Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2017 № 552 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңестiң ережесi мен құрамы бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 27 шiлдедегi N 1140 қаулысымен бекiтiлген |
Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Дiни
бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерді, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Кеңес өз қызметiн республиканың мемлекеттiк органдарымен, дiни, өзге де қоғамдық бiрлестiктерiмен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылда жүзеге асырады.
4. Кеңестiң шешімдерi ұсынымдық сипатқа ие.
2. Кеңестiң мақсаты, мiндеттерi мен функциялары
5. Кеңестің мақсаты діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру, қоғамдағы діни келісімді нығайту және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1109 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).6. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мыналар:
1) елдегi дiни жағдайды және оның даму тенденцияларын жан-жақты және әдiл зерттеу, жинақтап қорыту және талдау;
2) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын республикадағы діни ахуалдың жай-күйі және Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының сақталуы туралы хабардар ету;
4) дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi аймақтық кеңестер жұмысын үйлестiру;
5) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 871 қаулысымен;
6) дiни бiрлестiктер арасындағы өзара түсiнiстiк пен төзiмдiлiктi нығайту және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес консультативтiк көмек көрсету болып табылады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1109 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруға қатысады;
2) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлейді;
3) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша консультативтік жұмыс жүргізеді;
4) шет мемлекеттердің тиісті ұйымдарымен халықаралық байланыстар орнатады және оны жолға қояды.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1109 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру және жұмыс тәртiбi
8. Кеңесті Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі басқарады
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің18.10.2016 № 594 қаулысымен.
9. Кеңестiң мәжiлiстерi жарты жылда кемiнде бiр мәрте өткiзіледi. Кеңестiң кезектен тыс мәжiлiсi Кеңес төрағасының жеке бастамасы бойынша немесе Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң өтiнiшi бойынша шақырылады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 871 қаулысымен.10. Егер Кеңес мәжілісiнің жұмысына Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, ол заңды болып есептеледi. Кеңестiң шешiмдерi мәжіліске қатысып отырған Кеңес мүшелерiнің жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.11. Мәселелердi пысықтау, мәжiлiстердi дайындау, сараптау және талдау жұмыстарын жүргiзу үшiн Кеңес өз мүшелерi бiрiнiң жетекшiлiгiмен iс-қимыл жасайтын жұмыс топтарын құра алады.
12. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға:
1) мемлекеттiк органдардан, дiни ұйымдар мен жеке адамдардан Кеңес құзыретiне жататын мәселелер бойынша қажеттi ақпарат сұратуға;
2) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың Кеңес құзыретiне қатысты ақпараттық деректер банкiн пайдалануға;
3) Кеңестiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн Кеңестің отырыстарына шақыруға;
4) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын қарауға;
5) Кеңес құзыретiндегi мәселелерге қатысты нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеуге қатысуға;
6) алынып тасталды
7) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.15 N 871; 18.10.2013 № 1109 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.4. Кеңестiң қызметiн қамтамасыз ету
13. Кеңес төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдердiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Төраға болмаған кезде оның функциялары төрағаның орынбасарына жүктеледi.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 871 қаулысымен.14. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
Кеңестің жұмыс органы Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Кеңес отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Кеңес мүшелеріне жіберілуі тиіс.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970; 18.10.2016 № 594 қаулысымен.14-1. Кеңес отырысы өткізілгеннен кейін Кеңес хатшысы хаттама ресімдейді.
Ескерту. Ереже 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.14-2. Кеңес шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға қатысып отырған Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Кеңес мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Кеңестің есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Кеңес отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Кеңес хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Кеңес мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Кеңес мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
Ескерту. Ереже 14-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.14-3. Дауыс беру парақтарымен қоса, Кеңес материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
Ескерту. Ереже 14-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.15. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 871 қаулысымен.
16. Кеңес Қазақстан Республикасының жетекшi конфессиялар басшылары, дiнтанушы ғалымдар, мемлекеттiк басқару органдарының қызметкерлерi және қоғамдық қайраткерлер қатарынан жасақталады. Кеңес мүшелерi өз мiндеттерiн қоғамдық негiзде жүзеге асырады.
17. Кеңестiң құзыретiне қатысты қажеттi материалдарды әзiрлеу үшiн ұйымдар, сондай-ақ ғалымдар мен жоғары бiлiктi мамандар тартылуы мүмкiн.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 871 қаулысымен.18. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.15 N 871 қаулысымен.
5. Кеңестiң қызметiн тоқтату тәртiбi
19. Кеңес өз қызметiн Нұсқаулыққа сәйкес тоқтатады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 27 шілдедегі N 1140 қаулысымен бекiтiлген |
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.10.2016 № 594 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті құрылымдық бөлімшесінің басшысы, хатшы
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Астана қаласы әкімінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі (келісім бойынша)
Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасындағы Орыс шіркеуі Митрополиттік округ басшысы, Астаналық және Қазақстандық Митрополит (келісім бойынша)
"Нұр-Мүбарак" Мысыр ислам Мәдениеті университеті" жеке мекемесінің проректоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің "Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы" мемлекеттік мекемесінің директоры
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің "Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы
теріс пиғылды діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтары қауымдастығының директоры (келісім бойынша)
"Қазақ гуманитарлық заң университеті" акционерлік қоғамының әлеуметтік-психологиялық пәндер кафедрасының профессоры (келісім бойынша)
"Еуропа құқығы және Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары институты" қоғамдық бірлестігінің директоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының оку жұмысы жөніндегі вице-ректоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының доценті