1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2011 жылғы 22 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (келісім бойынша) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актіні қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 142-ө өкiмiмен
бекiтiлген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2011 жылғы 22 шілдедегі Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы
қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi
Р/с |
Нормативтiк құқықтық актiнiң атауы |
Актiнiң нысаны |
Жауапты мемлекеттiк органдар |
Орындау мерзiмi |
1. |
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгеріс енгізу |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы |
Қаржымині |
2011 жылғы қазан |
2. |
Оригинаторға қойылатын талаптарды белгілеу туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша) |
2011 жылғы қазан |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі