"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 142-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2011 жылғы 22 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (келісім бойынша) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актіні қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов 

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң 
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 142-ө өкiмiмен  
бекiтiлген     

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2011 жылғы 22 шілдедегі Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы
қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi 

Р/с

Нормативтiк құқықтық актiнiң атауы

Актiнiң нысаны

Жауапты мемлекеттiк органдар

Орындау мерзiмi

1.

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгеріс енгізу

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

Қаржымині

2011 жылғы қазан

2.

Оригинаторға қойылатын талаптарды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2011 жылғы қазан

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады