Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен "БОТА" қоғамдық қорының бірлескен іс-қимылының 2012 – 2013 жылдарға арналған жоспарын мақұлдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 20-ө Өкімі

      Ана мен баланың өмір сүру және әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру, табысы аз отбасыларын қосымша әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін жағдай жасау және Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын әлеуметтік-экономикалық қолдау саласындағы мемлекеттік органдардың «БОТА» қоғамдық қорымен өзара іс-қимылын іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қоса беріліп отырған қаржыландырылуы «БОТА» қоғамдық қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен «БОТА» қоғамдық қорының бірлескен іс-қимылының 2012 – 2013 жылдарға арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары:
      1) Жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 10-күніне дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 20-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2012 жылғы 1 ақпандағы
№ 20-ө өкімімен   
мақұлданған    

Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен «БОТА» қоғамдық
қорының бірлескен іс-қимылының 2012 - 2013 жылдарға арналған
жоспары

Р/с

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

«БОТА» ҚҚ бағдарламалары туралы толық ақпаратты ұсыну

Үкіметке ақпарат

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 20-күніне дейін

Әділетмині, «БОТА» ҚҚ

2

Кедейлікті төмендетуге, жұмыспен қамтуды арттыруға, атаулылыққа, неғұрлым тиімді әлеуметтік қызметтерге бағытталған шараларды қабылдау

Әділетминіне ақпарат

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 10-күніне дейін

Еңбекмині, «БОТА» ҚҚ

3

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуді, инклюзивті және техникалық кәсіптік білім берудің қол жетімділігін арттыру, балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету

Әділетминіне ақпарат

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 10-күніне дейін

БҒМ, Облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері, «БОТА» ҚҚ

4

«БОТА» ҚҚ-ның қызметкерлеріне және грант алушыларына заңнамада белгіленген тәртіппен арнайы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұсталатын білім ұйымдарына қол жетімділікті қамтамасыз ету

Әділетминіне ақпарат

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 10-күніне дейін

БҒМ, «БОТА» ҚҚ

5

Әйелдердің репродуктивті денсаулығы мен балалардың денсаулығын қорғау бойынша медициналық көмекке қол жетімділікті жақсарту бойынша шаралар қабылдау

Әділетминіне ақпарат

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 10-күніне дейін

ДСМ, «БОТА» ҚҚ

6

Облыстар, Астана, Алматы қалалары бөлінісіндегі кедейлік деңгейі жөніндегі деректерді ұсыну

Әділетминіне ақпарат

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 10-күніне дейін

СА, «БОТА» ҚҚ

7

«Бота» ҚҚ-ның қызметкерлеріне және грант алушыларға заңнамада белгіленген тәртіппен тәрбиелеу колонияларындағы қол жетімділікті ұсыну

Әділетминіне ақпарат

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 10-күніне дейін

ІІМ, «БОТА» ҚҚ

8

Табысы аз халық үшін денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау қызметтеріне қол жетімділікті және пайдалануын арттыру;
әлеуметтік тұрғыдан осал халықтың барлық қызметке қол жетімділігін және пайдалануын арттыру;
кәсіби білім орталықтарына қол жетімділікті және пайдалануды арттыру;
әлеуметтік қызметтерді жақсарту;
МДОТ-ге қол жетімділікті және оны пайдалануды арттыру;
«БОТА» ҚҚ-ның бағдарламалық қызметін кеңінен насихаттау және тиісті аймақтарда оларға қатысу мүмкіндігі

Әділетминіне ақпарат

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 10-күніне дейін

Облыстық және аудандық әкімдіктер, «БОТА» ҚҚ

9

Ұйымдастырушылық және техникалық қолдау;
ТВ бағдарламалары және баспасөз материалдары, репортаждар, мақалалар, жаңалықтар, тұрақты негізде дыбыс жазба өнімі арқылы «БОТА» ҚҚ-ның бағдарламалары туралы оң беделін қалыптастыру;
«БОТА» ҚҚ-ның бағдарламалары және бенефициарлары туралы хабардарлықты арттыру;
«БОТА» ҚҚ-ның ақпараттық материалдарын трансляциялау және жариялау үшін эфирлік уақытын және баспасөз алаңын беру

Әділетминіне ақпарат

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 10-күніне дейін

Мәдениетмині, «БОТА» ҚҚ

10

«БОТА» қорын ағымдағы конкурстар (тендерлер) жүзеге асырылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бағыттары туралы хабардар ету;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілерінің тізімін, қаржыландыру көлемiн көрсете отырып, ұсыну

Әділетминіне ақпарат

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 10-күніне дейін

Еңбекмині, жергілікті атқарушы органдар

11

«БОТА» қорын ағымдағы конкурстар (тендерлер) жүзеге асырылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бағыттары туралы хабардар ету;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілерінің тізімін, қаржыландыру көлемiн көрсете отырып, ұсыну

Әділетминіне ақпарат

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 10-күніне дейін

ДСМ

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Мәдениетмині – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
СА – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
«Бота» ҚҚ - «Бота» қоғамдық қоры
МДОТ – мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады