
Әзірбайжан Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне
қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары
1. Әзірбайжан Республикасы ресми делегациясының мүшелерін (1+10 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Алматы қаласының қонақүйіне орналастыру.
2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
3. Әзірбайжан Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Алматы қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлдермен безендіру.
4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың атынан Алматы қаласында Әзірбайжан Республикасының Президенті И.Әлиевтің
құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі астар), ресми емес қабылдаулар ұйымдастыру.
5. Ресми делегация басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
6. Іс-шараларды өткізу орындарын гүлмен безендіру.
7. Ресми делегацияның басшысы мен мүшелеріне, сондай-ақ бірге жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
8. Ресми делегацияның басшысы мен мүшелеріне, сондай-ақ бірге жүрушілерге медициналық қызмет көрсету.