Ана мен баланың өмір сүру және әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру, табысы аз отбасыларын қосымша әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін жағдай жасау және Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын әлеуметтік-экономикалық қолдау саласындағы мемлекеттік органдардың «БОТА» қоғамдық қорымен өзара іс-қимылын іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған қаржыландырылуы «БОТА» қоғамдық қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен «БОТА» қоғамдық қорының бірлескен іс-қимылының 2012 – 2013 жылдарға арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары:
1) Жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 10-күніне дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 20-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 1 ақпандағы
№ 20-ө өкімімен
мақұлданған
Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен «БОТА» қоғамдық
қорының бірлескен іс-қимылының 2012 - 2013 жылдарға арналған
жоспары
Р/с |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
1 |
«БОТА» ҚҚ бағдарламалары туралы толық ақпаратты ұсыну |
Үкіметке ақпарат |
Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 20-күніне дейін |
Әділетмині, «БОТА» ҚҚ |
2 |
Кедейлікті төмендетуге, жұмыспен қамтуды арттыруға, атаулылыққа, неғұрлым тиімді әлеуметтік қызметтерге бағытталған шараларды қабылдау |
Әділетминіне ақпарат |
Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 10-күніне дейін |
Еңбекмині, «БОТА» ҚҚ |
3 |
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуді, инклюзивті және техникалық кәсіптік білім берудің қол жетімділігін арттыру, балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету |
Әділетминіне ақпарат |
Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 10-күніне дейін |
БҒМ, Облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері, «БОТА» ҚҚ |
4 |
«БОТА» ҚҚ-ның қызметкерлеріне және грант алушыларына заңнамада белгіленген тәртіппен арнайы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұсталатын білім ұйымдарына қол жетімділікті қамтамасыз ету |
Әділетминіне ақпарат |
Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 10-күніне дейін |
БҒМ, «БОТА» ҚҚ |
5 |
Әйелдердің репродуктивті денсаулығы мен балалардың денсаулығын қорғау бойынша медициналық көмекке қол жетімділікті жақсарту бойынша шаралар қабылдау |
Әділетминіне ақпарат |
Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 10-күніне дейін |
ДСМ, «БОТА» ҚҚ |
6 |
Облыстар, Астана, Алматы қалалары бөлінісіндегі кедейлік деңгейі жөніндегі деректерді ұсыну |
Әділетминіне ақпарат |
Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 10-күніне дейін |
СА, «БОТА» ҚҚ |
7 |
«Бота» ҚҚ-ның қызметкерлеріне және грант алушыларға заңнамада белгіленген тәртіппен тәрбиелеу колонияларындағы қол жетімділікті ұсыну |
Әділетминіне ақпарат |
Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 10-күніне дейін |
ІІМ, «БОТА» ҚҚ |
8 |
Табысы аз халық үшін денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау қызметтеріне қол жетімділікті және пайдалануын арттыру; |
Әділетминіне ақпарат |
Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 10-күніне дейін |
Облыстық және аудандық әкімдіктер, «БОТА» ҚҚ |
9 |
Ұйымдастырушылық және техникалық қолдау; |
Әділетминіне ақпарат |
Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 10-күніне дейін |
Мәдениетмині, «БОТА» ҚҚ |
10 |
«БОТА» қорын ағымдағы конкурстар (тендерлер) жүзеге асырылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бағыттары туралы хабардар ету; |
Әділетминіне ақпарат |
Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 10-күніне дейін |
Еңбекмині, жергілікті атқарушы органдар |
11 |
«БОТА» қорын ағымдағы конкурстар (тендерлер) жүзеге асырылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бағыттары туралы хабардар ету; |
Әділетминіне ақпарат |
Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 10-күніне дейін |
ДСМ |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Мәдениетмині – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
СА – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
«Бота» ҚҚ - «Бота» қоғамдық қоры
МДОТ – мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу