1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 7-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2011 жылғы 22 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі |
2012 жылғы қаңтар |
2. |
«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі |
2012 жылғы қаңтар |
3. |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі |
2012 жылғы қаңтар |
4. |
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, |
2012 жылғы қаңтар |