1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 155-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер
туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы
11 қазандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с |
Нормативтік құқықтық |
Актінің |
Орындалуына жауапты |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Дiнтану сараптамасын жүргiзу қағидаларын бекiту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ДІА |
2012 жылғы қаңтар |
2. |
«Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңестiң ережесi мен құрамын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ДІА |
2012 жылғы қаңтар |
3. |
«Миссионерлерді және заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни топтарды есептік тiркеуді және қайта тiркеуді жүргізу мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 20 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ДІА |
2012 жылғы қаңтар |
4. |
«Ғибадат үйлерiн, ғимараттарды және өзге де мүлiктi дiни бiрлестiктерге беру тәртiбi туралы ереженi бекiту жайында» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 желтоқсандағы № 1247 қаулысының күші жойылды деп тану туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ДІА |
2012 жылғы қаңтар |
5. |
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
бұйрық |
Әділетмині |
2012 жылғы қаңтар |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ДІА - Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі